Ақыл-ойы кем оқушылардың математикалық түсініктердің қабылдау ерекшіліктерінің анықтаушы факторы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,84 Kb.
#84807
түріНұсқаулар
  1   2   3   4
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі.. Рк1


  1. Ақыл-ойы кем оқушылардың математикалық түсініктердің қабылдау ерекшіліктерінің анықтаушы факторы

1.Психикалық дамуы тежелген балаларға қатысты түзету жұмыстары келесі талаптарға жауап беруге тиісті
2.​Психикалық дамуы тежелген балалардың математикалық білім, білік, дағдыларды қабылдау ерекшеліктері 
3.​Математикалық дайындығы төмен оқушыларды оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
Математика пәні оқушылардан белгілі бір қасиеттердің болуын талап етеді. Олар:
-Материалды сұраптау мен қорытындылау білігі 
-Абстракты ойлау қабілеті 
-Ой-қабілеттің жоғары дәрежеде болуы 
-Математикалық естің болуы 
Бұл қабілеттіліктер математикалық білімнің балалармен табысты меңгерілуін қамтамасыз етеді. Ал психикалық тежелген балалардың бұндай қасиетері толық дамымаған. 
1.​Психикалық дамуы тежелген балаларға қатысты түзету жұмыстары келесі талаптарға жауап беруге тиісті:
•​Заттық-тәжірибелік әрекетінің ұйымдастырылуы негізінде мектепалды метаматикалық білімдердің қалыптастыру
• Аса қиын тақырыптармен танысқанда, күрделі тапсырмаларды орындағанда алдын-ала дайындық жаттығулар ұйымдастыру
• Психикалық дамуы тежелген балалардың кемшіліктерін ескеріп дифференцивті түрде білім беру
• Жалпыинтеллектуалдық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, ойлауды белсендету
•​Ойлау мен тілді қоса дамыту
•​Оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру
•​өз-өзін бақылау дағдысын жетілдіру
Түзету-дамыту оқуының бағдарламасы оқудың бастапқы сатысындағы білімдердің игерілуін қамтамасыз етеді. Бағдарлама психикалық дамуы тежелген оқушылардың кемшіліктерін ескріп құрастырылған. Оның негізіне жалпы білім беретін бастауыш мектеп бағдарламасы салынған:
- натурал сандар, арифметикалық амалдар мен есеп шығару тәсілдері;
- геометриялық фигураларды латын алфавитінің әрептерімен белгілеумен таныстыру
- геометриялық фигуралар және өлшемдер
- балалардың тәжірибелік біліктерін қалыптастыру (өлшемдік және графикалық )
Түзету –дамыту оқуының арттыру мақсатында математика бағдарламасына геометриялық фигуралар бойынша графикалық тапсырмалар мен құрастыру жаттығулар енгізілген.
2.​Психикалық дамуы тежелген балалардың математикалық білім, білік, дағдыларды қабылдау ерекшеліктері 
- сандар ретінде шатасу, оны механикалық түрде жаттау
- әртүрлілік қатынастарды тек көркемдік сурет негізінде анықтау
- геометриялық фигуралардың атауларын білмеу, танымау. Әдеттегі емес жағдайлардаорналасқан фигураларды танымау
- сандарды жазу қателіктері (айналы жазу, шатасу, меңгеру үлкен мерзімді қажет етеді )
- кеңістікті білмеу кемшілігі
- сөз есептерді шығару барысында балалардың зейіні жинақталмайды. Есеп пен оның шартын есте сақтамай, ортасында немесе басында қойылған есептің негізгі сұрағын белгілемейді. Есептегі сандық көрсеткіштерді анықтамайды.
Бұл ерекшеліктер психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойлау белсенділігінің төмендеуінен, зейін мен жұмыс қабілетінің, тілдің дамымағандығына байланысты.
3.​Математикалық дайындығы төмен оқушыларды оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
Бұндай балалармен жұмыс берысында негізгіматематикалық ұғымдарды нақтылау, жәнеолардың заттық-тәжірибелік әрекеттерін арттыруқажет (күрделіні дарадан құру, бірізділікті анықтау, топтарға қосу мен бөлшектеу, теңеу және т.б.)
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері материалдың бөлшектеп, келе-келе беруін талап етеді. Олар, белгілі бір қорытындыға келу үшін, көптеген жұмыс пен тапсырмалар орындау керек.
Арифметикалық алгоритмді байымдау қиындықтары аралық нәтижені жазып алу тәсілімен басылады. Бұл кезенде барлық қолданылатын әдістер мен амалдардың жете түсіндірілуі орынды. Арнайы белгілердің көмегі мүмкінғ(доға, сәуле, кәсектер және т.б.).
Мұғалім сабақта балалардың мүдделік әртүрлілігін ескере отырып, дифференцивті және жеке түрде оқытуды пайдалану тиіс (әр деңгейлі тапсырмалар, қосымша сұрақтар, көркемдік жабдықтар, көмек ұйымдастыру).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет