«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ»



Дата15.01.2023
өлшемі12,23 Kb.
#165587
Байланысты:
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ


«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ»
Табиғат-асыл қазынасын тірі ағзамен байланыстыратын, кез келген ағзаға өмір сыйлайтын ерекше жаратылыс. Бойындағы әрбір жаратылысты адамзаттың өмір сүруіне, тамсануына, жайлылық табуына арнаған. Қай жерде болсаң да, қай жерге барсаң да, табиғаттың сұлулығына көз тоймайтыны анық. Неліктен? Себебі әлемнің әр бөлігінен көз тоярлық жайлы орын табу қиындық тудырмайды.
Ерте заманнан осы кезеңге дейін әсемдігін сақтаған табиғатты аялау-адамзатқа берілген міндет. "Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ",-демекші, табиғаттың тілі жоқ болса да, біздің әрбір әрекетімізді табиғаттың сезетіні анық. Қазіргі таңда кейбір адамдар табиғатқа келетін зиянды ескермей, өз ойындағы түрлі іс-шараларды жүзеге асыруға тырысады. Әрине, әрбір адамның өмірге келген соң, мақсаты мен міндеттері бар, бірақ бұл мақсатты жасау үшін табиғатты құрбан қылудан сақтану керек. Мысалға айтар болсам, түрлі заводтар, адамдардың суға тастайтын қоқыстары, қайта қалпына келмейтін ресурстар осылардың барлығы табиғатқа әлі күнге дейін үлкен зиян тигізуде. Бұл іс-әрекетіміз алдағы уақытта жалғасатын болса, табиғаттың ғана емес тірі ағзаның да жойылып кетуге деген болжамы көбеюі мүмкін.. Сондықтан да, табиғатты сақтау немесе құрбан қылу адамзаттың қолында. Табиғатқа қалай қарасақ, солай жауап аламыз емес пе? Мен солай дер едім, себебі қазіргі таңда дүниежүзілік проблемалар көбейіп жатыр, бұлардың барлығы адамзаттың жасап отырған іс-әрекеті.Кейбір адамдар табиғатты сақтауға жол ашса, кейбірі қарама-қарсы бағытта жұмыс жасауда. Жақында ғана табиғатты сақтауға жол ашқан топ әлеуметтік желіде көптеген адамдарға ой тастады. Қазірден бастап табиғатты сақтауға жол ашу, болашаққа үлкен жетістік. Осы секілді топтар көбейсе, адамдардың табиғатты қадірлей білуі де артатын еді. Өнеркәсіп орындарын тиімді пайдалану , шет елдер секілді қоқыстарды өңдеп, жаңа заттарды қайта шығару, қоқыс тастағаны үшін айыппұл салу секілді міндеттер бізге де жүктелсе, табиғат ананың риза болары анық.
Қорытындылай келер болсам, табиғатпен тепе-теңдікті сақтау әлемдік деңгейде маңызды. Табиғатты ретке келтіру немесе қалпынан тайдыру айтқанымдай, өзіміздің қолымызда. Әркім табиғатқа қамқорлық жасаса, ал қамқорлығын өз ауылынан, туған жерінен бастаса, кейін оның жетістіктері туындайды. Бұл жетістіктердің келер ұрпаққа тигізетін үлесі өте жоғары. Адамдар алғысын білдірмесе де, табиғат ананың сізге алғысын білдірері анық!
Амангелді атындағы орта мектебі
10 «Б» сынып білім алушысы
Әбдіманап Аяулым

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет