Африка елдері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,3 Kb.
#84986
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
лекция 12 каз
1-2 дәріс, 1514212162, 1514212162
Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалау мен Сахара шөлінің солтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік африка аймағының құрамына Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, тунис елдері кіреді.
Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Атлас таулары алып жатыр. Атлас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен тұрады, олар: Эр-Риф, Телль-Атлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нуктесі-Биік атластағы Тубаль шыңы (4165м). Атлас таулары оңтүстігіне қарай біртіндеп аласарып, тропиктік шөл алып жатқан Сахараға ұласады.
Атлас тауларының Жерорта теңізі жағалауында ғана климаттық жағдайы субтропиктік билік таулық сипатта болады. Сондықтан жағалаудағы жерортатеңіздік климат жағдайында цитрустар мен зәйтұн ағашы, хош иісті тағамдық өсімдік мен бау-бақша өсіріледі. Атлас таулары мен жағалық жазықтардың мәңгі жасыл, қатты жапырақты табиғи өсімдіктері адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде қатты өзгеріске ұшырап, таулардың биік бөліктерінде ғана сақталған.
Сахарадағы тропиктік шөл климаты жағдайында халықтың басым көшпелілігі түйе, қой, ешкі айналысады және көшіп –қонып жүреді. Сахара халқын оның ежелгі тұрғындары берберлер мен көшпенді арабтар –бәдәуилер құрайды. Олардың негізгі көлігі болып табылатын бір өркешті түйелерді кейде «шөлдегі кемелер» деп те атайды. Сахарада егіншілік Ніл аңғары мен атырауында және шұраттарда ғана дамыған. Мұнда құрма пальмасын, бау-бақша, астық дақылдары, мақта, қант қамысы, маниок өсіріледі. Ніл аңғарында өсіретін дүние жүзіндегі ең ұзын талшықты мақта өте жоғары бағаланады. Жергілікті халық құрма пальмасын өте қатты қадірлейді: пальманың жемісі өте құнарлы әрі дәмді, оның жапырақтарынан тоқылған бойрамен үйлерінің төбесін жабады. Құрма пальмасының көлеңкесінде дәнді дақылдар мен жеміс ағаштары өсіріледі. Сондықтан жергілікті халық құрма пальмасын кесуге шарасыздық жағдайда ғана бел байлайды, оның «құрма ағашын өлтіру» деп атап, аза тұтады.
Шөлдегі басты байлық-су. Сахараның түшрлі бөліктерінен жартасқа салынған өсімдіктер мен жануарларға бай, сулы-нулы жерлердің суреттері табылып отыр. Бұл ертеректе Сахара климатының ылғалды болғандығын дәлелдейді. Өйткені мұндай үлкен өзен арналары жауын-шашын мол болған жағдайда ғана пайда болуы мүмкін. Жергілікті халық суды пайдаланудың ережелерін өте қатал сақтайды. Су бар жерлерді халық қатты қастерлеп, оның әр бір пұшпағын тиімді пайдалануға тырысады. Соған қарамастан, Сахара шөлінің аумағы жылыдан-жылыға ұлғаюда.
Солтүстік Африканың қойнауы пайдалы қазбаларға: мұнай, табиғи газ, фосфорит, темір, марганецке бай. Алжир, Либия,
Египет, Марокко, Тунис елдері осы табиғи байлықтарды игеру негізінде жекелеген өнеркәсіп салаларын дүние жүзілік деңгейде дамытып отыр.
Халқының негізінен араб тілінен сөйлетіндігіне, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты Солтүстік Африканы Араб Африкасы деп айтады. Қалаларының көпшілігі араб үлгісінде салынған, ескі және жаңа қалаға айқын бөлінеді. Нил аңғарындағы ең ірі қала - Каир 1969 жылы өзінің мың жылдығын атап өтті. Солтүстік Африканың ежелгі қалалары өзіндік салалық өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарлары мен ерекшеленеді. Жерорта теңізінің жағалауында ірі портты қалалар (Касабланка, Рабат, Александра, Триполин, Алжир, Донис) орналасқан.


Тапсырма №1



Африканың кедей елдері

Африканың дамыған елдері

Африканың портты қалалары












Тапсырма №2.

Африка елдері және олардың астаналары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет