Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Ішектегі ас қорытудың реттелуі



бет71/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Ішектегі ас қорытудың реттелуі. Ішектегі ас қорытудың, бірінші кезеңі, тамақтың әсерінен ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Бұл кезеңде ферменттерге бай аздаған мөлшерде ұйқы безінің сөлі ішекке құйылады. Екінші кезеңі, қарын сөлінің бөлінуіне байланысты туады. Қарынның хеморецепторларының тітіркенуі кезінде нерв арқылы ас қорыту орталығына баратын импульстерді тудырады. Ас қорыту орталығынан қозу ащы ішекке, ұйқы безіне және бауырға келеді. Ас қоймалжыңының қарыннан ішекке өтуіне байланысты ұйқы безі көптеп сөл өндіре бастайды.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғарғы орталық - мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын "аш" қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бүлінуі тойымсыздықты (көбінесе кәрі адам-дарда) тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орыны - ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импульстері келіп отырады. Мұны дәлелдейтін жағдай - тамақтың иісіне, тағамның аттарына, тамақ жайында әңгімелескенде шартты рефлекстер пайда болады.
Ішек қарын аурруларын болдырмау жолдары,профилактикасы. Сәби баланың тұрақты тістері бірнеше жылдар бойы сүт тістерінің астында болатындықтан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің мәліметі бойынша қазіргі кезде балалардың ХО-90 %-ның тістері үнемі емдеп жүруді қажет ететін корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің әсері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең тұрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын шымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор мен фтор және витаминдердің мөлшерін теңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге көрсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бұзылудан сақтайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін өте суық тағамдарды жеу өте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жаруға балаларға рұқсат етпеу керек.
Педагогтар ас қорыту мүшелерінің жүйке жүйесінің бақылауында екенін ұмытпауы керек. Күнделікті өмір жағдайларына байланысты балаларда тамақтануға, әсіресе мезгілінде тамақ ішіп-жеуге байланысты шартты рефлекстер көптеп пайда болады. Үйреншікті уақытта қарын сөлі бөліне бастайды. Сондықтан күнделікті тамақтану кестесін бұзуға болмайды. Бұл талапты орындау үшін түскі тамақты ішетін кезде оқу-тәрбие жұмысын тоқтатқан жөн. Астың дұрыс қорытылуына дастарханды жаю тәртібі де маңызды: тамақтың жағымды иісі, түрі, ас ішетін орынның маңайының тазалығы т. б. көп әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет