Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С. Тақырып: Ньютон заңдарынан біз нені білеміз? Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/4
Дата16.10.2023
өлшемі72,16 Kb.
#185866
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ньютон заңдары Хабаева Г
Ньютон заңдары Хабаева Г
30
«Импульс»
1.F=m*a; F=50*4=200 H
2.a=F/m; a=150/75=2 м/с2
3.m=F/a; m=180/6=30 кг

F (H)

48

90

120

a (м/с2)

4

3

2

m (кг)

12

30

60
«Инерция»
m=F/a; m=48/4=12 кг
a=F/m; a=90/30=3 м/с2
F=m*a; F=60*2=120 H


2-тапсырма:
Сұрақтарға ауызша жауап беру. Сұрақ саны – 18 (Әр топтан кезек-кезек бір оқушыдан шығып,сұраққа жауап беру керек, оқушы өзі жауап бере алмаса қол көтерген кез келген оқушы жауап беруіне болады, бірақ ол жауап топқа ұпай әкелмейді. Міндетті түрде сұрақтардың бәріне жауап берілуі керек, оқушылар айта алмаған жағдайда, қиын сұраққа түсіндіре отырып жауапты өзім беремін).
1. Күшті қандай прибордың көмегімен өлшейді?
/динамометр/
2. Күш қандай шама? /векторлық/
3. Ньютонның 1-ші заңының тұжырымдамасын айт?
4. Ньютонның 2-ші заңының тұжырымдамасын айт?
5. Ньютонның 3-ші заңының тұжырымдамасын айт?
6. Инерция дегеніміз не?
7. Күштің өлшем бірлігі не? /Н – Ньютон/
8. Ньютон заңдарында масса мен үдеу қалай байланысқан, формуласын жаз?
9. Күштің өлшем бірлігі Ньютонды ашып жаз 1Н=? /Н=кг*м/с/
10. Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең? /қозғалмайды, Ғ=0/
11. Желкенді қайық өзіне орнатылған желдеткіштен шыққан ауа ағынның әсерінен қозғала ала ма? /қозғала алмайды/
12. Сындырып ішін ашпай-ақ піскен жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай ажыратуға болады. /айналдырғанда піскен жұмыртқа ұзақ айналады/
13. Ұлы палуан атамыз Қажымұқан екі қолына екі арқанның ұшын ұстап тұрып, арқанның екінші ұштарын екі түйемен екі жаққа қарай керіп тартқызған. Сонда екі түйе Қажымұқанның екі қолын жаза алмапты. Халық Қажымұқан екі түйенің күшіне тең күшпен арқанды керіп ұстап тұр деп есептеген. Осы пікір дұрыс па? /жоқ, күші бір түйеге тең/
14. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде француздық ұшқыш екі шақырым биіктікте ұшып бара жатып көз алдынан бір кішкентай нәрсенің қозғалып бара жатқандығын байқады. Ұшқыш оны шіркей екен деп ұстап алса, ол атылып шыққан оқ болып шығады. Мұны қалай түсіндіруге болады?
/ұшақ пен оқтың жылдамдығы бірдей/
15. Көлде екі қайықпен жүзіп жүрген ағайынды екі бала қайықтарынан жағаға секірді. Інісінің массасы 40 кг, ал ағасының массасы 60 кг болса, қайсысының қайығы көлдің ортасына қарай көбірек ығысып кетеді?
/ағасының/
16. Стақанның бетін қатты қағазбен жауып, оның үстіне тиын қойыңдар. Қағазды саусақтарының ұшымен шертіп қалыңдар. Қағаз ыршып кеткенде тиын неліктен стақанның ішіне түседі?
/инерция құбылысы бойынша/
17. Қайықты өзен ағысына қарсы жүргізем деп ескекші тырысқанымен, оған шамасы келмеді, қайық жағаға қатысты тыныштықта қала берді. Сонда қандай денелердің әсері теңгеріледі.
/қайықшының күші мен өзен ағысының күші/
18. Кестеде F күш әсерінен массасы мен алған үдеулердің мәндері берілген. Осылардың қайсысына
4 Н күш сәйкес келеді?




А

Ә

Б

В

Г

m

2 г

2 г

2 кг

2 кг

2 кг

a

2 см/с2

2 м/с2

2 см/с2

0,2 м/с2

2 м/с2



3-тапсырма: Графиктік жұмыс.
Қозғалыстың әрбір кезеңіне сәйкес денеге әсер ететін F күшті табу керек (тақтаға әр топтан кезек-кезек үш оқушыдан шығу керек).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет