Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты



бет104/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
 Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру;
Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
— Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау;
Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру;
— Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу;
— Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.
Бүгінде мектеп дене тәрбиесі мамандары мен медицина қызметкерлері және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде оқушылардың өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру проблемасы айқын көрінуде. Өз денсаулығына деген ынталы қатынасты қалыптастыру ең бірінші «денсаулық құндылықтары» феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі , себебі бұл өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп қырлы күрделі ұғым болып табылады. Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз: (дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеуметтік, тұлғалық, рухани). Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет