Ахмет Байтұрсынұлы жəне біртұтас алаш идеясы



Дата18.10.2022
өлшемі32,55 Kb.
#153537
Байланысты:
Современный отчет


Рахметолла Азат

Ахмет Байтұрсынұлы жəне біртұтас алаш идеясы


1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған Біртұтас алаш идеясында әрбір алаш қайраткерлерінің демі мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын [1]. Әлекеңнің – Әлихан Бөкейхановтың тергеушіге берген жауабындағы: «Мен сырымды екі-ақ адаммен бөлісе аламын. Олар – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов» – деп айтқанына жүгінсек, онда Біртұтас алаш идеясының ілхамында Ахаңның да – Ахмет Байтұрсыновтың да рух шапағаты бар. Мен бұл арада 1905 жылғы Сәлімгерей Жантөриннің «Автономия» атты еңбегінен және Мұхамеджан Тынышбаевтің 1905 жылғы 19 қарашада автономияшылдардың І сьезінде жасаған «Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасынан басталатын, Әлихан Бөкейханов жинақтаған ұлттық тәуелсіз сана туралы тарихи тәпсірлерді қазбалап жатпаймын.Бұл идеяның тұғырын Әлихан Бөкейханов саяси тұрғыдан қалыптастырса, Ахмет Байтұрсынов соның идеялық негізін тікелей орнықтырды деп есептеймін. Тақырып тәмсілінің тәспіріне орай, ұлттық идея – Алаш идеясы және Ахмет Байтұрсынов деген мәселеге, соның ішінде Ахаңның тікелей алғауы мен талғауы арқылы байыпталған, былтыр мен биылғы жылдың басты тақырыптары болып отырған бір-екі шағымды мәселеге қысқаша ғана тоқталып өтемін.
Сонымен, сіздерге жақсы таныс, 1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында Жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».
Яғни, бұл ұстаным: Жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген – деген тұжырымға саяды.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
Әлихан Бөкейханов ұйытқан, Ахмет Байтұрсынов идеялық тұрғыдан байыптаған Алаш идеясының негізгі мәйектері осындай.
Қазір ерінбеген – алашшыл болып алды. Мәселе ұранда емес, соны ұлттың діліне сіңіруде. Кейде, маған кеңес тұсындағы Балтық жағалауы, Өзбекстан, қазіргі Бельгия сияқты Үнсіз Азаматтық Мойынсынбау қозғалысын үнемі санада ұстаған дұрыс сияқты да көрініп кетеді.
Кеңес тұсында да, кейінгі кезде де, қазір де «Қазақ» газетінің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске көзқарасы үнемі екіұшты түсіндіріліп келеді. Сондай әрекенің кесірінен Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдық (!) мерейі өткен жылы аталмай қалды. Осы уақытқа дейін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнің қарсаңында, көтеріліс тұсында, ақпан және қазан төңкерісінен кейінгі азаматтық соғыс жылдарындағы алаш қайраткерлерінің ұстанған бағыты мен саясатын екіұдай түсініп, екіұшты бағалап, бұрынғы кеңестік кезеңде қалыптасқан ығыр пікырдің ыңыршағын шығара қайталау орын алып келеді. Бұл тек алаш идеясы мен алаш қайраткерлеріне және олардың көзқарасына ғана жасалған қиянат емес, қазақ тарихына жасалған әділетсіз қиянат. Мұндай тоғышарлық пен томырықтыққа негізделген пікірсымақтарға тарихи және мұрағаттық құжаттарды дәлелге келтіре отырып, батыл тойтарыс беретін кез жетті. Ұлттық тәуелсіздікке ұмтылған ұлт – заманауи қару-жарақтың тілін білуі тиіс. Өзінің жігіттік намысын қорғауы үшін «орыс, ноғай, қалмақ, бурят» ұлттарымен қатар әскери ілімді үйренуі керек. Ал майданға барудан бас тартқан жағдайда, ол ұлттың жері «мәңгілік қазына есебіне өтпек», «өздері жалдамалы мұжықтың қатарына жатқызылмақ». Міне, осындай қияметті таңдаудың алдында тұрғанда, басқа халықпен тең дәрежеде саяси талап қоюға мүмкіндік беретін таңдау – «қара жұмысқа баруға көну».
алаш қайраткерлері «Қазақ» газеті арқылы: пулеметпен, зеңбірекпен қаруланған патшаның жазалау әскеріне қарсы шоқпармен, сойылмен, шиті мылтықпен қарсы шабатын «барымта соғысының дәуірі» өткенін, босқа қасапқа түсетінін, сондықтан да әуелі қарудың тілін меңгеру қажеттігін ашық жазды. Арандап босқа қырылып қалмау үшін және қазақ халқын қалайда заманның қару-жарағының тілін білуі үшін 1916 жылы ақпан айында Ә.Бөкейханов (бір Дума мүшесі екеуі, депутаттың атын ұмыттым) Ресейдің қорғаныс министріне арнайы жолығып, мынадай талаптар қойды:
а) Қазақтан әскер алынсын. Оны қазақ елі қостайды. Бірақ қара жұмысқа, окоп қазуға ғана алынып, зеңбіректің оғына қасап болуға қарсы. Сондықтан да қазақтардың өз еркімен әскерг баруы үшін:
ә) Қазақтарды әскери іске баулитын арнайы қысқа мерзімдік әскери курс ашылсын;
б) Жеке қазақ атты әскер батальеоны мен дербес полк құрылсын;
в) Әскер құрамына қазақ өкілі әскери комиссар міндетін атқарсын;
г) Жасақтарды ауылды жерде өзіміз жасақтап, ат пен және қаражымен қамтамасыз етеміз.
д) Дін өкілі ішінде болсын.
ж) Бақауыл да (артқы қосын – шаруашылық бөлімі, ас дайындайтын, кір жуатын т.б. қызметтер) – қазақтардың өзінен жасақталсын. Сонда қазақтардың башқұрттар мен қалмақтардан, Кавказ халықтарынан бір де кем түспейтініне көзіңіз жетеді әрі оған ант береміз – деп [4-5, 7] жазды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет