Академиялық Қазақ тілі: теориясы мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата23.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#127977
1   2   3   4
Байланысты:
Мақала. Ақбұзауова Б. НУ.
Merey Otan Final Thesis
Тыңдалым

.  Студенттің  аутентті  материалдарды  тыңдауы,  түсінуі  ол 

бойынша  тапсырмалар  орындауы  маңызды  әрекеттердің  бірі  болып  табылады.   

Дәрісханада    3-5  минуттық  бейнефильмдер    тыңдалса,  үйде  0,5-1сағатқа  дейінгі  

докуменаталды  фильмдер  көріп,  тапсырмалар  орындалады.  Бұл  бейнефильмдер 

өтілген  тақырыптармен  тікелей  байланыста  болады  және  олардың  мәдени-

танымдық,  әлеуметтік маңызына баса мән беріледі.  

Академиялық тіл курсының   негізгі  міндеті: кітаби жазба лексиканы қолдану, 

мәтіндердің  аутенттілігіне  мән  беріледі,  шығармашылық  және  сыни  ойлау 

дағдысын қалыптастыру.   Ол үшін келесі жасалатын жұмыстар келесі талаптарға 

сай болу керек:  

• 

Сөйлемнің  күрделілігі. Мұнда  құрмалас  сөйлемдер,  есімшелі  оралымдар, 



ырықсыз етіс  формасы күрделі зат есімдер  көбірек қолданылады. Грамматиканы 

ұқыпты әрі дәл қолдану міндетті. Оған қоса, (Мысалы: Академиялық жазу стилін 

пайдалану, ұлттық жаңалықтарға назар аудару басты мәселе болып табылады). 

• 

Ресми  тіл.   Ауызекі  сөйлеу  тілін,  қарапайым  сөздерді  қолданбау; 



(Публицистикалық шығармаларда аздап кездеседі). 

• 

 Объективті    болуы. Қолданылған  дата,  дәлел,  пайымның  бәрі  жеке  бастың 



пікіріне құралмауы тиіс.  

• 

Айқындылығы. Жазылған  мақала  оқырманға  нақты  түсінікті  болуы  тиіс. 



Әрбір параграф бір-бірімен байланысты болуы шарт. Яғни  жазбаны оқыған адам 

А-дан қалай Б-ға секіріп кетуіне болмайды.  

• 

Нақтылық. Сөздерді орын-орнымен жазу міндет. 



• 

Ұстаным. Әрбір  академиялық  мақаланың  соңында  сол  жазбаның  нақты 

ұстанымы  болуы  керек  және  дәлелдер  мен  пайымдар  соны  дәлелдеуге  құрылуы 

тиіс. 


АҚТ-1  және  АҚТ-2  пилоттық    курстар  ретінде  Назарбаев  университетінің 

«Қазақ  тілі  және  түркітану»  департаменітінің  тілдік  білім  беру  саясатына 




өзгерістер енгізген жобалар болып табылатынын айту маңызды деп есептеймін. Бір 

жыл бойы бұл курстар департаменттің басшылығының назарында болып, кафедра 

оқытушылары өз пікірлері мен ұсынынстарын айтып отырды. Осы пікрлерді және 

студенттерден алынған сауалнаманы ескере отырып келесі өзгерістер жасалды.   

Алғашқы  бағдарлама  бойынша    бұл  курста  біз  5  эссеге  дейін  ұсынып, 

академиялық  жазылымға  баса  мән  берген  едік.  Алайда  семестр  соңында 

студенттерге  жүргізілген  жасырын  сауалнама  бойынша  және  жазба 

жұмыстарының сапасына қарап, олардың жиілігі жұмыс сапасын арттырмайтынын 

және  студенттерге  дайындық  уақытының  тапшылық  ететіні  белгілі  болды.  

Сонымен 5 аралық эссенің орынына  2 аралық эссе,   бұрығын ғылыми жобаның 

орнына  1  зерттеу  эссе    және  қорытынды  емтихан  эссесін  қалды,  сәйкесінше  сөз 

саны  артты.    Есесіне  жаттығу  жұмыстарының  көлемін  көбейту  арқылы 

сауаттылықты арттыруға мән беріледі.  

Оқылым бойынша  келесі өзгерістер болды.  Сөзік қорды арттыру мақсатында, 

сондай-ақ қазіргі жастардың кітап оқымайтындығын, әсіресе қазақ тілінде кітапты 

өте  аз  оқитындығын  байланысты  450  бет  көркем  әдебиет  оқуға  берілетін. 

Сауалнама  бойынша  бұл  тапсырманы  студенттердің  қолдайтыны  және  олардың 

алғаш  рет  қазақ  романы  немесе  повесін  оқығаны  белгілі  болды.  Алайда  түрлі 

эсселер мен тапсырмаларды оқу барысында олардың ақпаратық материалды 100 

беттен артық оқитындығы ескеріліп, көркем әдебиет көлемі 400 бет, ақпараттық 

материал 150 бет көлемінде ұсынылады.  

  Академиялық тіл үйретуге қатысты еңбектерді қарасақ, ақпараттық технологияның 

білім  берудегі  пайдасына  ерекше    мән  береді.    Оқытушылар  өз  кезегінде  тек  тілді 

үйретумен  шектеліп  қоймай,  барлық  қолжетімді  ақпаратқа  жетелеп,  жол  көрсетуі 

қажетігі. Бұл мүмкіндіктің арқасында тіл  үйретушілер  ақпараттық технологияларды 

қолданып,  тек  бір  оқушының  тілдік  дағдыларын  дамытып  қоймай,  бүкіл  студент 

қауымының  тіл  игеріп,  үлкен  қадам  жасауына  мүмкіндік  береді  [1].  Назарбаев 

университетіндегі Moodle жүйесі студенттерді қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз 

етуге  және  сол  тапсырмаларды  тексеру  барысында  тест    тапсырмаларын,    толық 

жауап  жазу    тапсырмаларын,  сондай-ақ  терминология  мен  ұғымдарды,  жаылымы 

жұмыстарын  тексеруді  ғана  емес  бағалау  үшін  де    ыңғайлы.  Сондай-ақ  осы  жүйе 

арқылы кері байланыс орнату, студент жұмыстарының қателіктері мен кемшіліктерін,  

жетістіктерін комментарийлерді өз көзімен көруіне, оны келесі жұмыста болдырмауға 

мүмкіндік береді.   Үлгілерін төмендегі суреттен көре аласыз.  

Интернет ресурстарын пайдаланудың тағы бір тиімділігі – студент өз бетімен  

түрлі  форматағы  аутентті  материалдармен:  БАҚ  материалдары,    ғылыми-көпшілік, 

ғылыми мақалалар, аудио және бейнефильмдермен жұмыс істейді, статистика, түрлі 

диаграммалар мен  ксте, сызбалар.

 

Осы тұрғыдан алғанда  қажетті сілтемелерді ұсыну  



арқылы  ғылыми  жұмыстармен  немесе  баспасөз  материалдарымен  қамтамсыз  ету, 


студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне игі әсер етеді. Қазіргі жаһандану заманында бір 

ғана оқулықпен немесе, басып шығарылған материалдармен жұмыс істеу студенттің  

тіл үйрене отырып білім алуына шектеу болып табылады. 

 Тіл  үйретуде  грамматика,  яғни  сауатты  жазу  бірінші  кезекте  тұрады. 

Академиялық тіл үйретуде  де студенттер белгілі бір дайындықпен келгенмен, мәтін 

құрастыру  барсында  грамматиканы  дұрыс  қолдана  білудің  маңыздылығы  студент 

жұмысын  тексергенде  бірден  белгілі  болады.    Курста  басты  назар  аударылатын 

мәселелер:    синтаксис  бойынша  –сөйлемді  дұрыс  құру,  сөздердің  орын  тәртібі; 

сөйлемнің мағыналық түрлері; морфология –  септік жалғауларын дұрыс қолдану, ілік 

септігінің  жасырын  түрі  мен    қатыстық  сын  есіммен  келген  анықтауыштық 

қатынастағы сөздерді шатастыру( компьютер класы//компьютерлік класы); лексика – 

сөздерді  мағынасына,  контекске  қарай  дұрыс  қолданбау,  стильді  сезінбеу;  

пунктуацияны дұрыс қолданбау (әсіресе шылаулармен байланысты). 

 Қорытып  айтқанда,  «Академиялық  қазақ  тілі»  курсы  –  жоғары  оқу  орнында 

білім  алуға  мүмкіндік  беретін  құрал,  ғылыми  коммуникацияға  түсуге  дайындық.  

Назарбаев университетінде бұл курсты оқытудың алғышарттары және мүмкіндіктері 

бар. Олар: білім алушының тілдік деңгейін анықтайтын диагностикалық тест; тілді 

студенттердің  курсы бойынша емес, тілдік деңгейі бойынша  оқуы. Ол деңгейлердің 

бірнеше сатыдан тұруы. Алғашқы дайындық –АҚТ -1, курсы, негізгі дайындық АҚТ 

-2  –де  жасалады.  Студенттің  тілдік  және  әлеуметтік    білімін  дамытатын  модульдік 

курс бағдарламасы.  Осы білімін  С1  деңгейінде  яғни кәсіби қазақ тілі пәндерінде 

пайдалана алуы.  Курс тапсырмаларының 4 әрекет бойынша жіктелуі әрі бағалануы.  

Бағалаудың  және  кері  байланыстың  Moodle    жүйесі  арқылы  жүзеге  асуы.    Курс 

соңында студент сауалнамалары арқылы  пәнді үнемі жетілдіріп отыру.  




 

Бұл суретте студенттің мoodle арқылы тексерілген жұмысы мен оған жазылған комментарий 

және  бағалау  берілген.  Жұмыстың  21%    интернет  материалы  екендігін  жүйе  анықтап  тұр.

 

 



 

 Бұл суретте студенттің берілген сайттағы мәліметтермен танысып жазған салыстыру 

эссесі. Студент өз жұмысындағы сайттағы диаграммаларды аргумент ретінде  пайдаланған. 



 

Бұл суретте мoodle-дағы бағалау жүйесі берілген. Студент өз жұмысының нәтижесін

жетістігі мен кемшілігін көріп отырады. 

 

Пайдаланған әдебиет 



1.

 

Cummins    Academic  Language  Learning,  Transformative  Pedagogy,  and  Information 



Technology:Towards a Critical Balance.  

2.

 



 Короткина  И.Б.  Модели  обучения  академическому  письму.  Зарубежный  опыт  и 

отечественная практика. Монография. Москва. : Издательство «Юрайт», 2018.  

3.

 

Динаева  Б.Б.Сапина  С.М.  Академиялық  сауаттылықтың  теориялық  және 



практикалық негіздері. – Астана, 2016. - 164 б. 

4.

 



Исенова  Ф.К.  Учебно-методическое  пособие  по  изучению  дисциплины 

«Академическое  письмо  и  чтение»  (модуль  2  «научная  ориентация»).  –  Астана: 

Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. – 150 с. 

5.

 



Дүсіпбаева Қ.С. Эссе жазуға арналған 10 сабақ. – Алматы, 2017. - 128 б. 

6.

 



Margaret 

Grigorenko. 

Brief 


Introduction 

to 


Academic 

Language. 

https://digitalcommons.cedarville.edu/education_publications/73/

 

7.



 

Green B. The new literacy challenge//Literacy learning: Secondary Thoughts.1999.vol7, 

No.1.P.36-46 

8.

 



Күзекова  З.С.  Қазақ  тілінің  функционалды  практикалық  грамматикасы.  Астана, 

2015. -180 бет. 

9.

 

Күзекова З.С. Қазақ тілі. Практикум. Астана, 2010; -131 бет. 



10.

 

 Короткина И.Б.  Академическое письмо: Процесс, продукт и практика. Москва. : 



Издательство «Юрайт», 2015. 295 с.   

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет