Қайым Зәмзәгүл Сайфиддинқызы МҰҒалімнің КӘсіби-шығармашылық сипатын дамыту жолдары


Қазіргі қоғамға лайықты жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талаптар деп аталатын тарауда



бет3/4
Дата13.05.2020
өлшемі60,95 Kb.
#67958
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
автореферат Замзегул

Қазіргі қоғамға лайықты жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талаптар деп аталатын тарауда, қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ену міндетін жүзеге асыру үстінде. Бұл әлемдік білім беру шеңберіндегі талаптарды жүзеге асыру қазақстандық білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуға бағыттау деген сөз. Осыған орай біздің білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап, қоғам талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастырудың жаңа ұлттық білім беру жүйесінің моделін қалыптастыру жолын анықтауында. Демек, білім берудегі ғылыми ізденістер мен жаңа ұстанымдар, ең алдымен 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты болып тұр. Ол туралы «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі- тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз», – деген Н.Ә.Назарбаев [7]. Сондықтан бүгінгі педагог қызметкерлері өздерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жаңа мазмұнға бағыттауы тиіс.

Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістігіне кіруі, 12 жылдық білім беруге көшуді шарт ететін, ұстаздық қоғамнан кәсіби міндеттерге және оны шешу жолдарына жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Инновациялық қызметтің белгісі болып шеберлік, шығармашылық, жете білушілік болды.

Қалыптасқан Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдың бас кезіндегі аса ерекше оқиғасы – ғаламдық жаһандану кеңістігіне әлемдік озық тәжірибелер мен жетекші технологиялардың қарқыны һәм ықпалымен санаса отырып, бес мың жылдық тарихи-мәдени мұрасын сақтай отыра ену үрдісі – қоғамдағы құбылыстарды адамзат перзентінің танымдық-тағылымдық тұрғыдан түсіну жағдаяттарының жаңа моделін қалыптастыру болып келеді [8].

Осы жоғарыдағы жазылған қоғамдағы бұрын-соңды болмаған айтулы орасан өзгерістер жалпы даму заңдылығының күрделі компоненті болып саналатын білім жүйесіне үлкен ықпалын тигізіп отыр. Білім берудің заман талабына сай әлемдік озық тәжірибелерге негізделуі – жаңартылған бағдарламаға сәйкес білім беру параметрлері мен дидактикалық қағидалардың интерациялануына түрткі болуда.

Тәуелсіз қазақстандық білім беру реформасына сай стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін жаңартылған бағдарлама негізінде білім беру мақсатын қойып отыр. Ол дегеніміз Қазақстанның Еуропалық білім беру кеңістігіне енуіне және көптеген мәселелерді шешуге, отандық мамандарымыздың шетелде де өз мүмкіндіктерін пайдалана алуы мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, білім беруді саралауға, даралау мен ізгілендіру, яғни шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіге сапалы көшуімен сипатталатындығын қарастырады көп басылымдарда.

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау [9].

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау міндетін нәтижелі іске асыратын педагогтарға жүктелетіндігі және бұл бағытта да жаңаруды ұстаздар қауымына арнайы тиесілі екені анық. Сондықтан қазіргі педагогтың бойына тек қана күрделі практикалық педагогикалық міндеттерді шеше алатын кәсіби біліктілікті қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ қазіргі кезеңде әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты даярланған, шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге де бағытталу қажеттігі шығады [10]. Бұл тұрғыда маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады және өзіндік кәсіби қабілеттерін заманауи талапқа бағыттау болып табылады. Осыдан бастауыш сынып мұғалімі ақпараттық білімнің әдістемесін толық меңгеруі тиіс, яғни білім беру үдерісін қамтамасыз ететін бағдарламаның психологиялық-педагогикалық бағасын беруге, компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, оқу жүйесін жобалау ақпараттық жүйені өздігініше пайдалануға мүмкіндігін қалыптастыру, жетілдіру талабы бірінші кезекке шықты. Жоғарыдағы сапа мәселелерінің ерекше қолға алынуының басты себебі қазіргі таңдағы қоғамдық өзгерістерімен байланысты. Соған байланысты кез келген педагог маманға жаңаша талап қойылады деп қарастырады автор. Жаңа форматты бастауыш мұғалімінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру механизмі автолырдың ұсынған концептуалды моделінде нақты көрсетіледі[11] . Олар [11,102б]:

-Алған білімдерін инновациялық технологияларға пайдалана білу;

-Ақпараттық технологияның жаңа тәсілдерін игеріп, білімнің жаңа көздеріне қалай шығуды білу;

-Өз бетінше білім алу және мамандығын жетілдіру тәсілдерін игеру;

-Ғылыми-зерттеулерді жүргізудің әдістерін білу және үйрену;

-Демократиялық қоғамда өмір сүрудің азаматтық және әлеуметтік қажетті компетенцияларын өз бойына жинақтау.

«Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады» деген болатын [12]. Сондықтан да бәсекеге қабілетті, мұғалімдік мамандыққа қыры бар оқушыларды мектеп табалдырығынан бастап дайындап, ЖОО-дарына барар баспалдақты қалап берсек, талай шыңдар мен асуларды бағындырарымыз анық. Ендеше педагогтық мамандыққа келген білім алушының педагогикалық бағыттылығы сияқты қабілеттерінің қалыптасуы, оны ордан әрі дамыту, жетілдіру мәселелерінің де тетігін жаңалауды талап етіп отыр.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену сияқты зиялы міндеттеріміз еліміздің 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нәтижеге бағытталған білімге тек мұғалімнің кәсіби біліктілігі арқылы жетуге болатындығы айрықша сөз етілген. Сонымен қатар 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында да айырықша баяндалған. Осыдан да 12 жылдық мектеп мұғалімдерінің алдында күрделі міндеттер қойып отыр.

Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатары идеяларын басшылыққа алуы шарт болды.

Реформаланған білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты кәсіби педагогикалық шеберлігін меңгерген жаңа тұрпатты педагогтың тың көзқарасын қажет етуде деген түйінді ой айтады автор [13].

Білім беру жүйесінің реформалануының басты міндеті-еліміздің білім беру жүйесін, әлемдік үздік үлгіге жеткізу екені белгілі. Жеке тұлғаның білім алу, рухани қажеттіліктерін мүмкіндігіне сай қанағаттандыру, адам білім үшін оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, білімнің беделін арттыру, мемлекет пен қоғам өміріндегі мәртебесін көтеру. Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге және өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге дайын, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру болып саналады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім берудің басты ерекшелігі- жеке тұлғаның жан-жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін дамытуына, жаңарған ортаға тез бейімделе білетін міндеттерді шешуді көздейді. Сондай-ақ, жаңа қоғам мүддесін қанағаттандыру міндеті мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлау қабілетін қалай арттырамыз?» -деген сауалдарға жауап іздеуге бағытталып отыр деген ұстанымдар жарыққа шықты [14].

Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа ала отырып, жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметпен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастық- тан тұрады.

Осы қоғамның жаңару талабына сай мұғалімнен өзінің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Бұл тұста мұғалімнің кәсіптік жетілуі қалыпты жағдайға ұласады. Өйткені, ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа мазмұнды кәсіби педагогикалық шебер педагог қалыптастыра алады. Жаңа тұрпатты педагог ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын тұлға және қоғамның ең озық бөлігінің бірі.

Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарымен сусындату-қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл деген мұғалімнен қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды, сын көзбен қарап бағалауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа қызығушылық сезімдерін арттыра білуді, оқытудың озық технологияларын терең де шебер меңгеруді талап етуде.

Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы өзгерген шақта жаңа тұрпатты педагог педагогикалық үдерістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жете алатыны айқын.

Білімнің кез келген өзгеріс жүйесі орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы болып табылатын бастауыш буында жүзеге асатыны мәлім. Демек, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып, білім алуға талпынушылық, балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділігі, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде белсенді қалыптасады. Осы кезеңде баланы рухани және дене күші де жедел түрде дами түседі.

Қалыптасқан Қазақстанның болашақ иелерін жеке тұлға тұрғысында қалыптастырып дайындауда және әлемдік білім кеңістігіне лайық етуге барша мұғалімдердің өздері алдымен қарқынды өзгеріп жатқан қоғам жағдайына үздіксіз кәсіби жетілуге бейім болуды талап етіп отыр. Оқушылардың бойында қазіргі заманда белсенді және табысты өмір сүруге дайын болу қасиеттерін қалыптасыруға көмектесетін тәжірибені, құзыреттілікті дамыту үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету. Сондықтан жаңа мазмұнды мұғалімдер оқу үдерісін оқушылардың бойына білім алу, жеке тұлға ретінде даму, көптілдік қарым-қатынас жасау дағдыларын дарытуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыруға дайын болу қасиеттерін қалыптастыру болып келеді. Білім беру жүйесі қызметінің арнайы шарттары жаңартылған білім беру бағдарламасының өзегі болып табылады. ҚР БМ МЖБС-н білім беру тәжірибесіне енгізуге қажетті шарттарының бірі педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру болып келеді [18,91б.]. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беретін бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар осы жоғарыда айтылған білім беру жүйесі қызметінің арнайы шарттарына негізделеді [18,10б.].

Бастауыш мұғалімінің жаңа білім беру жүйе бойынша қызметке төселу үшін нәтижелерге негізделген білім беру моделін құру, білім берудің құндылықтарын сезіну, күтілетін нәтижелер, кең ауқымды дағдыларды дамыту бағытын нысаналау болып табылады [18,15б.]. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты мектептен «шығу» кезінде қандай нәтижелерге бағдар жасайды деп нақты белгіліп берген. Онда:

-білімді шығармашылықпен пайдалану;

-сыни тұрғыдан ойлау;

-зерттеу жұмыстарына машықтану, орындау;

-ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану;

-коммуникативтік қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;

-топпен және жеке жұмыс [18,19б.].

Жаңартылған бағдарлама мазмұны жоғарыдағы талаптарға бағытталған.

Демек, жаңа форматты бастауыш мұғаліміне осы негізде кәсібилік, құзырет тілік сипатын жаңартуға тура келеді.

Бұл мақсатт жүзеге асыру ҚР БМ МЖБС-нда көрсетілген. Онда педагогикалық кадралардың кәсіби деңгейін арттыру екі бағытта жүзеге асырылуы тиіс деп нақтыланған [18,92б.].

1. ҚР бастауыш мектептерінің мұғалімдерін орта білімді жүйелі жаңарту аясында жұмысқа даярлау арқылы.

2. Педагогкалық кадрлардың жаңа ұрпағын даярлау мақсатында педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру.

Сонымен қатар бұл ҚР БМ МЖБС-ы жобасында педагогтарды 2014-2016 жж. жаңартылған мазмұнмен жұмысқа даярлау механизмі мен жоспары қоса ұсынылады. Онысымен қоса, мұғалімді қолдау желісі де даярланған. Онда ұсынылған механизм негізінде қамтамасыз ету міндеттерінің жоспары [18,94б.]:

1. Стандарт даярлау.

2. Пәндер бойынша оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету.

3. Оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар үлгісі).

4. Оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кабинетті жабдықтау жөніндегі нұсқаулар даярлау.

5. Критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулар.

6. Оқулықтар мен Оқу-әдістемелік кешен.

7. Сандық білім беру ресурстарын.

8. Мұғалімдерді оқыту

9. Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары арқылы қолдау.

10. Мұғалімдерге арналған онлайн платформасын түзу.

11. Пән мұалімдерінің кәсіби қауымдастығын құру.

12. Мониторинг жүргізіп отыру [18,94б.].

Міне, осы жоғарыдағы механизм жаңа қоғамның талабын толық қанағаттандыратын жол болып табылады. Сонымен қатар бұл механизмнің негізгі нәтижесін беруге ықпалы жоғары –әр педагогтың өзін- өзі жетілдіруге ынталығы мен құбыл болуы, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің сипатына байланысты.

Оның тірегі мұғалімнің өзінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып келеді. Әрине бұл педагогтытардың біліктілігін, кәсібилігін жетілдіру бағыттарының мемлекеттік тұрғыда механизмі де дайындалған.

Ол мұғалімдердің диалог жүргізе алуы, ақпараттық технологиялар саласында құзырлы, белсенді, болашақ қалыптасқан еліміздің тірегін ұстаушы ұрпақты тәрбиелеуге дайын болуы үшін түрді педагогикалық шеберлік орталығында басшылыққа алатын біліктілікті жетілдіру сабақтарына қатысу жоспарлану керек. Мұнда мұғалімдерді жаңа мазмұнды бағдарлама бойынша кәсіби іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға бейімдеу және оның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз етілуі қажет:

-бағдарламаның негізгі идеяларына сәйкес рефлективті ойлау;

-оқыту үдерісін жоспарлау;

-кіріктірілген сабақтар топтамасын жоспарлау және іс жүзінде жүзеге асыру;

-оқушыларды оқу үдерісіне тарту;

-оқушыларды тиімді түрді жүйелі бағалау;

-өзінің оқыту үдерісі бойынша рефлексия;

-өзінің білім алу үдерісі бойынша рефлексия және оның болашақ педагогикалық тәжірибеге ықпалы [19].

Осы бағдарлама бойынша кәсіби деңгейін жетілдіру нәтижелері мына төмендегідей көрініс беру тиіс:

-бағдарламаның негізін құрайтын жеті модуль мәнмәтінінде мұғалімде тұжырымдамалық түсіну негіздерінің және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;

-мұғалімде өз тәжірибесі туралы сыни тұрғыдан ойлану (рефлексия) дағдыларының, өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуы;

-мұғалімнің оқушыларды білім алуға тарту үдерісін жандандыру әдістемесін меңгеруі;

-мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болуы [20].

Қазіргі мұғалімнен жаңа үлгіде кәсіби қызметінде мынадай басты құзыреттіліктерді талап етіп отыр [21]:

1. Жеке көшбасшылық:

-эмоционалдық коэффициент;

-икемділік;

-жеке шеберлік.

2. Ұйымдастырушылық көшбасшылық:

-ұйымдастырушылық оқыту;

-жүйелі ойлау;

-шығармашылық;

-тәлімгерлік.

3. Педагогикалық көшбасшылық:

-сыни ойлау;

-кооперативтік оқыту;

-күрделі оқыту;

-оқытуды бағалау.

4. Кәсіби көшбасшылық:

-зерттеу қызметі;

-мектептегі тақырыптық жоспарлауды дамыту.

Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістер бүгінгі таңдағы педагог тұлғасына байыпты талаптар қояды. Футурологтардың болжамдарына сәйкес, ХХІ ғасырдағы бастауыш мектебіндегі білім берудің өзекті проблемаларын шешу үшін шығармашылық өнімді еңбек етуге қабілетті, психологиялық-педагогикалық және жеке өзінің пәндік саласында жоғары құзыреттіліктерге ие, жоғары біліктендірілген шебер-мұғалім қажет.

Жалпы XXΙ ғасырдың педагогына қажетті қасиеттер төмендегідей сипатталады:

-этикалық педагог;

-құзыретті педагог;

-ынтымақтастықта білім алатын педагог;

-түрленетін көшбасшы;

-қоғамдастықтың дамуына белсенді қатысушы;

-сыни ойлау мен проблеманы шешуге үйретуші;

-оқушылардың ынтымақтастықта білім алуын қамтамасыз ету;

-ептілік пен бейімделушілік;

-жігерлілік пен кәсіпкерлік қасиеттерді;

-тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау;

-ақпаратты іздеу және оны талдау [22]. Мұны жүзеге асыруда мұғалім кооперативтік оқыту, сыни ойлауды дамыту стратегиясы, ақпараттық-байланыс технологияларын жік-жігіне дейін меңгеруі және тиімді қолданыла алу құзыреттілік тәжірбиесі болуы шарт.

Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Педагог маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптарды құрайды.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа мазмұнды мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет