Ахмет Ясауи кесенесі


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені —



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата05.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#161226
1   2
Байланысты:
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
6 rkfcc, 6 rkfcc, 6 rkfcc
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені —
46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, 
порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның
орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. 
Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар
басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы
қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы —
3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып
келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық;
Үлкен Ақсарай;
Кіші Ақсарай;
Құдықхана;
Кітапхана;
Асхана;
Көрхана;
Мешіт;


z


Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің негізгі және
қосалқы бөлмелері

Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері
тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа
қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға
бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық
Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген
күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 
метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен
соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет
Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. 
Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед
Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге
бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды.



Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген
төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі
желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы — 18,2 метрге
, сырты — 20,5 метрге тең. Қазандық көрхана және мешіт
кабырғаларының теменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан
тұратын биіктігі — 1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, 
мозаикалық өрнектермен әшекейленген.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "Мәдени мұра" 
тізімінде

1907 ж. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеуге мұсылман
бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды. 
1910 ж. Түркістанда жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен
кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет 
құрылып, мұсылмандар жинаған 13 мың сомға ғимараттың
төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне азды-көпті жөндеу
жүргізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін исламның
Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне
тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері
діттеген жеріне жете алмады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет
Ясауи республикалық мұражайы, 1989 ж. 28 тамызда Қазақстан
Үкіметінің шешімімен "Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы
"ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның 27-
сессиясында кесене дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне
енді (Париж, 23 маусым, 2003).


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі әртүрлі
монеталарда
ҚР-ның күміс 
монетасы "Әлемнің 
үздік мешіттері"
Ресей Банкінің 
монетасы
Қожа Ахмет Ясауи 
кесенесі және 
Тайқазан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет