Ағылшын тілі сабағына қойылатын талаптар



Дата20.04.2022
өлшемі14,84 Kb.
#140067
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Word
Документ Microsoft Word (2), 1.09.20. (1) (1), ЕЖЕЛІ Тест тапсырмалары, 8-сынып нөлдік бақылау

Ағылшын тілі сабағына қойылатын талаптар
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:
1. Әр сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
2. Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру.
3. Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару.
4. Сабақтың алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау.
5. Қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын тудыратын нәрселерді ғана сөйлеп үйрету.
6. Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, таныстыру; ұқсастыру, түрлі әдіс, оңтаймен оқытуды жандандыру.
7. Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекті болу.Оған сай жобаларды дұрыс қолдану.
8. Өзгелерде ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі жақсы көру, оқытушы сүйген нәрсені оқушы да сүйеді.
9. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай- ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
10. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
11. Сабақта оқушылардың білміге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекті және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- деп ескерткен. Сабақта оқушылардың таным белсенділігін арттыру үшін проблемалық жағдаяттар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыру керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндетті.
Оқыту әдістерін үш топқа бөлген:

1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс


2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)
3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет