Академиялық Қазақ тілі: теориясы мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата23.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#127977
  1   2   3   4
Байланысты:
Мақала. Ақбұзауова Б. НУ.
Merey Otan Final Thesis


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ: ТЕОРИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 

Ақбұзауова Бақыт  

Назарбаев университеті  

 

Ақпараттық  технологиялардың  дамуы,  ғылыми  қатысымның  жаһандануы 

ЖОО-ның  қоғамдық  маңызды  мәселелерді  шешудегі  рөлінің  артуы  батыс 

ғылымында,  АҚШ-та    академиялық  тіл  үйретудің  негізгі  пәндердің  болып 

қалыптасуына  ықпал  етті.    Қазақстан  ғылымының  да  ғаламдық  коммуникацияға 

түсетін кезеңі әлдеқашан басталды деуге болады. Алайда оның теориялық әдістемелік 

базасының және мамандардың  жоқтығы бұл үдерісті кешеуілдетіп отыр. Акадеиялық 

тіл  немесе  ЖОО-да  білім  алуға,  ғылыми  қатысымға    түсуге  көмектесетін  тілдің 

қажеттілігін, студенттердің өз аузынан да  жиі естиміз. Мәселен, «қазақ тілінде ғылым 

бар ма?- деген сұрақтарға, көбінесе жоқ деп жауап береді. Уәждері – біз пайдалана 

алатын  қандай  ғылыми  еңбек  бар?    Мәселенің  осылай  қойылуының  өзі  батыстық 

зерттеу  әдістерін  меңгеруді,    оның  жазу  әдістемесін  қазақ  тіліне  қолданудың 

қажеттілігін көрсетеді.  

Академиялық қазақ тілі курсының құрылымы мен талаптарын  жасап, енгізген 

кафедарадағы  шетелдік  әріптесіміз  –  Фунда  Гүвен.    Бұл  курс  Назарбаев 

университетінде  2018 жылдың күзінен бастап оқытыла бастады.  Бағдарлама бір жыл 

апробациядан өтіп, оқу бағдарламасына міндетті курс ретінде енгізілді. «Академиялқ 

қазақ тілі курс» (бұдан былай АҚТ- қысқартқан біз- Б.А.). АҚТ-1, АҚТ-2 деп аталатын 

екі  кезеңнен  немесе  екі   сатыдан  тұрады.    Бұл  мақалада    сөз  АҚТ-2  курсы  туралы 

болмақ. Бұл курстың қажеттілігі мемлекеттік тілді оқытудағы талапты күшейту, тілді 

үйретуде  халықаралық  стандарттарды  пайдалану,  студенттердің  жоғарғы  С 

деңгейінде оқуға дайындығын қамтамасыз ету, бір сөзбен айтқанда, ғылыми ортада 

толыққанды академиялық қатысым жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.  

  Академиялық  қазақ  тілінің бұрынғы  қазақ  тілінен  айырмашылығы  не?    Осы 

сұрақтың  жауабы  пәннің  теориялық  негіздемесі  болып  табылады.  Ал  ондағы 

қолданылған әдістеме мен ОӘК осы курстың ерекшеліктерін түсіндіреді.  

Жалпы  академиялық    қазақ  тілі  Қазақстанда  бұрын  оқытылған  ба,  

студенттердің  яғни  болашақ  мамандардың  ғылыми  зерттеулер  жасауы,  мақалалар 

жазуы қалай жүзеге асырылған десек, бұл істе тағы да кеңестік кезде қаланған немесе 

берілген білім еске түседі. Біз кезінде университетте оқығанда реферат, мақала, курс 

жұмысын,  диплом  жұмысын  жаздық.  Алайда  оның  бәрі  бізге  арнайы  оқытып, 

жаттықтыру жұмыстары жасалған жоқ. Біз  өз бетімізбен бұрынғы жазылған үлгілер 

бойынша жазып жүрдік. Тәуелсіздік кезеңінде де сол біліммен келген оқытушылар  

сол үлгімен жалғастырды.  Қазақстан Болон үдерісіне қосылған соң  ЖОО-да ғылыми 

жұмыстарды  жазу,  ғылыми  стильмен  таныстыру  талаптары  болды.  Мәселен,  әл-

Фараби  атындағы  ҚазҰУ-де  магистратура  курсында  «Қазақ  тілінің  ғылыми  стилі» 

курсы енгізілді. Бұл курс та  аз уақыт жүріп бағдарламадан алынып тасталды. Алайда 



уақыт  өтіп  жатыр,  бұл  уақытта  да  магистрлік,  философия  докторының 

диссертациялары  қорғалып  жатыр.  Бірақ  тағы  да  өз  ізденістері  мен  үлгі  бойынша 

жүріп  жатқаны  анық.  Ал  қазақ  тілін  ғылым  тіліне  айналдыру,  қазақ  тілінде 

халықаралық    талаптар  бойынша  мақала  жазу,  ғылыми    дискурсқа  қатысу  күн 

тәртібінде әлі тұрған мәселе.  

Жалпы  осы  курсты  оқыту  барысында  Қазақстандағы  тіл  үйретуде 

«академиялық»  курстардың  бар-жоқтығына  және  оның  қандай  бағытта 

оқытылатындығын  анықтау  үшін  ЖОО  –ларда  оқылатын  курстардың  тізімін,  оқу 

бағдарламасын    іздестіріп  көрдік.  Қолымызға  түскен  бағдарламаға  назар  аударсақ,  

мұндай  курстар  эссе  жазуды  үйрету  бағытында  өтетіні,  сондай-ақ  кейбір  курстар 

академиялық  деп  аталмай-ақ  эссе  жазуды,  ғылыми  тілде  сөйлеуді  үйрететіндігі 

белгілі болды.  Бұл заңды да. Себебі академиялық тілдің нақты анықтамасын беру өте 

қиын болып табылады.   Және оқу орындарының қойған талаптарына да байланысты  

кез-келген  академиялық  тілдің  арнайы  тілдік    дағдылары  әртүрлі  болатындығы 

белгілі  [1].  Осы  тұрғыдан  алғанда  Назарбаев  университетінде  оқытылатын 

«Академиялық қазақ тілі» курсының өзіндік ерекшеліктері бар деп айта аламыз. АҚТ 

екі  компоненттен  тұрады:  1.  академиялық  тілді  оқыту;  академиялық  тілді  бағалау. 

Академиялық тілді оқыту дегеніміз не, деген сұраққа жауап беру үшін «академиялық» 

сөзінің  қазіргі  қолданыстағы  мағынасына  зер  салайық.    Академиялық  тіл  бізге 

батыстан  келген  ұғым.  Оның  алғашқы  мағынасы  «Риторикадан»  басталады.  Оның  

ғылыми  -  теориялық  және  әдістемелік  негізін  қалаушылар  батыс    негізінен  АҚШ  

ғалымдары  (  G.Campbell,  L.Ryan,  S.Jarratt,  J.Bean,  A.Young,  S.Lynn,  K.Hyland, 

M.A.Lea, B.Street, L.D.Latulippe, C.Bazerman, J.Flowerdew, C.Candlin  т.б.). болғанын 

және ол еңбектердің Кеңес өкіметімен тұспа-тұс келгендіктен кеңес ғалымдарының 

бұдан  хабарсыз  екендігін  белгілі.  Егер  Ресей  ғылымында  «академиялық»  термині 

2000 жылдары еніп, ол туралы талқылаулардың болғанын көрсек [2; 4].  Қазақстан 

ғылымында да бұл терминннің кешеуілдеп келгенін байқаймыз. Бұл туралы қандай 

да бір ғылыми пікірталастың болмағаны да рас.  Дей тұрғанмен бұл салада жазылған 

мақалалар мен оқу құралдарының болуы, Қазақстан ғылымында да академиялық тіл 

үйретудің  басталғандығын  жекелеген  зерттеушілердің  жұмыс  істеп  жатқандығын 

көреміз.    Мәселен,    Ф.К.    Исенованың,    Б.Б  Динаева  мен  С.М..Сапинаның,  Қ. 

Дүсіпбаеваның  еңбектерін  атап  өтуге  болады.  Әрине  бұл  тараптағы    зерттеулер 

мұнымен шектелді деп ойламаймын [3,4,5].  

Академиялық тіл ұғымы ағылшын тілі пәнімен  байланысты болғандықтан, 

меңгеруге  тиісті  құзіреттіліктері  қазақ  тіліне  де  тән  дағдылар  болып  табылады. 

Академиялық  тілді,  академиялық  мәтін  құрастыруды  меңгермеген  студент 

университетте  оқи  алмайды  деп  есептелген.  Олар:  «академиялық  жазу», 

«акдемиялық оқу», «акдемиялық мәтін», «акдемиялық сөйлеу».  Академиялық тіл – 

тәртіп тілі, оны оқушылар кез-келген салада дұрыс қолдануды үйренуі қажет [1]. 

Академиялық  тілді  тиімді  түрде  оқыту  үшін  мұғалімдер  оқушының  тілдік 

қабілеттері  жайлы  толық  мағлұматы  болу  қажет.  Тіл  үйрету  студенттердің  

қабілеттерін  әрі  қарай  дамытып,  оларды  қарым-қатынас  жасаудың  негізгі 




нормаларына  үйретуді  мақсатында  болмақ.      Тіл  айырмашылығы    тіл  үйренуде 

студенттерге кері әсерін тигізеді деп  есептейді Маргарет Григоренко 

[6; ].

 

Осы тұрғыдан қарастырсақ, Назарбаев университетінде студенттердің басқа 



Қазақстандағы  басқа  ЖОО-дай    курс  бойынша  емес,  тілдік  деңгейіне  қарай  

топтастырылуы,  сондай-ақ  қазақ  тілі  курсына  тіркелу  дағдыларын  анықтайтын   

диагностикалық  тестің  нәтижесі  бойынша  жүретіндігі  тілдік  білімді  деңгеймен 

оқытуға  мүмкіндік  береді.  Аталмыш  оқу  орнында  жүретін  АҚТ-2  курсы    АҚТ-1 

курсында алған білімді дамытып, кәсіби С деңгейіндегі қазақ тілін ала алатындай 

мүмкіндік береді.  Жоғарыда айтылып кеткендей, академиялық   қазақ тілі ауызекі 

тіл мен стандарт тілдің арасын ажыратуға  бағытталған. 

Бастапқы кезде академиялық тіл тек білім беру мекемесін сәтті аяқтау үшін қажет 

деп  саналды.  Алайда  академиялық  тіл  онымен  шектеліп  қалмайтындығын  тәжірибе 

көрсетуде.  Өйткені  академиялық  білім  дегеніміз  білім  берушінің  білім  алуды 

ұйымдастыруын,    студенттің  өз  бетінше  ізденуін,  оқытушымен  әріптестік  қарым-

қатынаста болуын сыни ойлауын, өз пікірі  мен көзқарасын дәлелдей алатын маман 

болып шығуына бағытталған.  

 

Осы мақсаттарды көздей отырып, АҚТ курсы келесі 



бағдарлама бойынша жұмыс істейді.  

 

Оқылым.

  Арнаулы  әдебиет  немесе  ақпараттық  материал:  публицистикалық, 

ғылыми-көпшілік, ғылыми мақалалар, монографияның   бөлімдері, тараулары –150 

бет; 

 Көркем  шығарма:  әңгіме,  повесть,  роман  -  400  бет;  (Ұсынылған  көркем  әдебиет 



тізімінен өз таңдауы бойынша). 

Барлығы -500-550  бет; 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет