Ақжарқын орта мектебінің әлеуметтік педагогінің 2014-2015оқу жылындағы жүргізген жұмыстарының сараптамасы Мақсаты



бет4/5
Дата07.05.2017
өлшемі0,87 Mb.
#15844
1   2   3   4   5

Қазіргі таңда бұл оқушыларды мектеп ішілік бақылаудан, қиын бала тобы бақылауынан шығару жұмыстары қаралуда.

Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені бүгінгі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата- ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі,жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың сана- сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс әрекеттерді көбеюіне әкеліп соқтыруда.



Мектебімізде оқушы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап- ақ, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру көзделеді. Оқу жылының басынан бастап әр сынып жетекші өз сыныбындағы «қауіпті топқа» енетін оқушыларды анықтап, олармен жекелеген жұмыстар жүргізеді. Тәрбиелеу процесінде ата- ананың алар орны ерекше болғандықтан, ата- анамен тығыз байланыс жасалып, түрлі іс -шаралар арқылы баланы түзету жолдары қарастырылады.

Мектебімізде өтетін тәрбиелік шара болсын, топтық жұмыстар немесе сайыстарға ең алдымен жоғарыда аталған отбасыларының балаларын қатыстыру дұрыс ұйымдастырылып келеді. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бірден- бір жолы бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру болса, осы бағыттағы жұмыстардың бәрі мектепте оң жолға қойылғанын атап кетуге болады. Егер де бала өз уақытын тиімді іске арнайтын болса, оған ұстаздары үлкен сенімділік артып, белсенділіігін қолдайтын болса, бала тәртіпсіздік жасау түгілі, тіпті жаман әдетке де бойын алдырмауға да дағдыланып кетеді.

Күні бүгін мектебімізде әр жеке тұлғаның қабілеттерін ұштау, ой өрістерін дамыту, ортада өз ойларын еркін жеткізуге,достық ортаны қалыптастыруда, белгілі бір мамандыққа баулу мақсатында әр түрлі спорттық (волейбол,футбол,баскетбол, ), вокал үйірмесі, ««мәнерлеп оқу » үйірмесі, би үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар өзін- өзі басқаруда «Ұлан», «Жас қыран » ұйымы мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда «Қыран» тобы да жұмыс жасап келеді.

Биылғы оқу жылында орта буын және жоғарғы сатыдағы оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі іс шаралар жоспарланып, олар тиісті деңгейде өтіліп жатыр. Мысалға алар болсақ, оқушылар арасындағы суицидтің алдын алу іс шаралары бойынша мектепте 9-11сынып оқушыларымен полиция қызметкері және әлеуметтік педагог пен тәрбие ісінің меңгерушісі біріге отырып, лекциялар оқылды. Статистикалық мәліметтер айтылып, оқушыларға өмірдің әр кезеңін бағалай білу жұмыстары өтілді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларымен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары бойынша тарих пәні мұғалімдерімен кездесу өтілді. Бұл кездесуде оқушыларды имандылық қа тәрбиелеу көзделді. Әр сыныптармен түрлі тренингтер өткізу арқылы тәрбиені нығайта түсу жұмыстары жасалды. Оқушылар әр түрлі тақырыптағы сынып сағаттары мен пәндік іс шараларға қатысып, түрлі деңгейдегі қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, өз білімдерін көрсетуде.

Түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен пікірталастар ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мысалға алар болсақ, мынадай тақырыптада дәрістер оқылды: «Заң және оқушы», «Ұрлық- түбі қорлық», «Өз құқың өз қолыңда», «Өмір сен маған қымбатсың», «Бақыт деген не?» т.б тақырыптарда өтілген тәрбие сағаттары мен дәрістерден оқушылар өз керектерін ала білді.



Ал енді «қиын » балалардың ата- аналары үшін «Әке -ер ,ана -жігер ,бір үйде екі кемеңгер» атты тренинг, «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты конференция, отбасы апталығында өтілген «Отбасы- тірегім » атты сайыстар ата- ананың бала алдындағы жауапкершілігін арттыра түсті десек артық болмайды.

Ата -ананың құқықтық әлеуетін көтеруде де мектептегі тәрбие жұмысы жүйелілікті қажет етеді. Ата- аналармен балалардың заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету үрдісінде «Бала әлеміне байыпты қарайық», «Бала -біздің бақытты болашағымыз» , «Жазасыз тәрбие беру» т.б тақырыптарда ата- аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата -аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өтілуде.Жалпы алар болсақ, жоспарланған шаралардың барлығы болашақта «қиын» оқушы болдырмаудың алдын алу жұмыстары. Ал қазірде бақылауда тұрған оқушылармен жұмысты әрі қарай жалғаситыра отырып, болашақта бұл балалардың дұрыс жол таңдауына септігімізді тигізу біздің ұстаздардың міндеті .


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет