Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен маңызы



Дата08.02.2022
өлшемі13,55 Kb.
#121360
түріДиплом
Байланысты:
СЫН-ПІКІР (копия)
өлшем бірлігін қ.ету, МҰҢАЙМА

Полатжанқызы Сымбаттың "Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен маңызы" тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына

СЫН-ПІКІР

Талданатын мәселе.
Полатжанқызы Сымбаттың "Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен маңызы" тақырыбына жазылған дипломдық жұмысында ақпараттық технологиялардың көмегімен ағылшын тілін үйренудің маңызы қарастырылған.

Өзектілігі.
Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін туғызып отыр. Жаңа технологияны қолданып оқыту оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Теориялық және қолданбалы бағыттылығы.
Дипломдық жұмыста ағылшын тілін ақпараттық технологиялардың көмегімен оқытуды оқушының қабілетіне қарай ұйымдастыру, сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін және сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін таңдау ұсынылған.

Алынған нәтижелердің анықтылығы.
Автордың дипломдық жұмыста келтірген тұжырымдарына сәйкес, ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологиялардың қажеттілігінде дау жоқ.

Дипломдық жұмыстағы деректердің мазмұны мен рәсімдеу талаптарының сәйкестігі.
Полатжанқызы Сымбаттың "Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен маңызы" тақырыбына жазылған дипломдық жұмысының рәсімделуі мен мәтінінің баяндалуы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ хабаршысының редакциясының белгілеген талаптарына сәйкес.

Қорытынды.
Дипломдық жұмыстың талапқа сай орындалғандығын ескере отырып, студент Полатжанқызы Сымбаттың дипломдық жұмысы қорғауға дайын деп есептеледі және оны қорғауға жіберуге болады.

Пікір жазған шетел тілдері факультетінің 3-курс студенті:


Рахманқұл Әмина

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет