Академиясы эссе тақырыбы: Нәруыздар және оның биологиялық рөлі Орындаған: Ертай Ғалымжан Тобы: жмқБ-05-21



Дата09.10.2022
өлшемі52,02 Kb.
#152358
Байланысты:
Эссе Ертай Ғ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ


Биология және биохимия кафедрасы



ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН
МЕДИЦИНА
АКАДЕМИЯСЫ

ЭССЕ

Тақырыбы: Нәруыздар және оның биологиялық рөлі


Орындаған: Ертай Ғалымжан
Тобы: ЖМҚБ-05-21.
Қабылдаған: Ордабекова А.Д

Шымкент, 2022 ж


Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын амин қышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларға тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Амин қышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекулярлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Барлық тірі организмдер негізінен, нәруыздардан тұрады. Нәруыздар барлық жасушалық құрылым құрамына кіреді. Жасушаның құрғақ массасының 80% немесе орташа алғанда 70% су алады деп есептегенде шикі массасының 20% құрайды.
Өсімдіктер мен кейбір бактериялар судан, көмірқышқыл газы мен қүрамында азоты бар заттардан барлық аминқышқылын синтездей алады. Адам мен жануарлар аминқышқылын тек қорекпен алады. Олардан ағза өз нәруыздарын түзеді. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, қытайбұршақ (соя), бұршақ, асбұршақ және кейбір өсімдіктер нәруыздарға бай. Нәруыздардың энергетикалық қызметі көмірсулардағы сияқты. Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Солардың кейбіріне сипаттама берейік.
Нәруыздардың қорғаныш қызметі иммунитетті қамтамасыз етуден тұрады. Адам ағзасы мен жануарларда қорғаныш нәруыздары -антиденелер түзіледі. Олар ауру тудыратын микроағзалардың тіршілік әрекетін жояды. Сонымен қатар фибриноген сияқты нәруыздар қанның ұю үдерісіне қатысады. Сүйек нәруызы — оссеин мен сіңір нәруызы — коллаген механикалық қызмет атқарады.
Бұлшық ет нәруызы — актин мен миозин жиырылғыш қызмет атқарады.Гемоглобин нәруызы тасымалдау қызметін атқарады. Ол қанның құрамында болады да, оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Түсі бар нәруыздар пигменттік қызмет атқарады. Мысалы, тері-дегі — меланин, шаш, көздің қасаң қабықшасы. Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Мысалы: сигнал беру, жылу оқшаулау және т.б.
Нәруыздардың көпшілігі суда жақсы ериді. Сондықтан олар өздерінің биологиялық қасиеттерін судағы ерітіндісінде көрсетеді. Бірақ ерімейтін нәруыздар да бар. Мысалы, сүйек нәруызы оссеин немесе буын нәруызы, сіңір және тері нәруызы коллаген суда ерімейді. Нәруыздардың қасиеттері алуан түрлі. Ол нәруыздардағы аминқышқылдарының құрамы мен мөлшерінің де әртүрлі болуына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет