Ақжарқын орта мектебінің әлеуметтік педагогінің 2014-2015оқу жылындағы жүргізген жұмыстарының сараптамасы Мақсаты



бет3/5
Дата07.05.2017
өлшемі0,87 Mb.
#15844
1   2   3   4   5

Мурат Ерасыл мен Мурат Ботагоз 7 сынып оқушылары аз қамтылған және көпбалалы отбасынан болғандықтан киімдер және кеңсе тауарлары берілді.

 - Рамазан Бекболат пен Зейнелда Айсауле 1 және 4   сынып оқушысы аз қамтылған отбасынан болғандықтан, киімдер және кеңсе тауарлары берілді.

- Нагорный Н мен Слесаренко П . азқамтылған отбасынан болғандықтан кеңсе тауарлары және киім берілді.

-Ардах Еркежан, Ардах Маржан көпбалалы отбасынан шыққандықтан кеңсе тауарлары беріліп, киімдер ұсынылды.

Қол ұшын созғанмектеп ұжымына және ауыл әкіміне алғыс білдіреміз!

Оқу жылының басынан әр сынып бойынша қыркүйек-қазан айларында бұзақылық жасайтын, бұзақылық жасауға бейім, сабаққа себепсіз келмейтін оқушылардың тізімі алынды. Оқушылармен бұзақылықтың алдын алу шаралары, профилактикалық кеңестер, әңгіме жүргізіліп, жағдайдан шығу жолдары ұсынылады.

Мектеп бойынша мектепішілік және «қиын бала» ретінде бақылауда тұрған оқушылардың да есебі жүргізіледі. Бұл есепте биылғы оқу жылында мектепішілік есепте 4 оқушы тұрған, «қиын бала» тобында 10 оқушы тұрған. «Қиын бала» тобындағы 2 оқушы басқа мектепке кетуіне байланысты есептен шығарылды. Олар: Бабаян Карен мен Бабаян Размик

Мектептің әлеуметтік педагогының басқаруымен жеке «қиын» оқушылардың сабаққа қатысуы мен сабақ босатуын тіркейтін іс-жүргізіледі. Сабақты себепсіз босатқан оқушылардан түсініктеме алынып, мектеп әлеуметтік ұстазы және сынып жетекшілері, ата-аналарымен біріктірілген әңгіме жүргізіледі.



Әлеуметтік педагогпен, тәрбие ісінің орынбасарлары және мектеп психологымен бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілген. Жоспар бойынша оқушылардың сабақ босатпауын, мектепішілік мерекелердің өтуін қадағалау, инспекция, медицина қызметкерлерімен кездесу, рейдтік шаралар ұйымдастыру бекітілген. Осындай мақсатпен мұғалімдер арасында оқу жылының басында рейдтік топ құрылды.

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі салғырттыққа, себеп -сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата- аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер ,жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп- ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мектеп ұжымы мен ұстаздарды ойландырады. Осының себебіне үңілсек, әр түрлі пікірлер айтуға болады.

«Қиын» оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: «өмірі ауыр жағдайдағы балалар», «ата- анасының қарауынсыз қалған балалар», «қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар», «қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар» және т.б

Жалпы алсақ, педагог -психолог ғалымдар «қиын» балалар мәселелерін жан жақты зерттей келе, «қауіпті оқушы» анықтамасын былай береді: күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Тәжірибеге сүйенер болсақ, тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек, біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады; екіншіден балалардың мінез- құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психологиялық өзгеше қалыптасуынан, үшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы. Бұзақылыққа бейім тұратын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата- аналардың жіберетін қателіктердің әр түрлі екені белгілі. Олар:

1.Әлеуметтік жағдай: бақылаусыздық, назардан тыс қалуы, бос уақытының болмауы, отбасының толық болмауы.



2.Психологиялық жағдай: балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы, оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық, балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмауы немесе балаға жасынан толық еркіндік беру. Осылармен қатар , ата- аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім білдірмеу, мінез- құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер ететіндігін тәжірибеде байқауға болады.Міне , осы сияқты себептер Ақжарқын орта мектебінде де орын алған. Жалпы мектеп бойынша мектепішілік бақылауда тұрған 4 оқушы және «қауіп қатер» тобында бақылауда тұрған 10 оқушы бар. Бүгінгі күні сынып жетекші , мектеп психологы, ата- ана және әлеуметтік педагог бұл оқушылармен әр түрлі жұмыстар жүргізуде.Алдымен бұл оқушылардың бақылауға алыну себебіне келер болсақ, 9- сынып оқушылары Қайрат Алмасбек пен Худайберген Кусаян «қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар» тобына жатқызуға болады .Жалпы Хусаян оқу үлгерімі қанағттанарлық , толық отбасынан шыққан, бірақ тәртібіне назар аударуды қажет ететін оқушы. Мектепте баскетбол секциясына қатысады.Ал Алмасбек болса ,оқу үлгерімі қанағаттанарлық деңгейде.Сабақты себепсіз босатпайды, мектептегі спорттық іс шараларға белсене араласады. Тек тәртібіне назар аудару қажет оқушылардың бірі. Бұл оқушылар мектептегі өтілетін шараларға үнемі қатысып отырады. Ал келесі оқушы Смирнов Денис мектеп тәртібін сақтамағаны үшін тіркеуге қойылды. Оқушының отбасы сәтсіз отбасы, оқу үлгерімі төмен деңгейде. Бірақ ата -ананың қарауының жеткіліксіздігінен сабақты көп босатады. Ал Болатбек Рамазан биыл күз айларында ерекше бұзған тәртібі бойынша «қауіп-қатер» тобындағы бақылауға алынған оқушылардың бірі. Аталған оқушылармен әлеуметтік ұстаз,мектеп психологы ,сынып жетекшісі түрлі жұмыстар атқарды. Оқушылардың өздерімен жекелеген әңгіме өткізіп, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Ата- аналары мектепке шақырылып, әңгіме өткізілді.Бала тәрбиесіндегі кемшіліктеріне назар аудару қажеттігі ескертіліп, тәрбиеде кеткен кемшіліктердің болашақта қайталанбауы айтылды. Ата -аналар мектепте өтілетін дөңгелек үстелдерге шақырылып, тренингтер барысында түрлі ойындар арқылы бала тәрбиелеу үрдісіндегі кейбір сұрақтарына жауап алды.Ата -аналарға «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында дәріс оқылып, бала тәрбиесіндегі өздерінің тарапынан кетірген кемшіліктері үшін заң алдында жауап беретіндіктері ескертілді. Бұндай дәрістер барлық сыныптардың ата- аналарына оқылып, құқықбұзушылықтың алдын- алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.Ал мектепішілік бақылауда тұрған оқушылардың сыныппен қарым қатынасы қандай екенін тексеру мақсатында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг соңында оқушылардың сыныптағы достарымен қарым -қатынасының жақсы екені байқалды.

Отбасындағы ата- ананың мінез-құлқы баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, қарап өсетін нысаны. «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» деген, бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Жалпы бала күнделікті уақытының көбін отбасымен өткізеді.Жақсыны да, жаманды да өз отбасы тәрбиесінің ошағынан алары сөзсіз. Мектеп бойынша тіркеуде тұрған оқушылардың отбасының тұрмыстық жағдайы, балалардың сабақты себепсіз босатпауы ,бос уақытты тиімді пайдалануы, үй тапсырмасына уақтылы дайындалуы мектеп назарынан тыс қалған емес. Бұл балалардың ата -аналарымен түсінік жұмыстары жүргізілді. Отбасы ахуалын тексеру мақсатында тұрғылықты орнын тексеру актісі жасалды. Түнгі уақытта рейдтер ұйымдастырылып, оқушылардың кешкі уақыттағы немен айналысатындықтары анықталды. Рейдтер барысында тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ.


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет