Адамзаттың рухани ұстаздарының еңбектерінен үзінділер



бет1/5
Дата03.06.2022
өлшемі77,68 Kb.
#145815
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
30 сабақ
5 сынып 3 токсан, Оқушының динамикалық даму күнделігі Перевод РУС, миф макала, Мифопоэтика 26-27 билет, VI

Шынайы көшбасшылық негіздері

Құндылық: Ақиқат


№29 Сабақ
Сабақ тақырыбы Сөйлеу мәдениеті


Мақсаты: Ұлы ойшылдардың шығармаларындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу
Міндеттері:
  • Айналаңыздағы адамдармен оң қарым-қатынасты қалай құруға болады?
  • Әр адамда, әр жағдайда жақсы нәрсені көруге деген ұмтылыс.
  • Біз айтқан ойлар мен сөздер үшін жауапкершілік.
  • Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:
  • Адам өміріндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіреді
  • Жалпыадамзаттық құндылыққа қайшы келмейтін түрлі өмірлік жағдаяттарды бағалау кезінде әділ шешім қабылдайды

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: шынайылық, сенімділік, дұрыс әрекет


Татулық
Өзін өзі танудың 5 «Т» ережесі
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық

Жағымды көңіл-күйге келу «Нұрға бөлену»

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет