Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет69/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды тітіркендіреді. Олардың үштарында қозу пайда болады. Бұл қозу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жұтқыншақ және бет нервтерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, яғни эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.
Мұндай нәтижені сілекей бездерінің гормондары каликреин мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін ондіруді реттейді. Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге мейлінше бай болады.
Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып әңгімелескенде де шығады. Бұл - И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс Бұрын көрген, жеген, иісін сезген, аты аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, Бұрын лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп тұрған мен немесе оны сөз қылғаннан сілекей бөлінбейді..
Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.
Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ түйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жүтыну орталығын қоздырады. Жүтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген және тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нәтижесінде ас қоймалжыңы өңешке өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет