Ақыл-ойы кем оқушылардың математикалық түсініктердің қабылдау ерекшіліктерінің анықтаушы факторы


Натурал сандар түсінігінің пайда болуы мен дамыу



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,84 Kb.
#84807
түріНұсқаулар
1   2   3   4
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі.. Рк1

Натурал сандар түсінігінің пайда болуы мен дамыу.

Сан дегеніміз – математиканың негізгі түсінігі, ол мөлшер анықтауда, салыстыруда, объектілерді нумерациялауда қолданылады. Ал жазба түрінде сандардың қызметін — цифрлар атқарады.Цифрлар арқылы сандар таңбаланады. Алғашқы санның дамуы жайында нақты мәліметтер белгісіз.Сан әуел баста заттарды санаудың қажеттілігінен туған математикалы ұғымдардың бірі.
Ерте замандарда адамдарға өздерінің күнделікті өмірінде кездесіп отыратын әртүрлі нәрселерді санауға тура келген. Сонда адамның тек екіге дейін ғанасанай білетін шағы болған. Екі саны адамның көру және есту мүшелерімен, жалпы алғанда нәрселердің нақтылы жұбы мен байланыстырылған. Үнділердің «көз», тибеттіктердің «қанат» деген өздері «2» санын білдіретін болған. Егер заттар саны 2-ден артық болса, алғашқы қауым адамы олар туралы тек «көп» дейтін болған. Адам бірте – бірте ғана үшке дейін, одан кейін беске, онға дейін т.с.с. санап үйренген.
«Алғашқы сандар қалай пайда болды?» деген сұрақ туындайды. Нақты мәлімет жоқ десек те 5000 жыл бұрын Египет пен Месопотамиядан алғашқы цифр таңбалары табылды. Бұл елдер бір – бірінен арақашықтығы біршама алыс болса да санау жүйелері өте ұқсас, тіпті бір қолданған әдістері де бірдей. Египеттік абыздар (адамдар) парустарға таңбалап жазса, Месопотамиялықтар жұмсақ сазғажазып таң балағын.
Ежелгі Египетте: бірді — қазықпен, онды қос қол тәрізденіп белгіленгенжүздік — бүктелген пальма жапырағымен, мың — молшылық символы ретіндегі лотос гүлімен, жүз мың — бақамен белгіленген,өйткені Ніл тасығанда бақалар тіпті көбейіп кететін.Мұнан беріректе жеке дыбыстарды белгілеу үшін айрықша таңбалар, яғни әріптер пайда бола бастады.Әріптер цифрлар ретінде де қолданылған уақыт болған.Ежелгі гректер, славяндар және басқа да халықтар осылай істеген.Әріптерді сандардан айыру үшін славяндар сандарды белгілейтін әріптердің үстіне «титло» деп аталған айрықша таңба салатын.Алфавиттік нумерация да бара-бара қолайсыз болып шықты.Практика қажеттері, өндіріс пен сауданың дамуы осы заманғы қолайлырақ цифрлардың жасалуына және қазіргі жазбаша нумерацияның пайда болуына септігін тигізді.
Ең көне санау жүйесі – екілік санау жүйесі, ғалымдардың болжауы бойынша, бұл жүйені бір кездері Египеттіктерпайдаланған. Екілік санау жүйесінде небары сандық екі таңба ған бар, ол 1 мен 0 цифрлары. Бұл жүйенің артықшылығы – есептеулердің жеңіл орындалуы болса, кемшілігі – сандардың жазылуының шұбыраңқлығы қолайсыз. Қазіргі жылдам есептейтін электронды машиналард жасауға екілік санау жүйесі пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет