Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі таңда әдебиетімізде,тарихымызда әдебиетзерттеуші ғалым,түрік танушы,публицист,педагог,т б ауыз толтырып айтардай ерекшеліктері бар. Оған еш күмән келтірмеймізде



Дата09.03.2023
өлшемі16,58 Kb.
#171656
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Тапсырма 2. 7 апта. Реферат жазу жұмысы (1), Monsarrat

Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі таңда әдебиетімізде,тарихымызда әдебиетзерттеуші ғалым,түрік танушы,публицист,педагог,т.б ауыз толтырып айтардай ерекшеліктері бар.Оған еш күмән келтірмеймізде...
Ерекше бір еске салып,атап өтер зат 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа бірден-бір басшы болуы,қол болған осы Ахмет екенін атап өтпеске болмайды.Бұл жәйт тарихтың қай түкпіріненде мен мұндалап тұрады.
Байтұрсынұлының осындай көп жайтқа себеп болып,саяси жолға түсуі 1905 жылдан басату алады.Сөзге тиек етер болсақ,Ахмет Қоянды жәрмеңкесінде жазылған,Қарқаралы петициясының авторларының бірі осы Ахмет Байтұрсынов.
Петиция Қоянды жәрмеңкесінен бастау алады.Үш Жүз өкілдері бас қосып,ел ішіндегі мәселелерді сөздеріне арқау етіп,жазып,оны Жоғары Ресей өкіметіндегі Министрлікке жолдайды.Жоғарыдағы суретте көріп тұрғандай, бұл петицияға басшылық еткен-Әлихан Бөкейханов. Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Көлбай Тоғысов, Ахметқали Аяғанов
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.

Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Байтұрсынұлы Алаш партиясын құрған тұлғалардыңтобының құрамында болды.Бір айта кетеін жійт,Байтұрсынұлы мен Дулатұлы қазақ араларындағы келе жатқан ру таластары салдарынан Алаш партиясы құрамына енбей қалады.Бірақ олардың Партия құрудағы үлестерін замандастары біліп,мойындай отырып,Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды
Сонымен қатар,Байтұрсынұлы Ташкент институттарының бірінде қазақ тілі мен әдебиет,мәдениет сабақтарынан ұстаздық қызмет атқарады.Сонымен қатар ЖОО да профессор қызметінеде тағайындалып,қызмет атқарады.1929 жылы Алаш қоз,алысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып,Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтіледі.

Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген еді. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор


Ғалым қазақ тілін оқытылу керек пән ретінде оқулықтар жазған.Соның бірі-"Тіл-құрал.Қазақ тілінің ғылым ретінде зерттелуінің негізін салған оқулық.Бұл оқулықта алғашқы грамматикалық терминдер қалыптасқан.Мыс;зат есім,сын есім,есімдік ,одағай,бастауыш,баяндауыш,пысықтауыш.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет