Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
 
МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ 
ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 


1.Мемлекеттіњ конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы 
қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
2.ҚР сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
3.ҚР саяси жүйесіне қарсы қылмыстар. 
4.Биліктіњ зањдылығына қарсы қылмыстар.
5.Мемлекеттік құпияларға қол сұғатын қылмыстар.
6.Мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. 
Республиканың егемендік алуына және дербес субъект ретінде 
дүниежүзілік қоғамдастыққа кіруіне байланысты елде қылмыстық заңды, 
соның ішінде мемлекеттік қылмысқа қарсы күресу жөніндегі заңды 
реформалаудың жаңа кезеңі басталып, ол 1997 жылғы 16 шілдеде 
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаумен 
аяқталды. 
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл 
қылмыстарға (жеке адамға қарсы қылмыстардан - 1 тарау, отбасына және 
кәмелетке жасы толмағандарға қарсы қылмыстардан - 2 тарау, адамның 
және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы 
қылмыстардан - 3 тарау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы 
қылмыстардан - 4 тарау, кейінгі бесінші тарау берілген), сол арқылы 
"мемлекеттің ең басты қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен 
бостандығы" деген конституциялық принципті баянды еткен. 
Бұл қылмыстардың тектік объектісі мемлекеттің конституциялық 
құрылысы мен қауіпсіздігінің негіздері болып табылады. 
Конституциялық 
құрылыс 
негіздері 
деп 
қазіргі 
әдебиетте 
конституциялық құқықтың реттеу объектісі болып табылатын, жекеленген 
мемлекеттердің конституцияла-рында конституциялық құрылыстың 
жекеленген қосалқы жүйелерін құқықтық регламенттеудің жалпы негізін 
қалаушы көзі ретінде белгіленген қоғамдық қатынастарды айқындайтын 
және регламенттейтін принциптер деп түсіндірілген. Конституциялық 
құрылыс негіздері қоғамдық құрылыстың, мемлекеттік биліктің, басқару 
нысандарының, мемлекеттік құрылымның, саяси режимнің басты 
ерекшеліктерін қалыптастырады және конституцияның және оны өрбіту 
ретінде шығарылатын заңдардың бар мазмұнын логикалық және заңдық 
тұрғыдан өзіне бағындырады. 
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 
бірінші 
бөлімінде 
белгіленген. Олар мемлекеттік билік нысанын орнықтырады, адамды, 
халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп санайды, 
Қазақстан Республикасы егемендігінің шеңберін белгілейді, заң 
шығарушы, атқарушы және сот деп бөлінген мемлекеттік билік бірлігі 
принципін баянды етеді, идеологиялық және саяси сан алуандықты 
таниды, мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды. 
Конституция мен басқа да заңдар, нормативтік - құқықтық актілер
халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың жалпы жұрт таныған 
принциптері мен нормалары күшінің арасалмағын анықтайды. Қазақстан 


Республикасының 
Конституциясы 
бірінші 
бөлімінің 
баптарымен 
қорғалатын осы және басқа қазыналар мазмұны қаралып отырған 
қылмыстардың тектік объектісінің ажыратылмас бөлігі ретінде 
конституциялық құрылыс негіздері болып табылады. 
Тектік объектінің екінші бөлігі ретіндегі қауіпсіздік дегеніміз - 
адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі 
және сыртқы қателерден қорғалуы. Өмірлік маңызы бар мүдделер - 
қажеттер жиынтығы, олардың қанағаттандырылуы адамның, қоғамның 
және мемлекеттің өмір сүруін және прогресті даму мүмкіндігін сенімді 
түрде қамтамасыз етеді. Қауіпсіздіктің негізгі объектілері: мемлекеттің 
конституциялық құрылысы, егемендігі, қорғаныс қабілеті және аумақтық 
тұтастығы. 
Конституциялық құрылыс - әлеуметтік - құқықтық қатынастар мен 
институттардың шүбәсіз рухани және конституциялық талаптарға 
бағындырылған, қоғамдық практика мен құқықтық санада адам, 
адамзаттық қоғам және мемлекет арасындағы тұрақты, әділ, ізгі және 
құқықтық байланыстардың орнығуына жәрдемдесетін негіз қалаушы 
реттегіштер жиынтығына негізделген біртұтас жүйесі. 
Егемендік - ел ішінде мемлекеттік биліктің үстемдік етуі және сыртқы 
саяси саладағы оның тәуелсіздігі. 
Егемендік - мемлекеттік биліктің, сондай-ақ жалпы мемлекеттің 
дербестігі мен тәуелсіздігінің аса маңызды белгісі. 
Қорғаныс қабілеті - экономикалық, әскери, әлеуметтік-рухани,
мемлекет егемендігі мен аумақтық тұтастығының сыртқы шабуылдан 
қорғалуын қамтамасыз етуге қабілетті жағдайы. 
Аумаққа қол сұғылмауы - Қазақстан Республикасы аумағының 
тұтастығы, ажыратылмағандығы және құрлық, су, әуе арқылы өтетін 
мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы. 
Қылмыстардың кейбір құрамдарында қол сұғатын зат дербес белгі 
ретінде көрсетілген. Мәселен, шпиондық жасау кезінде (ҚК 166-бабы) 
мемлекеттік және әскери құпия болып табылатын мәліметтер қылмыс 
нысандары болып табылады. ҚК-тің 170-бабында олар - өкіметті күштеп 
басып алуға, өкіметті күшпен ұстауға, мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге 
немесе конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бірлігін 
күшпен бұзуға шақыратын үндеулер бар материалдар. Диверсияда (ҚК 
171-бабы) қылмыс заты кәсіпорындар, құрылыстар, қатынас жолдары мен 
құралдары, бай-ланыс құралдары мен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету 
объектілері болып табылады. Мемлекеттік құпиясы бар құжаттар, сондай-
ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын заттар да 
қылмыс заты бола алады (ҚК 173-бабы). 
Мемлекеттің 
конституциялық 
құрылысы 
мен 
қауіпсіздігінің 
негіздеріне қарсы барлық дерлік қылмыстардың объективтік жағына - іс-
әрекеттер тән. Тек мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (ҚК 172-
бабы), мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту (ҚК 174-бабы) ғана 


объективтік жағынан іс-әрекет деп те, әрекетсіздік деп те сипатталуы 
мүмкін. Мемлекеттік құпияны жария етуді, мемлекеттік құпиясы бар 
құжаттарды жоғалтып алуды, сондай-ақ диверсияның үш түрін заң 
шығарушы материалдық құрамға жатқызған, ал қалған құрамдар 
формальды болып табылады, яғни қылмыстар, қандай да болсын зиянды 
зардаптары бар болғанына қарамастан, заңда сипатталған іс-әрекеттер 
жасалған сәттен бастап аяқталды деп саналады. 
Қылмыстардың қаралып отырған тобының, мемлекеттік құпияны 
жария етуден және мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалтып алудан 
басқаның, субъективтік жағына кінәнің қасақаналығы тән, ал қасақаналық 
тек тікелей болуы мүмкін. Материалдық құрамдарда: кінәлі адам өзі 
жасайтын іс-әрекеттердің қоғамдық-қауіпті сипатын түсінеді, қоғамдық 
қауіпті зардаптардың болуының ықтимал екенін немесе сөзсіз болатынын 
болжайды және сондай зардаптар болғанын қалайды, ал формальды 
құрамдарда - жасайтын іс-әрекетінің және сондай-ақ іс-әрекеттер жасау 
ниетінің қоғамдық қауіпті сипатын адамның түсінуі және тілеуі жеткілікті. 
Кейбір құрамдар субъективті жақтың міндетті нышаны ретінде белгілі бір 
мақсат: Қазақстан Республикасының Сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігін 
бүлдіру немесе әлсірету (ҚК 165-бабы), мемлекеттік немесе өзге саяси 
қызметті тоқтаттыру (ҚК 167-бабы), Қазақстан Республикасының 
конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның 
аумақтық тұтастығын күшпен бұзу (ҚК 170-бабы), Қазақстан 
Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне 
нұқсан келтіру (ҚК 171-бабы) мақсатын көздейді. Мемлекеттік немесе 
қоғам қайраткерінің өміріне қастандық белгілі бір себеппен - 
жәбірленушінің мемлекеттік немесе өзге саяси қызметі үшін кек алу 
мақсатымен (ҚК 167-бабы) жасалуы мүмкін. Мемлекеттік құпиясы бар 
құжаттарды жоғалту құрамы кінәнің абайсыздығымен сипатталады. 
Мемлекеттің 
конституциялық 
құрылысы 
мен 
қауіпсіздігінің 
негіздеріне қарсы қылмыстар субъектілері 16 жасқа толған, жауаптылыққа 
қабілетті адамдар болуы мүмкін. Кейбір қылмыстар арнайы субъект: 
Қазақстан Республикасының азаматы (ҚК 165-бабы), шетелдік азамат және 
азаматтығы жоқ адам (ҚК 166-бабы), мемлекеттік құпия сеніп 
тапсырылған немесе қызметі не жұмысы бойынша белгілі болған адам (ҚК 
172-бабы), мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар адам (ҚК 
173-бабы), Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен запасқа 
шыққан адам (ҚК 174-бабы) тарапынан жасалуы ықтимал және т.б. 
Тікелей объектіге (оның жоғарыда аталған түрлеріне) байланысты 
конституциялық құрылыс пен қауіпсіздік негіздеріне қарсы барлық 
қылмыстарды (белгілі бір шарттылықпен) былайша жіктеуге болады:
1. Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне 
қарсы бағытталған қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (ҚК 165-бабы) 
және шпионаж (ҚК 166-бабы); 
2. Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы бағытталған 
қылмыстар: мемлекеттік немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық 


жасау (ҚК 167-бабы), өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен 
ұстап тұру (ҚК 168-бабы), қарулы бүлік (ҚК 169-бабы), Қазақстан 
Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе 
өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (ҚК 170-
бабы). 
3. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне 
қарсы бағытталған қылмыстар: ди-версия (ҚК 171-бабы); 
4. Мемлекеттік құпияның сақталуына қол сұғатын қылмыстар: (ҚК 
172, 173-баптары); 
5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтау тәртібіне 
қарсы қылмыстар (ҚК 174-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет