Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
 
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ 
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 
Заманымыздың 
аса 
маңызды 
өркениетті 
әлеуметтік 
құндылықтарының бірі ретінде және оның қалыпты түрде одан әрі 
дамуына немесе бүтіндей қоғамның не адамның мүдделеріне нұқсан 
келтірмеуіне қажетті шарттардың бірі болып бейбітшілік пен адамзат 
қауіпсіздігі танылады. 
1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексімен қорғалатын қылмыстық-құқықтық объектілерінің 
бірі ретінде бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі болып отыр. 
Жаңа ҚК Ерекше бөлімінде жеке тарау ретінде бейбітшілік пен 
адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар бөлініп қарастырылады. 
Заң әдебиеттерінде айтылғандай бейбітшілікті, адамзатты қорғауды 
және бүкіл дүниежүзілік халықаралық қауымдастықтың ғұмырлық мәні 
бар мүдделерін қамтамасыз етуге тұғыр болатын халықаралық құқық 
қағидаларын бұрмалауға немесе бұзуға апарып соқтыратын және де 
адамның жеке басына аса қауіп төндіретін құқыққа қайшы әрекеттер 
халықаралық қылмыстар деп танылады.
Халықаралық құқық бойынша бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне 
қарсы қылмыстардың жауаптылығын белгілейтін нормалардың бастауы 
болып екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына кінәлі Германияның 
басты әскери қылмыскерлері мен Токио Халықаралық әскери трибуналық


Жарғысы болып есептеледі. Бұл Жарғыда адамзатқа қарсы қылмыстардың 
анықтамасы белгіленбесе де ондай әрекеттер үшін қылмыстық 
жауапкершіліктің негіздері орын ала отырып, олар белгілі бір реттілікпен 
топтастырылған болатын. 
1947 жылы 177 БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюция-сымен, 
халықаралық құқық Комиссиясына бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне 
қарсы қылмыстар туралы Кодекс жобасын жасауды тапсырды (осы 
уақытқа дейін осы қылмыстардың жаңа, ресми атауының қалыптасуының 
қатыстылығы бар). Аталған жобаны талқылау мен ол туралы жұмыстың 
мерзімі он жылдың ішінде аяқтала қойған жоқ, тек 1991 жылы 
халықаралық құқық Комиссия-сы өзінің 43-ші сессиясында алдын ала 
тәртіп бойынша Кодекс жобасының алғашқы оқылымында қабылданып, 
БҰҰ Бас Хатшысы арқылы үкімет басқармаларына талқылауға жібертілді. 
Кодекстің жобасы, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы 
қылмыстар қатарына 12 құрамды енгізген: 
1)
агрессия; 
2)
агрессиямен қорқыту; 
3) басқа бір мемлекеттің ішкі немесе сыртқы ісіне араласу; 
4) отаршылдық үстемдік; 
5) геноцид; 
6) апартеид; 
7) адамның құқықтарын жүйелі түрде жаппай бұзу; 
8) айрықша қатерлі әскери қылмыстар; 
9) жалдамалы адамдарды тарту, пайдалану, қаржы-ландыру және 
дайындау; 
10) халықаралық терроризм; 
11) есірткі заттардың заңсыз айналымы; 
12) қоршаған ортаға алдын ала ауыр зиян келтіруді ойластыруы 
арқылы жүзеге асыру. 
Қалыптасқан тәжірибе бойынша, халықаралық құқықтық актілерде 
әрекеттің қылмыстығы белгіленгенімен де жазаның мөлшері мен мерзімі 
(санкциясы) белгіленбеген. Әдеттегідей, әдебиеттерде аталған 
халықаралық қылмыстар үшін тағайындалатын жаза түрлері әрбір 
мемлекеттің арасында өз қылмыстық заңдарына сәйкес қолданылады деп 
сілтеме жасайды. 
Аталған кодекстің жобасы, Нюрнберг Жарғысымен салыстырғанда, 
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың шеңберін 
едәуір көбейткен. 22 мемлекеттен түскен ескертудің болуы өзгертулер мен 
толықтырулар есебінде аталған жобаға септігін тигізді. Басқа мемлекеттің 
ішкі немесе сыртқы ісіне араласу, отаршылдық үстемдік, апартеид, 
адамның құқықтарын жүйелі түрде бұзу, жалдамалық, халықаралық 
терроризм, есірткі заттардың заңсыз айналымы, қоршаған ортаға алдын ала 
ауыр зиян келтіруді ойластыруы, жүзеге асыруы сияқты қылмыс 
құрамдарын кодекске енгізілуіне шартты түрде қарсылық білдіреді. 


Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың бұл 
классификациясын даусыз не болмаса біртұтас деп айтуымызға болмайды. 
Мысалы, басқа тұрғыда, яғни халықаралық қылмыстардың тізімі, 
халықаралық қылмыстық сот уставы жобасының 20-бабында өзгеше 
белгіленген. 
Аталған топтастыруды, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы 
қылмыстарды белгілейтін кодекс жобасымен салыстырсақ анағұрлым 
даулы не болмаса бәсеке тудырады, себебі бейбітшілік пен адамзат 
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың қатарына халықаралық сипаттағы 
қылмыстар жатқызылған, деген Б.В.Здравосмысловтың басылымымен 
жарық көрген Ресей Федерациясы қылмыстық құқығы Ерекше бөлімі 
оқулығының авторларының пікірімен келіскеніміз жөн. ҚР-ның жаңа 
Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстар жөніндегі нормалар да 
қамтылған. Олар: жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату; 
адамды кепілге алу; есірткі заттардың заңсыз айналымы; әуе кемесін 
заңсыз айдап әкету сияқты т.б. көптеген баптар.
Жинақталған халықаралық актінің қабылдануына кедергі келтіріп 
отырған бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін 
қылмыстың жауаптылықтың күрделі мәселелерінің бірі ретінде осы күнге 
дейінгі реттелген халықаралық сот органы туралы мәселелердің сұрақтары 
болып отыр. 
Мысалы, АҚШ елдері мұндай қылмыстар үшін қудалау тәртібі 
көрсетілмегендіктен, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы 
қылмыстар туралы кодекстің қабылдауына қарсылық білдірді. АҚШ 
үкіметі бұл қылмыстардың түрімен күресудің тиімділігін, жобаны өңдеуді 
жалғастырудан емес, керісінше, аталған қылмыстарды тергеуде және 
кінәлі 
адамдарды 
жауапқа 
тарту 
үшін 
елдердің 
арасындағы 
қауымдастықты күшейту қажет деп тапты. 
Дегенмен де, бірқатар мемлекеттердің талқылауымен Комиссияның 
46-шы сессиясында 1994 жылғы ма-мыр-шілде аралығында, Халықаралық 
қылмыстық соттың жобасы өңделді. Сонымен, бейбітшілік пен адамзат 
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жататын әрекеттерді анықтау мәселесі 
халықаралық құқықта әзірше шешілмеген күйінде қалып отыр және оның 
бәсекелік мәселелері әзірше шешілмегендіктен ұзаққа созылмақшы, бұл 
әрине, ұлттық қылмыстық заңда анықталуын едәуір қиындыққа әкеп 
соқтырады. 
Мұндай мәселе Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық 
кодексінің жобасын өңдеушілерінің алдында да тұрды. Бірақ бұл 
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы жаңа ҚК-і 
тарау, осы қылмыстармен күресудегі халықаралық талаптарға сәйкес 
екендігімен көрініп отыр. 
Аталған тарауға тоғыз қылмыс құрамы енгізілген. Олардың 
қатарындағы алты қылмыс құрамы ұлттық заң шығарушы органға 
жаңалық болып отыр: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, 
тұтандыру немесе жүргізу (ҚК, 156-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру 


немесе тарату (ҚК, 158-б), соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары 
мен әдістерін қолдану (ҚК, 159-б), геноцид (ҚК,160-б), экоцид (ҚК, 161-б) 
және халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл 
жасау (ҚК, 163-б),
ал қалған үш қылмыс құрамы Қаз ССР 1959 ж. ҚК-де 
бұрыннан белгілі: соғысқа үгіт насихат жүргізу (57-б), жалдамалық (62-
2б), әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру 
(60-б). Аталған баптар жаңа Қылмыстық кодексте жаңартылған түрде 
белгіленген. 
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі, яғни мемлекеттердің және 
халықтың өмір сүруін немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық 
құқық нормаларын және халықаралық әлемнің бейбіт өмірін сақтаудағы 
қоғамдық қарым-қатынас аталған жаңа тараудың текті объектісі болып 
табылады. 
Кейбір қылмыстар тобының қатарында міндетті белгілері болып 
қылмыстың заты танылады. Мысалы, ҚК-тің 158-бабы мен 159-бабының 2-
бөлігінде аталған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен 
тыйым салынған химиялық, биологиялық және басқа да жаппай қырып-
жою қаруын атауымызға болады. Соғыс жүргізудің тыйым салынған 
құралдары және әдістерін қолдануда (ҚК,159-б) қылмыстың заты болып 
ұлттық мүлік табылады. Экоцидте қылмыс заты болып, өсімдіктер немесе 
жануарлар дүниесі, атмосфера, жер немесе су ресурстары танылады. 
Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл 
жасаудың құрамында қылмыс заты болып қызметтік немесе тұрғын үй-
жайлары не көлік құралдары танылады. 
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 
көпшілігінің қылмыс құрамы жалпы формальды болып келеді. 
Олар объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қоғамға қауіпті 
әрекет жасауды қамтиды, ал қоғамға қауіпті зардаптардың түсуі қылмыс 
құрамының шеңберінен тыс жатыр. Жалдамалық (ҚК,162-б), халықаралық 
қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК,163-б), 
әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру 
сияқты (ҚК, 164-б) дәрежеленген құрамдары ондай белгілерді қамтыған. 
Аралас құрылымды құрамға экоцидті жатқызуға болады, себебі ол жерде, 
экологиялық апатты туғызатын немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-
әрекеттерді жасауды заң шығарушы қылмыстың объективтік жағының 
белгісі ретінде анықтап көрсетіп отыр. Демек, осы іс-әрекеттер үшін ғана 
кінәлік пайда болады. 
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, негізінен, 
белсенді әрекеттер арқылы жасалынады. Кейбір қылмыс құралының 
объективтік жағы (мысалы, тыйым салынған соғыс жүргізу құралдары мен 
тәсілдерін қолдануда) міндетті белгісі болып, қылмыс жасаудың жағдайы
қарулы қақтығыстар және әскери қимылдар кезіндегі жасалған орны - 
оккупацияланған ай-мақ болып танылады. Қылмыстың жасалу әдісі 
(тәсілі), соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдісін қолдануда 


(ҚК, 159-б), геноцид (ҚК, 160-б) сияқты қылмыстарда орын алатындығын 
заң шығарушымен атап көрсетілген. 
ҚК Ерекше бөлімі, аталған тарауында белгіленген қылмыстардың 
субъективтік жағы, яғни экоцидті қоспағанда, кінәліктің нысаны бойынша 
тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кейбір қылмыстардың субъективтік 
жағының міндетті белгісі ретінде, заң шығарушылар қылмыс жасаудағы 
арнайы мақсаты сипатталады (мысалы, геноцидтің мақсаты ұлттық, 
этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жоюға 
бағытталуы; халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға 
шабуыл жасауда - соғысқа арандату немесе халықара-лық жағдайды 
шиеленістіру мақсатында жасалынады. 
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 
субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс адам танылады. Кейбір қылмыстар 
құрамында арнайы субъектілерді қамтиды: мемлекеттік жауапты қызмет 
атқарып отырған лауазымды адам (ҚК, 157-б.2-бөлігі), өзінің қызмет 
бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасауы 
(ҚК, 164-б. 2-бөлігі) және т.б. 
Заң әдебиеттерінен аталған қылмыс топтарының тікелей объектісіне 
байланысты әр түрлі топтастыруды кездестіруге болады. Бұл 
топтастыруды (классификациялау) шартты деп айтуға болады, себебі оқу 
мақсатында аталған түсіндірмелерді оңай игеруіміз үшін жасалынады. 
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды былайша 
төмендегідей топтастыруға болады: 
1. 
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты 
жоспарлау, 
әзірлеу, 
тұтандыру 
немесе 
жүргізу 
(ҚК,156-бап); 
басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде 
шақыру (ҚК,157-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату 
(ҚК,158-б); 
2. Әскери қылмыстар: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары 
мен әдістерін қолдану (ҚК,159-б); 
3. Адамзатқа қарсы қылмыстар: геноцид (ҚК,160-б), экоцид (ҚК,161-
б); 
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы басқа да қылмыстар:
а) қарулы қақтығыстарды реттейтін құқықтық қағидаларға қарсы 
қылмыстар; жалдамалылық (ҚК,162-б);
б) халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдардың 
құқықпен реттелетін қағидаларына қол сұғатын қылмыстар; халықаралық 
қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК,163-б);
в) ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықтың қозуына тыйым 
салатын халықаралық құқыққа қарсы қылмыстар, әлеуметтік, ұлттық, 
рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК,164-б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет