Ағымды дезинфекция және қорытынды дезинфекция


Науқастың жалпы жағдайын бағалау



бет29/30
Дата31.01.2022
өлшемі50,94 Kb.
#130260
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Шпор клиника

Науқастың жалпы жағдайын бағалау.

Науқастың жалпы жағдайын күнделікті бақылау науқастың жалпы жағдайының өзгерісін уақытында байқап, қажет жағдайда жедел медиициналық көмек көрсету үшін қажет. Науқасты қадағалауға кіреді: 1) Жалпы жағдайын байқау, ол науқаспен алғаш кездескен сәттен басталады. 2) жалпы жағдайын бағалау, ол қанағаттанарлық, орташа ауырлық және өте ауыр жағдайда болуы мүмкін. Алайда науқастың жалпы жағдайы тек жалпы байқау көрсеткіштері бойынша ғана дұрыс бағалауға болмайды. Ол үшін ескеру қажет:1) науқастың есін 2)төсектегі қалпын 3)бет әлпеті 4) тері жамылғысының жағдайы 5) Объективті көрсеткіштерін (дене температурасы, тыныс алу жиілігі,пульс жиілігі,артериальды қысым.) Науқасты оның қалауымен (ступор,сопор,кома) немесе не орталық жүйке жүйесінің қозуынан пайда болатын әр түрлі дәрежелі естің бұзылуы мүмкін.Терапевтикалық бөлімшелерде мейірбикелер көбнесе айқын есті науқастармен жұмыс істейді. Бұл кезде науқас айналадағы жағдайға толық дағдыланады және қойған сұрақтарға нақты жауап береді.Анық емес ес науқастың өзінің жағдайына салғырт қарауынан пайда болады, сұрақтарға дұрыс жауап береді, бірақ кейбір кемігулермен. Сопор – естің терең бұзылуы. Естің бұзылуының бұл түрінде науқас ұйқылы жағдайда болады. Қатты айқай, укол салу науқасты бұл жағдайдан шығаруы мүмкін, бірақ өте аз уақытқа, науқас қайтадан ұйықтап кетеді. Ступор – науқас қоршаған ортаға нашар үйренеді, сұрақтарға асықпай, кейде қате жауап береді және сол сәтте ұйықтап кетеді. Кома – естің толық жоғалуы. Науқасқа дыбыстар, уколдар және т.б қоздырғыштар әсер етпейді. Рефлекстер жоғалады кома аурудың тым ауыр екенін куәләндырады. Мысалы: қант диабеті ауыр ағымда, алкогольмен уланғанда дамиды. Сандырақ(естен тану) – екі түрге бөлінеді: тыныш және тыныш емес сандырақ. Тынышемес сандырақта науқас тым қозғыш болады, төсектен атып тұрады, осы хәлде өзіне және айналасындағыларға зиян келтіруі мүмкін. Мұндай науқастарды күтіп қадағалау үшін жеке мейірбикелік қызмет орын ұйымдастырылады. Галлюцинациялар, есту, көру, иіс сезу, тактильді. Есту галлюцинацияларда науқас өзімен-өзі немесе ойдан шығарылған адаммен сөйлеседі. Көру галлюцинацияларда науқас жоқ нәрсені көреді. Мұндай галлюцинациялар созылмалы алкогольдік аурулармен ауыратын науқастарда жиі болады. Иіс, дәм сезу галлюцинациялары науқас жағымсыз иіс, дәмнің өзгеруін сезеді. Тактильді галлюцинацияларда- науқасытың денесінде жәндік, микробтар жорғалап жүргендігі сезім сезінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет