АҒылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік қҰзыреттілігін дамыту шажалиева Айгерім Райқызы



Дата15.11.2019
өлшемі49,74 Kb.
#51832
Байланысты:
айгер3м баяндама

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Шажалиева Айгерім Райқызы
Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы gani-musabekov @mail.ru
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік –экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру-біздің басты мақсатымыз» – деп өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында тұжырым жасады.

Қазіргі таңда шет тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту болып табылады, яғни оқушылар қарым-қатынас модельдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың өзге мәдениет өкілдерімен емін еркін сөйлесуге қамтамасыз ете алады[1].

Коммуникация ұғымы латынның «communication» сөзінен шыққан , латын тілінен аударғанда, қарым-қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу, қатысу деген ұғымды білдіреді. Коммуникация теориясының пайда болуы, қалыптасуы, тарихи кезеңдері болды. Коммуникацияның теориялық үлгілері: психоаналитикалық (З. Фрейд, К.Юнг), экзистенциалистік (М. Бубер, К.Ясперс), қөзқарастық (М. Вебер), футурологиялық (А. Тоффлер) еңбектерінде талданып, ғылыми қолданысқа енді. Солардың нәтижесінде XX ғасырдың басында ғылыми әдебиетте “коммуникация” термині пайда болып, қоғамдық дамуға әсер ететін бірден-бір күш деп түсіндірілді, сонымен қатар, оның төмендегідей үш мазмұны нақтыланды:- коммуникация – кез-келген материалдық және рухани әлем обьектісіндегі байланыс құралы (белгілі бір құрылым);- коммуникация – тілдесу , қатынасу құралы (адамдардың бір-бірімен өзара әрекеті мен ақпарат алмасуы –жеке аралық коммуникация); - коммуникация (қарым-қатынас және қоғамда ақпарат алмасу құралы, қоғамдық санаға әсер ету-әлеуметтік коммуникация). Қазіргі таңда “коммуникация ” термині қоғамның кез-келген саласында кездеседі. Коммуникативтік оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді, ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде “сөйлеу” тіл дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бірі болып табылады.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады тыңдауда да , сойлеуде де,оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік оқыту: Оқу, сойлеу, тыңдау ,жазу- ауызша өзара қатынас, жазабаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сойлеу әрекетінің барлық түріндеде қажеттілікпен қатысып тұрғандығы көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамсыз етеді[3].

Сонымен қатар қазіргі өскелең талап бойынша әрбір оқу пәні бойынша білім ,білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзіретілігі үшін жеткіліксіз болып табылады.

Құзіреттілік- оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Құзіретті адам – ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және топтарда (коммуникативтік) шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі жанашылдыққа ұмтылуға, қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның көмегімен қажетті ақпаратты іздестіріп, қолдана алады. Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез келген іс – әрекеттерге қажет. Содан да олар негізгі құзіреттер деп аталадыБілім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлгада төмендегі құзіреттіліктер болуы тиіс:


  • Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі

  • Коммуникативті құзыреттілігі

  • Мәдениеттану құзыреттілігі

  • Оқу-танымдық құзыреттілігі

  • Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі

  • Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзіреттілігі

  • Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі

1.Құндылықтарды бағалау құзіреттілігі- жаңа қоғам өмірінде өз ролін таба білу, біліктілігі, азаматтық белсенділігі,саяси жүйені түсіну, ең алдымен –өз жерінің, Отанының патриоты болу.

2.Мәдениеттану құзыреттілігі-өз халқын және әлем елдерінің мәдениетін түсіну,білу,бағалау, жалпы адамзаттық мәдениетінің жетістіктері мен этномәдени құбылыстарды тану.

3.Оқу –танымдық құзыреттілігі оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Әлемдік ғылымның бағытын ізденушілік-зерттеушілік әрекет арқылы игеру.

4.Коммуникативті құзіреттілігі-адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.

5.Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі-өз бетінше іздей білу,талдау, таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру

6.Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі –жанұяда, еңбекте, экономикада, саяси, қоғамдық азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.

7.Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі- өзіндік қадір- қасиет сезімін ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.

Қазіргі уақытта халықтардың, тілдер мен мәдениеттердің ығысуы шеріктеу шағына жетті деседе болар. Өз кезегінде бұл мәдениет аралық қатынасты күнделікті қарым-қатынастың құрамдас бөлігіне айналдырып,шет тілді игеруді жаңа басым деңгейге көтерді.

Осыған орай заманауи шет тілі сабағы оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған болуы қажет. Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамытуға көңіл бөліну керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым-қатынас құруға жаттықтыру.Сабақ барысында тілдік құзіреттілікті дамыту оқушылардың лексика-грамматикалық білімдерін тақырып бойынша ұсынылған жағдаяттарда қолдану арқылы іске асады. Сабақта ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен өз елінің мәдениетін қатар қарастыру оқушылардың әлеуметтік мәдениеттілік құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Жалпы коммуникативті құзыреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны ерекше. Себебі ойын оқушылардың бір бірімен , мұғаліммен әрекеттесуге деген талпынысын жандандырады және әңгімелесу барысында теңдік шартын тудыру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні жояды. Ойын өз-өзіне сенімсіз, ұялшақ балаларға сөйлеу арқылы сенімсіздік кедергісін жоюға көмектеседі. Ойын арқылы оқушылар әңгімені бастау, оған ілесу, қолдау, әңгімелесушінің сөзін бөлу, оның ойымен келісу немесе келіспеу, сұрақтар қою сияқты қарым-қатынас элементтерін меңгереді. Рөлдік ойын шет тілінің әлеуметтік қолдануына сезімтал болуды үйретеді. Жақсы әңгімелесуші көбіне тілдік құрылымдарды дұрыс қолданатын адам емес, серіктестердің түскен жағдайын талдап, түсіне алатын және бар мәліметтерді ескере отырып, әрекеттесу үшін ең қолайлы лингвистикалық тәсілдерді қолдана алатын адам болып табылады. Жалпы ойын оқушылардың танымдық мүддесінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, шетел тілін жақсы игеруіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар олар оқушының бойындағы дербестік, талапшылдық сияқты қасиеттерді дамытып, ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді. Оқушылар белсене жұмыс істеп, бір-біріне көмектесіп , жолдастарын мұқият тыңдайды; ал мұғалім тек бақылаушы,оқу қызметін басқарушы болады.

Рөлдік ойынға қойылатын негізігі талаптарды атап көрсетуге болады.


  • Ойын оқушыларды ынталандырып, тапсырманы дұрыс орындауға деген ниеті мен қызығушылығын тудыруы қажет және ол адекваттық шынайы қарым-қатынастық жағдаяттар негізінде құрастырылуы міндетті.

  • Рөлдік ойынды мазмұны жағынанда, формасы жағынанда жақсылап ойластырып, нақты ұйымдастыру қажет.Оқушылардың берілген рөлді жақсы сомдаудың қажеттілігіне сенімді болуы шарт, сонда ғана олардың сөздері шынайы және сенімді болады.

  • Рөлдік ойын бүкіл топпен қабылдануы керек.

  • Ол міндетті түрде мейірбандық, шығармашылық атмосферасында өтіп, оқушылардың бойында қуаныш және қанағаттану сезімін тудыруы керек.Оқушы рөлдік ойын барысында өзін неғұрлым еркін сезінсе, әңгіме барысында ол соғұрлым белсенді және бастамашыл болады. Уақыт өте оның кез келген рөлді сомдай алатынына деген сенімділігі арта түседі.

  • Ойын оқушылар белсенді тілдік қатынаста өтіп жатқан тілдік материалды анағұрлым тиімді қолдана алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет.

  • Мұғалімнің өзі рөлдік ойынға және оның тиімділігіне сенімді болуы шарт. Тек сонда ғана ол жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ойынға дайындық кезеңінде және ойынның өту барысында мұғалімнің рөлі үнемі ауысып отырады. Бастапқы кезеңде ол оқушылардың әрекетін белсенді түрде бақылап отырса, кейін ол тек сырттан бақылайтын болады.

  • Сабақта жанға жайлы жағдай жасап, мейірбандық атмосферасын тудырудың маңызы өте зор[2].

Ойын барысында мұғалім өзіне бір рөлді алуына болады, бірақ ол басты рөл болмауы керек. Ондай жағдайда бұл кәдімгі мұғалімнің басқаруымен іске асатын жұмыс формасы болып қалады. Ойын барысында мықты оқушылар нашар оқитын оқушыларға көмектеседі. Ал мұғалім көмегі қажет болған балаларға жақындап әңгімелесу үрдісін басқарады және керек болған жағдайда коррекция жасап отырады.

Рөлдік ойындарды бастапқы кезеңде де, ілгерімді кезеңде де қолдануға болады. Онда вербальды және вербальды емес әдістер арқылы жасалған жағдаяттар қолданылады. ( Мысалы : суреттер, графика, монологтік немесе диалогтік мәтіндер т.б). Жағдаят әрекет ету шартын бағыттап, сипаттайды және шешілетін мәселені көрсетеді. Берілген проблемалар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, сондықтан әңгімелесушілерлің коммуникативтік қарым қатынасыда тілдік формаларды қолдануына байланысты қарапайым немесе күрделі болып келеді.

Мысалы: 10-11 сыныптарда біз шетелдік серіктестермен медицина саласындағы ортақ жұмыс жоспарын талқылау жағдаятын қарастырдық. Әңгімелесушілер өздерінің әңгімеге қызығушылығын білдіру, шетелдік серіктестердің көзқарасын қолдап, өз көзқарастарын дәлелдеу, шетелдіктердің позициясымен келіспей компромис іздеу сияқты тілдік инвенциялар ұсынылды. Сонымен қатар серіктестермен белгілі бір саладағы отандық жаңа құрылғының таныстырылымындағы кездесу жағдаяты қарастырылды. Бұл жерде шет елдік серіктесті көрмеде ұсынылған обьектілерге деген қызығушылығын ояту, ұсынылған заттарға баға беруін өтіну, өз ойын аргументтерге сүйене отырып түсіндіруді өтіну, кей жерлерде баяуырақ сойлеуді, кей сөздердің мағынасын түсіндіруді сұрау, шетелдіктерге көрмеге белсене қатысқаны үшін алғыс білдіру сияқты тілдік инвенциялар қарастырылды. Ал орта буында алмасу бағдарламасы негізінде шетелдік отбасында өмір сүру жағдаятын қарастыруға болады. Бұл жерде жылы қарсы алғандарына ризашылық білдіру, қоршаған орта мен үйдің әсемдігіне таңдану, тілде еркін сөйлей алмағаны үшін кешірім өтіну, өз елі және қаласы жайлы әңгімелеп, қызығушылық тудыру т.с.с тілдік инвенциялар ұсынылды.

Ағылшын тілі сабақтарында рөлдік ойындарды жиі қолдану практикалық міндеттермен қоса білімділік және тәрбиелік міндеттерді де шешуге ықпал етеді. Оқушылар өздерін еркін ұстап кез келген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады. Тіпті нашар оқитын, өз- өзіне сенімділігі төмен балалардың да белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады. Оқушылар тіл тасушылармен қарым-қатынас жасауға қорықпай, тіпті бастамашылдық пен белсенділік танытады. Мектепке Алан Вильенс атты Британдық азамат келгенде оқушылар барынша сол кісімен тілдесіп, қызықтырған сұрақтарын қойып қарым-қатынас жасауға тырысты. Осында қолданылған рөлдік ойындардың оқушылардың бойындағы коммуникативтік құзіретілігін дамытуға үлкен үлес қосқанын байқадым. Тіл тасушымен әрекеттесудің өзі коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда өте маңызды қадам, өйткені тіпті тілді білетін ересектердің өзі көп уақытта тіл тасушымен тілдесуге бата алмайды. Оның себебі бойында қате сойлеп қалу, түсіне алмау сияқты үрейдің болуы, яғни уақытында коммуникативті құзыреттілігін дұрыс дамытпаған деп білемін. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан жақты, мәдениетті, өмірге икемделген, тұлға болуы үшін оның бойында жоғарыда аталып кеткен жеті құзыреттілікті дамыту мұғалімнің қолында[4].



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы (28.02.2007 жыл)

  2. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал №5

  3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал.№2

  4. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (жоба)

Аннотация. Бұл баяндамада ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың мақсат, міндеттері және құзыретті тұлғаны дамытудың жолдары көрсетілген.

Аннотация.В данном докладе указано цели задачи, как развивать и формировать о учащихся коммуникативная компотентность на уроках английского языка.

Annotation. In this report are shown the aim and objectives of communicative competency methods of teaching and learning in foreign languages.

Түйін сөздер: коммуникация, құзыреттілік, мәдениетаралық, монолог,диалог, құндылық.

Ключевое слова:коммуникация, компетентность, международный, монолог, диалог, ценность.

Key words: communication, competency, international, monologue, dialogue, value.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет