Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы



бет4/9
Дата18.02.2022
өлшемі28,53 Kb.
#132311
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі2
1, 2
Аталған мақаласында Ахмет Байтұрсынов қазақ тіліне тән дыбыстардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың жазылу ретін, орнын, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсетеді. Араб жазуының түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне сай келмейтін тұстарын, басы артық әріптерін алып тастау керектігін тәптіштеп түсіндіреді. Сондай-ақ ол араб жазуын мүлдем алып тастап, басқа алфавитті алуға қарсылығын білдіреді [3; 51 б.].
19-20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (Орынбор, 1864), «Қазақтарға орыс тілді үйретудің бастауыш құралы» (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда «Қазақ хрестоматиясы» сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық еді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың, А. В. Васильевтің әліппелері жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде санат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған әліппелер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгелдей бере алмады. Түркі зиялыларын біріктірген «Жәдитшілер ұйымының» бір топ мүшелері де қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың «Әліппесі» (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының «Қазақ әліппесі» (Қазан, 1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың «Қазақша ең жаңа әліппесі» (Қазан, 1912), К. Сырғалиннің «Қазақша әліппе кітабы» (Қазан, 1913), т.б. осындай серпілістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби үлгісімен жазылған «Оқу құралы» (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу жұмысына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысын жетілдіру қалыптастырылды [4; 678 б.].
А. Байтұрсыновтың әріп өзгертудегі, алфавитке реформа жасаудағы бұл жаңалығы сол кездегі зиялы қауым арасында да пікірталас туғызады. Мерзімді баспасөз беттерінде оның алфавитті өзгертудегі, жаңалық енгізудегі еңбегін бірі қолдап, бірі қарсы шығып, айтыс ұйымдастырды. Сондай мақалалардың бірі 1913 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланды. А.Күзембаев, А. Иманбеков, Ғ. Тоқтарбеков сияқты азаматтар «Емле хақында» деген мақалада тіліміздің қажетін өтейтін әріптің жоқтығын айта келіп, бұл кемшіліктің орнын Ахмет Байтұрсынов толықтырғанын айтады. Оның еңбегінің мәнін, маңызын сөз ете отырып, былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет