Қайым Зәмзәгүл Сайфиддинқызы МҰҒалімнің КӘсіби-шығармашылық сипатын дамыту жолдары


Мекен жайы: Шымкент қаласы Өндірістік көшесі 5, №____ аудиторияда өтеді



бет2/4
Дата13.05.2020
өлшемі60,95 Kb.
#67958
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
автореферат Замзегул

Мекен жайы: Шымкент қаласы Өндірістік көшесі 5, №____ аудиторияда өтеді.


Автореферат 2017 жылы «____» ________ АӘИУ кітапханасында өткізілді.


Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Нуридинова Ж.


Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі 90 беттен және екі тарауды біріктірген бірнеше тақырыптан тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны - 142

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ел президенті Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» -деген болатын [1].

Осындай жаңа бастамаларын «Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі» [2], «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу»-деп нақтылады [3]. Осыдан 12 жылдық білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. Бұл нәтижеге қол жеткізу бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа құзыреттіліктерін талап етіп отыр. Жаңа құзыреттіліктер кәсіби педагогикалық шеберліктің жоғары мүмкіндігі болып табылады.

Жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімдерінен талап етіп отырған жаңа мазмұнды педагогикалық шеберлік жаңа қоғамға қажет етіп отырған педагог кадрдың кәсіби сапалық көрсеткіштер болып саналады. Ол қажеттілікті алғаш нұсқаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа формацияның педагогі керек. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл уақыттың талабы» деген еді [4].Сондықтан бүгінгі педагог қызметкерлері өздерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жаңа мазмұнға бағыттауы тиіс.

Жаңа ғасырдағы қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Қоғамдық өмірдегі бұл өзгерістерге жастардың жастайынан бейімделу қабілетін қалыптастыруға оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары жаңа сипаттағы ұстаздар еншісінде екені анық.

Кәсіби педагогикалық шеберлік - инновациялық жаңалықтар мен озат педагогикалық тәжірибенің бірлігі, жалпы кәсіби мәдениетінің даму нәтижесі, жеке тұлғаның дамуы және жетілуі, шығармашылығы [5]. Жаңа мазмұндағы бастауыш мектеп мұғалімге қойылатын талаптар – бұл педагогикалық қызмет табыстарының кепілі болар кәсіби сапалар жүйесі.

Зерттеу тақырыбымыздың шеңберінде ғылыми әдебиет көздерін талдау барысында Қазақстанда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлік негізі болып табылатын кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін колледж жағдайына кәсіби даярлау (Ш.Х.Құрманалина), жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігінің ерекшелігі (Б.Т.Кенжебеков), болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі жайлы зерттемесі (Г.Ж.Меңлібекова), мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалану әлеуеті (С.И.Ферхо) және т.б. теориялық зерттеулер жеткілікті екені көрінді.

Осы сияқты педагогикалық теорияларға сүйене отырып, жас бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби шеберлігінің жаңа мазмұны жайлы зерттеу, нәтижесінде жас мамандардың кәсіби шеберлігін ұштаудың жаңа жолдарын ұсыну қажеттігі туынды. Онда бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін оқытуда қолданылатын жаңа технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптардың жаңа ұстанымдары және сол бағыттағы педагог маманның құзыреттілігі, тәжірибесі, яғни жаңа тұрпатты маман кәсіби сапасын жетілдірудің жаңа жолын зерттеп ұсыну. Ендеше біздің зерттеуіміздің өзектілігі қазіргі қоғам өзгерістері талап етіп отырған өзгермелі жаһандану дәуірінде, әлемдік бәсекелестікке сай бола алатын, «өмірлік білім алу» ұстанымын «өмір бойы білім алу» ұстанымына [6] лайықты қызмет жасайтын жас мамандардың кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдірудің жаңа тұстарын дәлелдеу міндеттері тұрғысында болуында.

Зерттеу мақсаты: Жас бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдірудің жаңа мазмұнын ашу, оны теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің міндеті:

-білім беру жүйесінің реформалануы, оның ғылыми педагогикалық тұрғыда мәні мен мазмұнын ашу;

-жаңартылған бағдарлама бойынша білім беретін бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптарды іріктеу;

-жаңа қоғамның талап етіп отырған жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби ерекшеліктерін көрсету;

-бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіруді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бағдарлау жолдарын зерттеу;

-кәсіби педагогикалық шеберліктің жаңа мазмұнын көрсету;

-жас бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру және ұйымдастыру жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін зерттеу.

Зерттеу объектісі: Жас бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру жолдары

Зерттеу пәні: Жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру жолдары

Зерттеу болжамы: егер жас бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру кезеңімен жүзеге асырылса, нәтижесін бағдарлай білу әдістемесі дұрыс ұйымдастырылса, онда жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіруге қойылған нормативті қағидаларға сәйкес, жоғары нәтиже берері сөзсіз.

Зерттеу әдістері: Психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, тікелей және жанама бақылау, зерттеулер жүргізу, салыстыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет жас бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жаңа мазмұнда жетілдірудің жолдары мен нәтижелері зерттеліп отыр.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: жұмыс бойында зерттеліп, жинақталған материалдар бастауыш сынып мұғалімдері мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі: зерттеу жұмысы кезінде алдымен психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиет көздерін жан-жақты талдау және оларды зерттеу барысында негізге алынуы, тәжірибе-сынақ жұмыстарының педагогикалық мақсатқа сәйкестігі; тәжірибе-сынақ нәтижелерінің белгілі ғылыми-әдістемелік тәсілдерімен өңделуі арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы: Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласы, ҚР «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ ОҚО филиалы, Қ.Сәтбаев атындағы № 24 мектеп-гимназиясы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде талқыланды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет