«Ақыл ойлап білген сөз Бойыңа жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз Бар тамырды қуалар»


Шешендік сөздер факультатив курсының жоспары



бет2/4
Дата01.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#22446
1   2   3   4

Шешендік сөздер факультатив курсының жоспары

4 сынып



Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

1

Шешендік өнер тарихы

1




2

Шешендік сөздердің түрлері

1




3

Тіл- тәуелсіздік тірегі.

1




4

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

1




5

Сөз маржан.

1




6

Жиренше шешен жайлы аңыз.

1




7

Шешен билер.

1




8

Абайдың қара сөздері.

1




9

Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы.

1




10

Шешендік өсиет

1




11

Шешендік сын

1




12

Жүсіп Баласағұнидің еңбектері

1




13

«Құтты білік» кітабындағы шешендік

1




14

Қорқыт ата

1




15

Төле бидің шешендік сөздері

1




16

Әйтеке бидің шешендік сөздері

1




17

Қазыбек бидің шешімдері

1




18

Бұқар жырау.

1




19

Нақыл сөздер Отан туралы

1




20

Атаның сөзі-ақылдың көзі.

1




21

Ата салтың- алтын қазынаң.

1




22

Өнер- таусылмас азық.

1




23

Айтыс-ұлттық өнер

1




24

Аталар мұрасы- халық қазынасы.

1




25

Ұлағатты ұлттық ұғымдар

1




26

Түрлі ырымдар мен тыйымдар.

1




27

Мақал-мәтелдер

1




28

Әнұранымыз мәңгі есімде сақталады.

1




29

Ел таңбасы елдігімнің белгісі.

1




30

Көк байрағым көгімде

1




31

Сөйлеу мәдениеті

1




32

Аңыз, әңгімелердегі шешендік

1




33

Қазына түбі- ақыл

1




34

Қорытынды сабақ

1






Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы,1992
2. Жеті қазына. 1,2,3, кітап
3. Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж
4. Қазақтың би-шешендері. А., 1993 ж
5. Ел аузынан. А., 1989 ж
6. Н. Төреқұлов. Қанатты сөздер. А. 1984 ж
7. С. Негимов. Шешендік өнер. А. 1978 ж


Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 1- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер.

Сабақтың мақсаты: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар, отырыңдар. Бүгін ерекше сабақ, өйткені бұл той сабағы болып өтеді. Тойда не істейді? Адамдар ән, би, өлең, жыр, құттықтау сөздер, ойын, жарыстар өтеді.

Әр адам өз өнерін, өз шешендігін көрсетеді. Той неден басталады? –Шашудан.

-Ал сабағымыз өткенді қайталаудан басталады.

Интерактивтік тақтамен жұмыс.12345 қызыл

678910 жасыл

Қоржынның ішінен балалар асықтарды біртіндеп алады олардың сандары бойынша сұрақтарға жауап береді

1. қызыл Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан? – Алматы қ-ң Республика алаңында орн-н.

2. Абай өлеңінде қандай бес нәрседен қашық болу керек?- өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ…

3.Абай Құнанбайұлы кім? –жазушы, ақын, ағартушы, композитор.

4. Ә. Қастеев кім? – сүретші.

5. Қандай етіс түрлерін білесіңдер?– өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ .

6. жасыл–Қандай бес нәрсеге асық болу керек?- талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой.

7. Мақал-мәтелді аяқта Ер––елінде, Гүл-……. (жерінде).

8. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі кім? –

Ә. Қастеев.

9. Абай Қ. Кай жерде дүниеге келді? – Семей жерінде.

10. Көсемшеде тұрған етістікті табыңлар.–

а)барған. ә)барғалы.б) барды.

Ал қазір Көкпар ойынын ойнайық бұл ойынды қай топ ең жылдам, тапқыр сол жеңеді.

1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.

2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.

3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.

Қандай сөз шықты, кім айталы? –– ШЕШЕНДІК.

Мына топ Көкпар ойынын жеңіп шықты ең жылдам, тапқыр атанды.

Шешендік деген не? Қалай түсінесіңдер? – ән айту, өлең оқу. Сурет салу, айтыс……

Үйге берілген шығармышылық тапсырма бойынша кім айтады? 5 оқушы өздерінің дайындағанын айтады.

Кирмарова Елена .

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың белгілі бір оқиғаларға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер өткір, көңілге қонымды болған. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған. Ондай дауды қазақ тұрмысында негізінен билер шешіп отырған. Шешендік сөздерге тек қана дау-тартыстар ғана емес… бата-тілек, нақыл сөздер де жатып сол түрлерде де айтылған.

Тяпухин Вадим: Шешендік сөздерде тілдің байлығы байқалады., халықтың бастан екшкен оқиғалары, ақыл-ой, арман-тілегі бейнеленеді. Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге үйретеді, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.

Интерактивтік тақтамен жұмыс.

Шешендік сөздер.

Аталы с-р. Қанатты с-р. Нақыл сөздер.

Билер сөзі ұлы адамдардың үлкеннен кішеге өнеге.

Шешендер с. сөзі. берерлік сөзі.

Мына сызбаға назар аударайық шешендік сөздер үш түрге бөлінеді : 1.Аталы с. 2.Қанатты с. 3.Нақыл с. Бәрі бірге Тәлім- тәрбие, өнеге беру, халқымыздың тіл байлығын меңгерту үшін пайда болады.

Шешендік сөздер мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады.

Ең алдымен халық шешендігі-түгіл сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні, халық арысына кең таралып, нақылға, тақпаққа айнелып кеткен сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тұтас бір халвқтың даналық мектебіне айналған.

Келесі кезеңіміз Айтыс екі топ шешендік сөздер аталы, яғни нақыл сөздер, қанатты сөздерді.

Қай топ дұрыс және көп айтады сол топ жеңеді.

Мыс.

Ғылым таппай мақтанба,



Орын таппай баптанба….. (Абай).

Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық…… (Ыбырай).

Үлкеннің алдын кесіп өтпе……

Нақыл сөздер.

1) Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.

2) Қуанышта, қиындықта, қайғыда, ашуда ұстамды бол.

3) Дүниедегі ащы да – тіл, тәтті да– тіл.

4) Достыққа берік, адал бол.

5) Тәрбие басы тіл.

4. Дау-тартыстар дегенді қалай түсінесіңдер? – мұғ. Шешендік сөздер дауларға байланысты тұған. Ондай дауларды билер шешіп отырған. Екі топтың көрінісін тамашалайық…..

1-көрініс.

- Сөз анасы не?

- Су анасы не?

- Жол анасы не?

Сырым батыр сонда былай деп жауап беріпті:

- Сөз анасы құлақ.

- Су анасы бұлақ.

- Жол анасы тұяқ.

Үргеніш шешен тағыда:

- Дау мұраты не?

- Сауда мұраты не?

- Қыз мұраты не?

- Жол мұраты не? –– деп төрт сұрак қояды.

Сырым батыр:

- Дау мұраты біту.

- Сауда мұраты ұту

- Қыз мұраты кету.

- Жол мұраты жету деп жауап береді.

Сонда Үргеніш шешені:

- Намазда жан-жағынызға қарай береді екенсіз, оныңыз не?-деп сұрайды

- Сіз жан-жағыңзға қарамасаңыз, менің, қараңанымды қалай көрдініз? депті Сырым.

Біздің бүгінгі сабағымыз той сабақ дедік, сондықтан сендерге мынандай тапсырма ТОЙ деген сөзге синквейн жазу. Мыс.

1. Той.


2. Көнілді, әсем.

3. Биледі, айтысты, жарысты.

4. Той адамдарға шаттық береді.

5. Мереке, мейрам.

Рефлексия – Бата той аяқталып келе жатыр өз шешендігімізді көрсетіп бата-тілек, нақыл сөздер айтайық…. бір оқушы бата айтады:

Той сабағын аяқтап,

Тілейтінім сендерге

Тойымыз ұлысты болсын,

Жеріміз ырысты болсын,

Жорытқанда жол болсын,

Жолдастарың көп болсын!

Бестік баға мол болсын!

6. Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Бата деген сөзге синквейн жазу.



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 2- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің түрлері .

Сабақтың мақсаты: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
Шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай беске бөлінеді:
1. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге осы тақырыптарға жасалатын баяндама, хабар, сөйленетін сөздер, радио, телехабарлардан берілетін шолулар.
2. Академиялық шешендік сөздері жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар енеді.
3. Сот ісінде қолданылатын сөздерге прокурордың айыптау сөзі, айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың, айыпкердің қорғану сөздері кіреді.
4. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерді мерейтойларда, салтанатты дастархан басында, қабір басында айтылатын сөздер құриды.
5. Діни қызметте қолданылатын шешендік (уағыз) сөздерге уағыз, иман сөздері жатады.
Жеке адамдар бірде белгілі бір сөздің авторы ретінде аталы, екінші жерде әдеби кейіпкер ретінде сипатталады. Мысалы, қыпшақ Арғынбай шешен мал мен басқа тапшы, бірақ ауыздыға сөз бермейтін, аяқтыға жол бермейтін сөзге ұста шешен екен. Шешенді кемсітіп, кекетіп, бір жиында Қоңырат Жайымбай дата былай депті:
Сонда Айтқазы :
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді,
Қаралы йде қатын семіреді,
Қамсыз елде хан семіреді.
6. Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Жеті атаны жазып келу.



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 3- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнау.

Сабақтың мақсаты: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:

Арнау сөздердің бір саласы – шешендік сын. Жерге, елге, малға айтылған шешендік сынның алуан түрі бар. Соның бірі бата, тілек ретінде келеді:


Алтын ерлі ақ боз ат
Астында жүріп арысын.
Қолаң шашты, қой көзді
Таңдап алған бұраң бел
Қасында жатып қарысын

Арнау сөздің бір саласы – шешендік сын. Шешендік сын жерге, елге, малға айтылады. Асан қайғы: Он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзге жететін жердің құты екен, әттең, аттың сауырына сыймайды-ау, артыма сала кетер едім, - деп жерге, тас табаны төрт елі нарлар жүрер жол екен деп шөлге, Жал құйрығы қанат екен, төрт аяғы болат екен деп жылқыға айтылатын сөздер – шешендік сынның ежелгі үлгісі. Адамға айтылатын сындар бір топ.

Наурызбай би жас кезінде Моғал биді шақыртып, қонақ етіп, басын сынатады, сонда Моғал би:
Ілімің бар екен,
Білімің әлдеқалай.
Қаруың бар екен,
Халқыңа пайдаң әлдеқалай.
Жорғалығың бар екен.
Халқыңа қорғандығың әлдеқалай.
Заттығың бар екен, жарқыным,
Халқыңа қымбаттығың әлдеқалай!?
6. Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Арнау жаттап келу.



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 1- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік толғау.

Сабақтың мақсаты: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзінше көзқарасын көрсетеді, көп жасаған қарттар көрген-білгендерін қорытып, келесі ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиет-насихатын баяндайды. Шешендік толғау: шешендік нақыл, шешендік мақал, шгешендік мысал, шешендік жұмбақ және шешендік жауап болып бөлінеді.

Қара жерді жамандама,


Кіретұғын көріңді.
Қауым, жұртты жамандама,
Көп табады мініңді.
Білгендерді жамандама,
Басшы болған піріңді...
Малым бар деп мақтанба,
Боран соқса қайтесің!
Басым бар деп мақтанба,
Ажал соқса қайтесің!

Тілім бар деп мақтанба,


Тіл байланса қайтесің!
Бағым бар деп мақтанба,
Сорға айналса қайтесің,
Ақылдан артық хандық жоқ,
Жома рттан артық нарлық жоқ;
Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек.
6. Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: үш арсыз, үш ғайып, үш жетім қайсы?



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 5- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік дау.

Сабақтың мақсаты: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Шешендік дау – қазақтың материалдық және рухани даулы мәселелерді, қылмысты істерді шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі. Мазмұнына қарай шешендк дау жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы, ар дауы болып бөлінеді.

Қасқакөл деген көлге Төле би, Әйтеке би, орта жүз Орманбет бимен таласады.


- Ей, Орманбай! Мен әлі тірімін, өлген жоқпын. Бұдан бұрын әлденеше рет сәлем айтасм да сен келген жоқсың; ер кетер, жер жетер, ешкімге опа қалмас дүние-боқ. Сен бізден жасы кіші баласың, біз барып қайттық,

сен ілгері барасың; біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз. Сен жассың, көңілдегіңді аларсың! дейді Төле.

- Бай болсаң халыққа пайдаң тисін,

Батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін; бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тим есе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген ғой; Бізге кейінгілер соны айта ма деп қорқамын, - дейді Әйтеке.


- Екі би, айтқан сөзің жарасады,
Еншіге әркімдер-ақ таласады.
Қасқакөл орта жүздің үлесі еді,
Дауларың қиянатқа жанасады.
Қанағатсыз билерді қабан деген,
Қамшылатқан жүйрікті шабан деген,
Біреудің ақысына зорлық қылған
Қиянат қияметте жаман деген, дейді.

Сонда Төле:


- Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар,
Әр жерде ауыз сулық басқа көл бар.
Үш бөліп енші қылып алысайық,
Жер жетер, көңіліңді ұстама тар, -дейді.
6. Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Дүниеде не тәтті?



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 6- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Құнды мұра, асыл қазына.

Білімділік мақсат:шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу; көркем сөз өрілімін талдай оқу.

Дамытушылық мақсат: оқушылардың шешендер сөздерін мәнерлеп оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсат: адамдық қасиеттерін үйрену, халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.

¨ Сынып оқушылары жұптарға, топтарға бөлініп, өзара белсенді әрекет атқарады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақыл көзі. Жиренше шешен.

Жиренше шешеннің сөзін – жауабын жаттау. Дәптерге қосымша деректер жазу.


1. Шешендік сөздер дегеніміз не?

2 Шешендік сөздер қандай болады?

6. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді екен?

Топтық жұмыс түрін орындату /конверттегі карточка столдарына қойылады/

1-топ. Шешен қандай болу керек?

2-топ. Шешендік сөз үлгілері бізге қалай жеткен?

3-топ. Шешендік сөздер қандай кездерде өмірге келген?

ІІІ. Жаңа сабақ өту


Шешендік сөздер – құнды мұра, асыл қазына.

Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.

Кіріспе кезең. Оқушылар назарын аудару (тақтада):

Ақыл ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар. (Абай)

ІІІ. Жаңа сабақ өту

А. Жаңа тақырыпқа шолу жасау; мағлұмат беру.

В.Шешендер сөздерін оқыту және талдату. Оқулықпен жұмыс жасау.

Әр әңгіме, толғау талданған кезде ішіндегі түсініксіз сөздер тақтаға шығып отырады.

1. Пырақ – жүйрік ат, сәйгүлік,арғымақ.

2. Үш бұтақты шідер – аттың алдыңғы бір, артқы екі аяғын қосып салатын тұсау.

Фәни – тұрағы жоқ,баянсыз, алдамшы дүние.

4. Мият – көңілге медеу,тірек, сүйеніш.

5. Торқалы той – салтанатты үлкен той.

6. Сағы сыну - тауы шағылу, беті қайту, көңілі қалу.

7. Суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.


V.Үйге тапсырма беру

Шынайы шешен-жарқын тұлға. (шағын шығарма – ойтолғау жазу)

VІ. Білімді бағалау

Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 7- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жиренше шешен.

Білімділік мақсат:шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу; көркем сөз өрілімін талдай оқу.

Дамытушылық мақсат: оқушылардың шешендер сөздерін мәнерлеп оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсат: адамдық қасиеттерін үйрену, халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.

¨ Сынып оқушылары жұптарға, топтарға бөлініп, өзара белсенді әрекет атқарады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақыл көзі. Жиренше шешен.

ІІІ. Жаңа сабақ өту


-Жиренше шешен-ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе мен Қожанасыр сияқты аңызғаайналып кеткен бейне.Аңыз бойынша Әз-Жәнібек хан тұсында өмір сүрген.Сарай биі,шешен болғанға ұқсайды.Өйткені тарихи шежірелерде де, аңыздарда да екеуінің аттары бірге аталады. Әз-Жәнібек 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүрген екен.
-Әз-Жәнібек ханның 62 биінің бірі болған екен.Бірде хан:«Әу,Жиренше,адам қалай қадірлі болады?»-дейді.Сонда Жиренше:«Қадірлі болғысы келген кісіге үш жолдас керек.Олар: бақыт,дәулет,ырыс,»-депті.
-Бірде хан Жиреншеге:«Бұл дүниеде не жетім?»-деген сұрақ қояды.«Ата қонысынан ауған ел жетім.Серіксіз ер жетім.Жаңбырсыз жер жетім,»-деген екен оған Жиренше.
¨Жиреншенің Әз Жәнібек ханға берген жауабын жаттап келу тапсырылған болатын.Енді осы сөздердің мағынасына тереңдейік. (2-3 оқушының жауабын тыңдау)
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны… (1-2 оқушыға талдату)
Жиренше шешен сөзінің негізгі түйіні не деп ойлайсыңдар?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Жиренше болып ойлансақ,«жақсы» деп кімді айтамыз? Олар неліктен «жақсы» атанды деп ойлайсыңдар?

6. Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Жиреншенің нақыл сөздерін жаттау.

Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 8 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазына түбі -ақыл.

Сабақтың мақсаты: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.

¨ Сынып оқушылары жұптарға, топтарға бөлініп, өзара белсенді әрекет атқарады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Шешендік сөздердің мағынасын түсініп талдау.


ІІІ. Жаңа сабақ өту

Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.
Білім – арзан, білу - қымбат.
Оқу – білім азығы,

Білім – өмір шырағы.


Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.


Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

Алтын алма, білім ал.


Жақсымен жолдас болған,

Ел ұстанған тілектей болады.

Қыз ұстаған жібектей болады

Жадыраған жаздай болады,

Айдын көлдегі қаздай болады,

Отау ортасындағы оттай болады,

От ортасындағы шоқтай болады,

Тұрағы алтын шырақтай болады.

Тұяғы асыл пырақтай болады,

Мұнша дәулет кімге тұрақтай алады?!


6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Ақылды бала шығарма жазу.



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 9- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік нақыл.

Білімділік мақсат:шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу; көркем сөз өрілімін талдай оқу.

Дамытушылық мақсат: оқушылардың шешендер сөздерін мәнерлеп оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсат: адамдық қасиеттерін үйрену, халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ өту
Нақыл сөз дегеніміз - өнеге-өсиет ретінде айтылатыын аталы сөз. Ерте заманнан келе жатқан нақыл сөздің сыйқырлы күші бар. Нақыл сөзде аурудан айықтыратын, төніп келген бәледен сақтандыратын, қауіп-қатерден құтқаратын қасиет бар. Қазақта батыр көп болған. Шешен аз болған. Ертедегі адамдар билер саусақпен санардай деп деп айтатыны да сондықтан.

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БЕЛГІСІ

Сырттан келген мейманға,

Сәлем беріп, қол алсаң,—

Бірінші еткен құрметің.

«Түсіңіз» деп түс беріп

Шылбырына оралсаң,—

Екінші еткен қызметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң,—

Үшінші еткен құрметің.

Мейман рыза болмағы

Құрметпен үйге қонғаны.

Кешіктірмей шай берсең

Ұмыт болар тоңғаны.

Тысқа шыңса қария,

Қолында болсын құмғаны.

Ірікпесең барыңды,

Қонақжайлық сол-дағы.
V.Үйге тапсырма беру

Нақыл сөздер жаттап келу.

VІ. Білімді бағалау

Мақал-мәтелдегі_шешендік.__Мақсаты'>Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 10 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдегі шешендік.

Мақсаты: Оқушылардың еліне,ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ой-өрісін дамыта отырып,сөздік қорын және тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге,тіл мәдниеті сақтай білуге үйрету,тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту.

Көрнекілігі:Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта.шар мен безендірілген ертегі кейіпкерлері.

Сабақтың түрі: аралас оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері

Сабақтың барысы:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ өту

Мақал-мәтел

-Балалар мақал-мәтелді қалай түсінеміз?

-Мақал-мәтелді сөзімізге қосып айтсақ,сөзіміз мәнерлі,сәнді болады.Мақал тиянақты,түсінікі,шешен сөйлеуге үйретеді

Ол терең мағыналы түрде айтылады.Оны дұрыс тыңдамаған адам мағынасын түсінбей де қалады.Мақал сөздің мәйегі демекші туған тілімізге қатысты,тіл өнеріне байланысты мақал-мәтелдер айтайық

Қане өзіміз білетін мақал-мәтелдерді кезектесіп айтып көрелік.

-1-Өнер алды-қызыл тіл.

2-Тіл тас жарады,

Тас жармасабас жарады.

3-Ашуың келсе қолың тарт,

Айтпас жерде тілің тарт

4-Піл көтермегенді тіл көтереді

5-Бас кеспек болса да

Тіл кспек жоқ

6-Шебердің қолы ортақ

Шешеннің сөзі ортақ

7- Ең тәтті де тіл

Ең ащы да тіл

Ең қатты да тіл

Ең жұмсақ та тіл

8-Жеті жұрттың тілін біл.

Жеті түрлі ілім біл

9- Икемді тіл инеден өткір

10-Құлақ екеу тіл жалғыз

Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз

11-Қос тіл-қос қанатың.

12-Тіл тағдыры-ел тағдыры

2-түрі Мақал-мәтелдегі орнынан түсіп қалған сөздер қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтылады.

1.Ауылдан асқан байлық жоқ,

Неден қымбат қазына жоқ. ( кітап,книга,book)

2Талапсыз жас,қанатсыз не? (Құс,птица,................)

3.Кім қылығымен көркем?(Қыз,девочка,...............)

4.Бас кеспек болса да,не кеспек жоқ?(Тіл,Язык,..................

6.Қорытындылау, бағалау.7. Үйге тапсырма беру: Білім туралы мақал-мәтел жазу.



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 11 сабақ
Тақырыбы: «Шешендік жұмбақ»

Мақстаы: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата–бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.

Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ өту

1 тапсырма:Мақал-мәтелдің жалғасын тап:


  1. Оқу білім бұлағы ..... (білім өмір шырағы)

  2. Жаңбыр бір жауса, .... (терек екі жауады)

  3. Өнерлінің қолы алтын, .... (өлеңшінің сөзі алтын)

  4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)

  5. Отан - қуат ... (Отбасы - шуақ)

  6. Ұланы бар елдің ... (ұраны бар)

  7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)

  8. Білген кісі тауып айтады, ... (білмеген кісі қауып айтады)

  9. Мың малын болғанша, ... (бір балан ғалым болсын)

2 тапсырма:

  1. Жерді көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін,

Көлді көрдңм, өзен көрдім

Сулары жоқ терең дейтін (карта)


  1. Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)


  1. Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама (Кітап)

  1. Жезге ұқсас сабағы,

Дәні халық тағамы (Бидай)

  1. Екі аяқты, бір басты,

Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

  1. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)

  1. Балалар суға салған жіп

Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Су туралы жұмбақ жазып келу

Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 12 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: «Жеті қасиетті сан»

ІІ. Сабақтың мақсаты: .Балаларды жеті санының киелі екенін, мысалдар арқылы, жеті суреті бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету. Венн диаграммасы, сызба бойынша еркін жұмыс жасай білуге жетелеу.Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба, Венн диаграммасы, бейнетаспа

ҮІ. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, сендер «7» санын естігенде, естеріне не түседі?

Балалардың жауаптары:

- Бір аптада 7 күн бар.

- Жұмада 7 шелпек пісіреді.

- Жеті ата бар

- Жеті ана бар

- Жеті ұлттық аспап бар

- Жеті ғаламшар бар

- Жеті қазына бар.

- Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты. Қазақ халқы жеті санын қасиетті сан деп есептеп, жеті санына байланысты түсініктер қалыптасқан.

Қазір біз «Арыстан мен ит» атты ертегінің сахналауын тамашалайтын боламыз.

Сахналау.

Мазмұны бойынша әңгімелеу.

-Балалар, осы ертегінің мазмұнынан нені білдік?

Балалардың жауаптары: АҚП.

-Ит – жеті қазынаның бірі екенін білдік.

-Ал иттен басқа жеті қазынаға кімдер, нелер жатады?

- Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы ит.
6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Су туралы жұмбақ жазып келу



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 13 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Сөздің көркі мақал

Мақсаты: Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба, Венн диаграммасы, бейнетаспа

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу – ол да бір дара бақыт. Сондықтан әр елден шыққан арғы-бергі заман даналарының, ақылгөйлерінің сөздің, сөйлеудің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десе де болады. Ұлы ақын Абай тіл құдіретін

Өткірдің жүзі, Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас, -

Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықылысына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық ғұлама тәлімгер, ұстаздар үлкен мән берген. Бұл жөнінде Құранда да айтылған: “Менің пенделеріме айт: жақсы сөздер сөйлейтін болсын”, - деп.

“Жұздің көркі – сақал, сөздің көркі –мақал” деген де соған мегзейді.

-1-Өнер алды-қызыл тіл.

2-Тіл тас жарады,

Тас жармасабас жарады.

3-Ашуың келсе қолың тарт,

Айтпас жерде тілің тарт

4-Піл көтермегенді тіл көтереді

5-Бас кеспек болса да

Тіл кспек жоқ

6-Шебердің қолы ортақ

Шешеннің сөзі ортақ

7- Ең тәтті де тіл

Ең ащы да тіл

Ең қатты да тіл

Ең жұмсақ та тіл

Сондықтан, балалардың жас кездерінен бастап өлең – жырлар жаттап, шешендің үлгілілерді, неше түрлі тәмсіл сөздерді жаттап өсуі, өзінің де тақпақ, өлең жазуға талпынып, үй ішінде, сынып, мектеп жиындарында тартынбай сөйлеп, ойын түсінікті, бейнелі етіп айтып жеткізуге машықтанулары, ата-ана, тәрбиеші –ұстаздар оларды соған тәрбиелеуі қажет.

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Білім туралы мақал жазып келу



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 14сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Өнер алды- қызыл тіл.

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба, Венн диаграммасы, бейнетаспа

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

Ана тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.

-Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.

Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.

Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.

Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

-Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.

2. Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

3. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ..

4. Тіл қылыштан өткір.

5. Басқа бәле тілден.

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

6.Қорытындылау, бағалау.7. Үйге тапсырма беру: Тіл туралы эссе жазып ке



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 15 сабақ
І. Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Мақсаты: Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнектілігі: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Сәлем - әдептілік- тің белгісі» сөздері.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз ата дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын, сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысамыз. Тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді үйрене- міз.

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуаныш- қа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.

Әрбір адам «қайырлы таң»,«қайырлы күн»,«қайырлы кеш» деген сөздер- мен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін- де де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.

Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

Амандасқан адам қазақ салтында оң алақаның жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.

«Сізді шын жүректен құрметтеп, амандағынызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

Сәлемдесу түрлері:

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметте болыңыз!

- Аман-саусыз ба?

- Аман-сау болыңыз!

- Аман-есенсіз бе?

- Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман ба?

Әсіресе араб тілінен енген

- Асса!лаумалейкум

- Уаалейкум салам!

Яғни,


- Сізге амандық тілеймін! - - Сізге де амандық тілеймін,- деген сәлемдесу түрлері қолданылады.

Оны тілінің дыбыстық үйлесіміне қарай халық:

- Ассалаумағалейкум!

- Уғалейкумассалам! – деп айтып жүр.

Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбі-несе еуропа халықтарында кездеседі.
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» деген әдеп бар.
Жасының үлкен екендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай үлкен адамдарға өздері сәлем береді.
Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі, жасқа, үлкен-кішіге байланыс- ты емес.
Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені – жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.
Қазақтарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.
Ендігі кезекте:
I. Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі.
II. Әже мен қыз бала сәлемдесуі.
Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.
Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті. Ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалып- тасқан дәстүр.
Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан жолаушы арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша құрметпен сәлем беретін болған.
Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауашып (көрісіп) құшақтасып амандаса- ды. (Қытайда бас ию, үнді халқында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, қазақтарда оң алақанын жүрегіне қойып басын иіп амандасу керек).
Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әрине, үннің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйластық үнмен, аптық- пай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.
- Енді, балалар, мақал-мәтел айталық.
Шығармалар оқыту, тақтадағы мақал-мәтелдермен жұмыс.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар «Сөз анасы – сәлем » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 16 сабақ

Каталог: uploads -> doc -> 0d1c
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d1c -> Сабақтың тақырыбы: Оғыз мемлекеті Сабақтың мақсаты
0d1c -> Сыныбы: 9 Пәні: физика
0d1c -> Қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра
0d1c -> Тақырыбы: Төрт түлік мал. 2 сынып Мақсаты
0d1c -> Сахна сыртындағы дауыс: (фон)
0d1c -> Өткізген: Калмагамбетова Гаухар Ақтөбе қаласы, Ақжар бастауыш мектебі Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет