Қадірлі досымыз Абай Тасболатұлы!



Дата07.02.2022
өлшемі11,24 Kb.
#89058
Байланысты:
адресат


Қадірлі досымыз Абай Тасболатұлы!
Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі мерейлі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізбен сонау бала кезден таныс-біліс, құрбы-құрдастар Сізді үлгі тұтар азамат, ұлағатты әке, Сізбен мақтанамыз.
Аймандай асыл жар тауып, балаларыңызды өсіріп, шырайлы шаңырақтың берік тұғырын орнаттыңыз. Бұл Сіздің өмірдегі ең ұлы жеңісіңіз-жанұялық бақытыңыз.
Сізді өмірден тоқығаны мол, пайым-парасаты зор азамат ретінде білеміз. Саналы ғұмырыңызда ауданымыздың бірнеше мекемесін басқарып, өзіңізді қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратын қызметкер, білікті басшы ретінде таныттыңыз.
Алда көргеніңіз тек қызық болып, ұрпағыңыздың ортасында аман-есен мәуелі бәйтерек болып отыра беріңіз.
Бүгінгі 60 жастың асқарына шыққан мерейтойыңызда Сізге және әулетіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, өмірдің асқан абыройын тілейміз. Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін.
Ізгі ниетпен: Жолдас-Гүлнәр
Миялы селосы
30 тамыз 2020 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет