Утопиялық социализм-мүлік ортақтығына, жұрттың бәрі үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. Содан кейін бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолдаңыла бастады.
Экзистенция— экзистенциализмнің негізгі ұғымдарының бірі, жеке адам болмысының тәсілін түсіндіреді.
Эклектика — әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың саяси бағалардың тоғысуы.
Экспликация-белгілі бір заттың, құбылыстың мәнісін ашуды көздейтін зерттеу кезеңі- түсіндіру.
Энтилехея-Аристотельде және схоластикада- қозғаушы күш ретіндегі мақсаттылық, нысаналық, мүмкіндікті өмір шындығына айналдыратын ұғым.