Кұрғақ тұзды ерітіндіден қалай бөліп алуға болады?
Айрылу, алмасу, қосылу, орынбасу реакциялары дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.
Суды электр тогымен айырғанда қандай заттар түзіледі?
Мына берілген реакция тендеулерін теңестіріп, типіне қарай үш топқа бөліңдер.
Ag + S Ag2S MgCO3 MgO+CO2 Mg + O2 MgO CuO + H2 Cu + H2O
AgBr Ag + Br2H2S +C12 HC1 + S
Mg + HC1 MgCl2 + H2N2 + H2 NH3 HgO Hg + 02 8 . Мыстың оттегімен әрекеттесу нәтижесінде мыс оксиді түзлуінің химиялық тендеуі: Сu + О2 CuO. Осы теңдеуге сүйене отырып қанша мыс (П) оксиді түзілгенін есептеңдер. Егер а) 3 моль мыс; б) 16 г мыс берілсе.
9. Кальций карбонатыньң айрылу реакциясының теңдеуі.
Әр текті қоспадан таза заттарды бөліп алу Жұмыстың мақсаты. Қоспадан таза заттарды бөлу әдістерімен (тұндыру, бояу, сүзу, суалту, айдау, т.б.) оқушыларды таныстыру. Еритін заттарды ерімейтін қоспалардан ажырату тәсілімен таныстыра отырьш, қағаз сүзгі дайындау, ерітінділерді сүзу, тұзды су ерітіндісін буландырып тұзды кұрғатып aлy сияқты сарамандық іскерліктерге дағдыландыру.
Құрал-жабдықтары. Сүзгі қағазы, қайшы, құйғыштар, шыны таяқша, кішкене сақиналы штатив, химиялық стакандар, кұм, ағаш үгінділері, кәрден чашкелер.
Реактивтер. Бор ұнтағы, керосин, күміс оксиді, мыс (II) гидроксокарбонаты (малахит), күкірт ұнтағы, тотықсыздандырылған темір ұнтағы, темір шеге, әк суы.