Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға


Жүргізуші: Мына сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не? Балалар



бет3/3
Дата16.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#165679
1   2   3
Байланысты:
Ахмет әдеби кеш
35-сабақ тапсырмасы
Жүргізуші: Мына сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?
Балалар: Айна
Жүргізуші: Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.
Балалар: Көзілдірік
Жүргізуші: Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.
Балалар: Әмиян



Серпілмелі сауалдар:

1. А. Байтұрсынұлы қай жылы дүниеге келген?


(1872 жылы)
2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған?
(Орынбор)
3. А. Байтұрсынұлы қай газетке редактор болған?
(“Қазақ” газеті)
4.А. Байтұрсынұлы ең алғаш сауат ашқан оқу орны?
(Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ училищесі)
5.Ахмет Байтұрсынұлының ардақты есімі қай жылы ақталды?
(1988 жылы 4 қарашада)


Севинч: 6. А. Байтұрсынұлының аудармалар жинағы қалай аталады?
(“Қырық мысал”)
7. Айнадан өз тұрпатын көріп таңданған кейіпкер?
(Маймыл)
8. Я, құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян- мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап!

Бұл шумақтар қай өлеңнен алынған?


(“Тілек- батам”)
9 . А. Байтұрсынұлының “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған?
(Міржақып Дулатовқа арналған)
10. А. Байтұрсынұлының қандай өлеңдер жинағын білесіңдер?
(«Маса», «Үзік», «Қырық мысал»)
11. А. Байтұрсынұлының жұбайы Александраның мұсылманша аты?
(Бадрисафа)
12.“… Балам деген жұрт болмаса, …

А. Байтұрсынұлының осы даналық қағидасының жалғасын тап.


(… жұртым деген бала қайдан шықсын!)


Қорытынды:
Абдулазиз: Ахмет атамыздың өзі айтқан « Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше деймін.


Севинч: Ахмет Байтұрсыновқа арналған әдеби кешіміз осымен аяқталды, сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет