Агрометеорологияның міндеттері және әдістері



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі466,59 Kb.
#111224
  1   2   3
Байланысты:
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
УРОК 1 день, pdf 20231013 154811 0000

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Агрометеорологияның міндеттері және әдістері

Орындаған:Темірқұл Алтынай 19-12

Агрометеорология

Агрометеорология — бұл метеорологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі объектілер мен үрдістердің өзара қатынастарын зерттейтін ілім. Оның негізгі метеорологиялық шамаларына әуенің қысымы, ауаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, бұлттану, әуенің жауын-шашындары, жел жатады. Бұдан басқа метеорологиялық көрсеткіштерге күн радиациясы, оның спектрлік құрамы, күннің ұзақтығы біріктіріледі. Тап осы жер мен сол мезгілде болған әуенің метеорологиялық нақты шамаларының жағдайы ауа райы деп аталады. Жағрапиялық орнына байланысты белгілі бір аймақтың көп жылдық ауа райының ережесін климат деп атайды.



Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және сапалы өнімін алу үшін агроклиматтық қорларды дұрыс анықтап тиімді пайдаланудың зор маңызы бар. Жергілікті аймақтың метеорологиялық жағдайларына қарай бейімделген топырақты өңдеу, тұқымды себу, өсімдіктерді өсіру кезеңінде күтіп-баптау, өнімді жинау және тағы басқа агротехникалық шараларды сәйкестендіріп, ең тиімді түрлері қолданылады. Әуе. Күн радиациясы. Жер планетасының сыртындағы газ қабатын әуе немесе атмосфера деп атайды. Әуедегі газ қоспаларын ауа дейміз. Оның құрамындағы негізгі газдар: азот (78%), оттегі (21%), аргон (0,9%), көмір-қышқыл газы (0,033%). Одан басқа ауада адамның іс-әрекетінен және табиғи тегіне байланысты қатты және сұйық бөлшектер болады. Оларды аэрозоль деп атайды.



Әуені бес негізгі қабатқа бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера. Әр қабаттардың арасында тропопауза, стратопауза, мезопауза және т.б. қабаттары ажыратылады. Жер бетіндегі және әуедегі өтетін физикалық үрдістердің негізгі қуат көзі — күн радиациясы. Әуеде радиацияның 3 түрі байқалады: тікелей, шашыранды, шағылған. Сәуле қуаты толқындарының ұзындығы бойынша бөлінуін спектр деп атайды. Күн спектірі үш бөлікке бөлінеді: ультракүлгін толқындар, көзге көрінетін толқындар, инфрақызыл толқындар. Фотосинтез үрдісіне спектрдің барлығы емес, тек оның толқындарының ұзындығы 0,38-0,71 мкм болғандары ғана тікелей қатысады. Оны фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) деп атайды. Тәуліктің жарық кезеңінің ұзақтығы жылдың уақытына және жағрапиялық белдеулеріне байланысты өзгереді. Өсімдіктерді күннің ұзақтығына қоятын талаптарына қарай үш топқа бөледі: қысқа күннің, ұзақ күннің өсімдіктері және бейтарап өсімдіктер.

Агрометеорологияның негiзгi міндеттері



Ауа-райы және климаттық жағдайлардың ауылшаруашылығына тигiзетiн үлкен әсерiне байланысты агрометеорология ғылымының алдына мынандай негiзгi міндеттер қойылады:



1. Ауылшаруашылық дақылдарының өнiп, өсуiне және өнiмдiлiгiне климат пен ауа-райының әсерiн бақылау;



2. Метеорологиялық элементтердiң және климаттық жағдайлардың географиялық аймақтарда қалыптасу заңдылығын зерттеу;



3. Жергiлiктi аймақта қолданылатын агротехникаларға ауа-райы және климат жағдайларының тиiмдi әсерiн бақылау (себi мерзiмi және тәсiлi, топырақ өңдеу және т.б.). Осы тәсiлдердi өзгерту арқылы топырақтың жылу және ылғал режимдерiн жақсарту;



4. Тыңайтқыштар енгiзу тиiмдiлiгiне ауа-райы және климат жағдайларының әсерiн бақылау (мөлшерi, мерзiмi, ауа-райына байланысты әр түрлi тыңайтқыштардың жиынтығы). Ауа-райының және климаттың өсiмдiк өнiмдiлiгiне тигiзетiн әсерiнен мына мысалдан байқауға болады. Картоп түйнектерiнiң өнiмдiлiгi тыңайтқыштарды әр түрлi топыраққа енгiзгеннiң әсерiнен 9 ц/га артты, ал бiрдей топырақта әр түрлi климаттық аймақта отырғызылған картоптың өнiмдiлiгi бiр гектарда 20 центнерге артты.

5. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерiнiң пайда болуына, көбеюiне ауа-райы және климат жағдайларының әсерiн зерттеу. Өсiмдiк зиянкестерi мен ауруларының зияндылығы мен көбеюiне ауа-райы тiкелей әсер етедi. Мысалы: Жылдың көктемi салқын және ылғалды болса, кейбiр зиянкестер мен аурулардың белсендiлiгi төмендейдi, ал көктем құрғақ және жылы болса – белсендiлiгi жоғары және қуыршақтары мен жұмыртқалардың тiршiлiк қабiлеттiлiгi жоғарлайды. Ауа-райы желдi болғанда зиянкестер өсiмдiктердiң iшкi қабатына тығылып өсу нүктесiн жояды.

6. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерi және ауруларымен күресу мерзiмi, қолданылған шаралардың тиiмдiлiгiне климаттық жағдайдың әсерiн бақылау. Ауылшаруашылық егiстiктердi зиянкестерге қарсы өңдеу кезiнде ауа-райы жағдайын есепке алу керек: температура, ауа ылғалдылығы, жел, жауын-шашын, әсiресе 1-2 м биiктiкте ұшақпен әр түрлi улы заттарды шашқан кезде желдiң жылдамдығы 2 м/с-тан аспау керек, тiкұшақпен шашқан кезде 3 м/с, ал трактормен бүрiккен кезде 4 м/с. Бүрку кезiнде өсiмдiктердегi шық өңделу тиiмдiлiгiн 2-3 есе жоғарылатады. Улы заттармен өңдеу ауа-райы құбылмалы кезiнде жүргiзiлмейдi себебi жауын-шашын химикаттарды өсiмдiктерден шайып кетедi.

7. Ауылшаруашылық дақылдарын агроклиматтық аудандастыру, яғни дақылдарды метеорологиялық элементтерге қажеттiлiктерiн ескере отырып оларды аймақтарға дұрыс бөлiп, орналастыру. Дақылдарды осындай дұрыс аудандастырылған жағдайда алатын өнiм ұлғая түседi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет