Айтыс: ой жарысы; сөз жарысы


Сапарғали: Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#92936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
айтыс
айтыс, коучинг
Сапарғали:
  • Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
  • Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,
  • Ұшырса, қондырса да еркі адамда
  • Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп.
  • Н ұ р ж а н:
  • Мысалы жайса зонтик құс секілді,
  • Тетігі қолда болған іс секілді,
  • Жауса пана, күн шықса көлеңкесі,
  • Достығы бейне сіз бен біз секілді.
  • Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.
  • Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да кездеседі.
  • Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ой-санасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше.
    • Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.
    • Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.
    • Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ, кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.
    • Қыз бен жігіттің айтысы - салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.
    • Сауық құрған жастар қыздарды мақтап не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқыштыққа құрылады.
    • "Омарқұл мен Табияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.
    • О м а р қ ұ л:
    • ...Ақылың болса сөзді аңғар деймін,
    • Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін.
    • Сергелдең сенің үшін болдым талай,
    • Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...
    • Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін.
    • Т а б и я:
    •  Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің,
    • Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін.
    • Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын,
    • Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім,
    • Арасын екі ауылдың болжал етіп,
    • Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.
    • Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,
    • Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім...
    • Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет