Қайырлы күн, құрметті Қайрат Жұмашұлы және конфренцияға қатысушылар! «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»



бет2/2
Дата12.10.2020
өлшемі18,77 Kb.
#65630
1   2
Педагог ұжымына – тақырыптық жоспарлауды, электрондық сынып журналдарын және күнделіктер жүргізу;

Оқушылар үшін – әр түрлі пәндер бойынша өз үлгерім рейтінгісінің өзгерістерін қадағалайды, сабақ кестесіндегі өзгерістерді, үйге берген тапсырманы уақытында біледі;

Ата-аналар үшін – өз баласының бағаларын, сабақ кестесін, үйге берген тапсырмаларын, сабаққа қатысу және дайындық сапасын бақылай алады.

Мектеп мұғалімдері модуль материалын меңгеруде жаңашыл педагогикалық әрекеттерді, компьютерлік сауаттылық саласын, ғаламторды, мультимедианы пайдалану, мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдеу дағдыларын тәжірибеде игеріп, қолдануды үйренді.

Мұғалім үздіксіз ізденуі, жаңа заман талабына сай жаңаша көзқараста болуы, сонымен қатар өз білімін ақпаратты технологиялармен ұштастыра білуі – мұғалім бойындағы ең негізгі қасиет. Шәкіртіне жан- жақты білім беру үшін жеткілікті білім қоры болуы және білімін үздіксіз жетілдіріп жаңартып отыруы қажет.

Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің қатысуымен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының бірінші (ілгері) деңгейін оқып, оны өз тәжірибемде қолданып, мұғалімдік кәсіптің заманауи талаптарға сай жетістіктерін жете түсіне бастадым

Менің жұмысымның мақсаты – әріптестеріме коучинг сабақтары арқылы курс мазмұнын түсіндіріп, сонымен қатар бағдарламаның жеті модулінде көрсетілген жаңа әдіс-тәсілдерді тарату еді.

Коучинг үдерістерін жүйелі жүргізу арқылы мектептің оқу үрдісіне жаңашылдықтар енгізілуде. Коучинг сабақтары жылдың басында мектептің жұмыс жоспарына енгізіліп, әр мұғалімнің білім жетілдіру жоспарын қамтып отыр. Коучинг тақырыптары тәжірибе алмасуға қатысушы мұғалімдердің кері байланыстары арқылы таңдалып өткізіледі. Сындарлы оқытуға негізделген жеті модуль, орта мерзімді жоспар құру және "Lesson Study" үдерісі тақырыптарында өткізіледі. 2014 жылы коучинг сабақтарына жүйелі түрде мектебіміздің 24 мұғалімі қатысты, олардың ішінде 7 мұғалім өз іс-тәжірибелерінде қолданады.

Ұстаздардың іс-тәжірибесін, кәсіби білімін жетілдіруіне көмек көрсету үшін коучингтердің тиімділігі бар. Коучинг сабақтары арқылы мұғалімдерге жаңа әдістерді үйрете отырып, бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби жұмыстарында оқушыларға нақты және жан-жақты білім беруге көңіл бөлінеді.

Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық технология модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп еңбектенуді қажет етеді. Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі – тренинг. Тренинг оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды тәсіл. Себебі, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингісін ұйымдастырғанда, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сыйластық танытады. Топтық жұмыс – бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі еді. Бұл әдіс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.

Сыни тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО-ды ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Әрине, сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет, тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отыру қажет. Соның нәтижесінде оқушылардың сабаққа және пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Әр сабақтың қорытынды кезеңінде оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, түсіндіріп отыру тиімді. Бұл – менің тәжірибемдегі ең басты жаңалық. Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырамын. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс-әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім – нұсқаушы, оқушы – ізденуші екендігі айқындалды. Сабақтың төрт кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың қолданылуы тиімді.

Құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу арқылы оқушылар білімді өз бетімен оқып-үйрене алады, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінеді, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады, ой еркіндігі дамиды.



Бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану арқылы «Ұлағатты ұстаз» атты ІІІ Республикалық оқытушылар конкурсына, сондай-ақ «Менің инновациялық сабағым» атты І Халықаралық оқытушылар сайысына қатысып, жетістіктерге жетуіме мүмкіндік берді.

Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түскен. «Кембридждік» оқыту жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауына, ойлануына мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілеймін!
Каталог: images -> news -> 2014
news -> Іс қағаздарының түрлері: Іс қағаздарының түрлері
news -> Тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
news -> Сабақты тақырыбы: Ұлы, кемеңгер, ақын Абай Құнанбаев. Грамматикалық тақырып
news -> Стиль-сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы
news -> А. Байтұрсынов атындағы Қму тілдік даярлау орталығы
news -> -
news -> Республикалық маңызы бар ескерткіштер Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ
news -> Мақсаты: Мақсаты: Көркем туындыдағы идеяға көз жүгірту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет