Академиясы «ЖАҺандық ҚҰзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұСҚаулық



бет82/82
Дата26.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#182463
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Жаһандық құзыреттер 5-9 кл

ГЛОССАРИЙ



Ұғым

Ұғымның түсініктемесі

Аккаунт

әлеуметтік желілерде тіркелгеннен кейін жасалатын пайдаланушының жеке беті немесе жеке кабинеті

Белсенді табыс

белгілі бір қызмет нәтижесінде алынған тұрақты табыс

Банкнот

мақтадан дайындалған қағаз негізінде жасалған ақша белгісі

Банк депозиті

тұлғаның пайыздар түрінде кіріс алу мақсатында Банкке берген ақша сомасы

Банктік несие

банк белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен беретін ақша сомасы

Банктің банкроттығы

кредиттік ұйымның өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы

Бартер

келісім-шарт, ақша жұмсамай, тауарды тауарға, тауарды қызметке, қызметті қызметке ауыстыру арқылы жүзеге
асырылады

Кепілсіз несие

Банк үміткер адамдардың төлем қабілеттілігі туралы өз қорытындысына негізделе отырып беретін кредит

Тіршілік қауіпсіздігі (ТҚ)

адамның денсаулығына, өміріне, мүлкіне, заңды мүдделеріне қауіп төндіретін қауіпті факторлардың туындау мүмкіндігі төмен болған кездегі қоршаған ортаның, еңбек және оқу,
тамақтану және демалыс жағдайларының қолайлы, қалыпты жай-күйі

Блогер

Әлеуметтік желіде үнемі жаңа жазбалар жариялайтын, интернеттегі «блог» күнделігін жүргізетін адам

Буллинг

қасақана, тұрақты қудалау, онда қылмыс жасаушы мен агрессорлық күштердің басымдығы айқын көрінеді;
психологиялық, физикалық, ашық және жасырын қысым түрлері

Бюджет

кірістер мен шығындардан тұратын қаржылық жоспар

Бюджеттеу

бюджеттерді жоспарлау және әзірлеу

Валюта

тауарлар мен қызметтердің құнын анықтайтын белгілі бір мемлекеттің айналымындағы ақша

Видеохостинг

браузерде бейнелерді жүктеуге және қарауға мүмкіндік беретін веб-сервис, мысалы, арнайы ойнатқыш арқылы

Тәрбие

белгілі бір білімді, көзқарастар мен сенімдерді, адамгершілік құндылықтарды, саяси бағдарларды, өмірге дайындықты
қалыптастыру мақсатында қоғамдық институттар тарапынан адамға мақсатты әсер ету

Икемді құзыреттер немесе жұмсақ құзыреттер

мамандандырылмаған қызмет түрлерімен байланысты ғылымның мүлдем басқа салаларынан жинақталған білім мен дағдылардың жиынтығы, қажетті кәсіби емес мәселелерді шешу үшін осы білімді біріктіру және тиімді пайдалану
мүмкіндігі

Гиподинамия

төмен физикалық белсенділік салдарынан бұлшықет күші
төмендеп, бұлшықет атрофиясы пайда болатын патологиялық жағдай

Жаһандық қатысу

жергілікті, ұлттық және халықаралық өлшемдердегі жаһандық сын-тегеуріндерді зерделеу, ден қою және ұғыну

Жаһандық құзыреттер

басқа мәдени ортаға жататын адамдармен жеке немесе виртуалды қарым-қатынаста және жергілікті, аймақтық, жаһандық мәселелерді шешуге жеке тұлғалардың қатысуымен




сәтті қолданылатын білім, дағдылар, көзқарастар, қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі

Гонорар

әдеби, музыкалық, ғылыми шығарманың авторына төленетін ақшалай сыйақы

Азаматтық ұстаным

жеке адамның мемлекетке, құқыққа, азаматтық қоғамға, өзіне тән қоғамдық игілікке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар қызметті жүзеге асыратын белсенді азамат ретінде құндылық ұстанымдарының жүйесі

Азаматтық

жеке адамның өзі өмір сүріп отырған қоғамға қатысты құқықтары мен міндеттерін түйсінуінен көрінетін жеке
тұлғалық қасиеті.

Девальвация

бір елдің валютасы бағамының басқа мемлекеттердің тұрақты валюталарына қатысты төмендеуі

Жалған ақпарат

жалған немесе бұрмаланған ақпарат

Ақша

тауарлар немесе қызметтер құнының өлшеуіші болып табылатын жалпыға бірдей эквивалент

Бюджет тапшылығы

бюджет шығындарының оның кірістерінен асып кетуі

Парасаттылық

лайықты, құптауға боларлық, өз міндеттерін адал және толық орындау

Табыс

жеке тұлға алған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтар

Отбасы табысы

отбасының барлық мүшелері бір ай ішінде алған ақшаның жалпы сомасы

Қарыз алушы

қаражатты қарызға алған және оларды белгіленген мерзімде
қайтаруға міндеттелген кредиттік келісім тарабы

Заң

Жоғары мемлекеттік билік органы Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылдаған нормативтік акт (құжат)

Жалақы

еңбегі немесе жұмысқа қатысқаны үшін төленетін қаржы

Шетел валютасы

тиісті шетел мемлекетінің аумағында айналыста және заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар, қазынашылық
билеттер, монеталар түріндегі ақша белгілері

Инфляция

тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы деңгейінің тұрақты өсуі

Зерттеу

әртүрлі көздерден ақпарат жинау, жиналған деректерді талдау және маңызды тақырып (мысалы, экологиялық сараптама жүргізу, жануарлардың көші-қонын зерттеуге көмектесу, қоқысты азайтудың тиімді әдістерін үйрену және т. б.) бойынша есеп беру арқылы оқушылар саясат пен
практикаға әсер етеді

Қалта ақшасы

адамның ағымдағы, күнделікті шығындары (әрқашан қалтаңызда болуы тиіс) өтеу сомасы

Киберқылмыс

мақсаты компьютерді, компьютерлік желіні немесе желілік құрылғыны заңсыз пайдалану болып табылатын қылмыстық іс-
әрекет

Киберқылмыскер

компьютерді құрал ретінде қолданып киберқылмыс жасайтын адам

Жала жабу

басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату

Жанама қызмет

Білім алушылардың қызмет алушы адамды көрмей ,бірақ




олардың қоғамға немесе қоршаған ортаға пайдалы (мысалы, ұйымның веб-сайтын қайта құру, тілді үйрету үшін иллюстрациялық кітаптар жасау, желілерді қалпына келтіру
үшін балық өсіру және т. б.) қызметтер көрсетуі.

Креативті ойлау

қоршаған әлемді ерекше қабылдау және жаңа тың идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі.

Ірі сатып алу

бір айлық табыстан сатып алу мүмкін емес, ол үшін ақша жинау керек болатын сатып алудың түрі

Жеке шығындар

жеке адамның шығындары

Жеке табыс

жеке тұлғаның табысы

Жеке жоба

жеке жоба білім алушыға оның қызықтыратын, ынталандыратын саласын зерттеуге мүмкіндік береді. Білім алушы өздері жасағысы келетін нәрсені таңдайды, бұл олар бұрыннан қызықтырған нәрсе немесе жаңа қызығушылық болуы мүмкін. Олар өз мақсаттарына жету жолын анықтайды және өнім үшін табысқа жетудің өзіндік өлшемдерін жасайды. Білім алушылар жеке және шығармашылық өнімді шығарады және курста алған білімдерін біріктіреді. Жеке жобаны 1
оқушы орындайды.

Медиасауаттылық

адамдарға әртүрлі медиа түрлерінде хабарламаларды талдауға,
бағалауға және құруға мүмкіндік беретін дағдылар мен біліктер жиынтығы

Мессенджер

смартфонға немесе дербес компьютерге арналған,
достарыңызбен лезде алмасуға мүмкіндік беретін бағдарлама (қосымша)

Монетизация

адамның жеке дағдылары мен қабілеттері ақшалай пайда табуға мүмкіндік беретін үрдіс

Мораль

адамгершілік ережелері, сондай-ақ адамгершіліктің өзі

Моральдық принциптер

жеке адамға, адамдар тобына немесе жалпы қоғамға әсер ететін моральдық ережелер жиынтығы

Мотивация

іс-әрекетке ынталандыру; адамның мінез-құлқын басқаратын, оның бағытын анықтайтын психофизиологиялық процесс

Зорлық-зомбылық

Өзіне, басқа адамға бағытталған дене күшін немесе билікті әдейі қолдану арқылы қысым жасау. Нәтижесі дене жарақаттары, өлім, психологиялық жарақат болып табылатын (не оның ықтималдығының жоғары дәрежесі бар) адамдарға
қарсы бағытталған нақты қауіп түрі.

Күнкөріс шаруашылығы

адамдар тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдер шығаратын экономика

Нетикет

интернет-қауымдастықтардағы мінез-құлық мәдениеті

Міндетті жеке шығындар

күнделікті өмірде міндетті түрде шығатын шығындар

Шешен

сендіру қабілеті, актерлік және шешендік қабілеті дамыған қоғам алдында еркін сөйлейтін адам

Пассивті кіріс

сіздің жасыңызға, денсаулығыңызға және жұмысыңызға қарамастан Сізге үнемі келіп түсетін ақша

Патриотизм

саяси қағидат және әлеуметтік сезім, саналы махаббат, Отанға деген сүйіспеншілік, оған деген адалдық және оны қорғауға дайындық, өз халқына, оның дәстүрлеріне деген саналы
сүйіспеншілік

Зейнетақы

Зейнет жасына жеткен адамдарға тұрақты берілетін ақшалай




төлемдер

Плагиат

авторлықты қасақана иемдену

Подкаст

интернетте жүктеуге немесе тыңдауға болатын аудио бағдарламалар, телешоулар немесе блогтар

Құқық бұзушылық

қоғамға зиян келтіретін, заңмен тыйым салынған және жазаға әкеп соғатын әрекет

Кәсіпкер

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам

Қылмыс

қылмыстық жаза көзделген әрекетке қабілетті адамның қоғамдық қауіпті, құқыққа қайшы, кінәлі әрекеті

Қоғамға қызмет ету жобасы

Қоғамдық жоба қоғамдағы қызметке бағытталған. Бұл білім алушыларды міндеттермен қатар олардың құқықтарын зерттеуге және қоғамдағы қызмет ретінде қатысуға шақырады. Жоба оқушыларға қоғамның қажеттіліктері туралы хабардар болуға және оларды қызметтік оқыту арқылы шешуге мүмкіндік береді. Жоба оқушыны іс-әрекетке жетелеу, оны зерттеуге тарту, жеке түсінігін сезіну және қоғамда өзін дамыту үшін жауапкершілікті алуға көмектеседі. Түрлері: тікелей
қызмет, жанама қызмет, насихат, зерттеу. Жобаны топ, сынып, бірнеше оқушы жасай алады

Прокрастинация/
Кешіктіру

жұмыстарды үнемі кейінге қалдыру

Насихат

білім алушылар қарым-қатынас жасай отырып, қоғамдастық мәселелері бойынша әрекет етуге ұмтылады (мысалы, қоғамдағы аштыққа қарсы күрес жөніндегі ақпараттық науқанды бастау, су үнемдеу шешімдері туралы бейнетүсірілім
жасау және т. б.)

Теріс қылық

мінез-құлық ережелерін бұзу; жағымсыз мінез-құлық

Тікелей қызмет

Білім алушылар адамдармен, қоршаған ортамен немесе жануарлармен қарым-қатынас жасайды (мысалы, көшеттер
өсіреді, балалар үйіне барады және т. б.)

Қызметкер

жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға

Жұмыс беруші

қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға

Рөлдік жоба / рөлдік / ойын жобасы

рөлдік жобаны әзірлеу және іске асыру; қатысушылар ойын жағдайлары арқылы әртүрлі әлеуметтік немесе іскерлік
қатынастарды ойнатады. Жобаның нәтижесі соңына дейін ашық қалады

Өзін-өзі дамыту

үнемі өз бетінше жұмыс жасау, өзін-өзі жетілдіру және жеке қасиеттерін дамыту.

Отбасылық бюджет

барлық отбасы мүшелерінің белгілі бір уақыт кезеңіндегі мүмкіндіктерін сипаттайтын кірістер, шығындар және жинақтар
жоспары.

Әлеуметтік жауапкершілік

адамдарға берілген уәделерді орындау барысындағы жауапкершілік.

Әлеуметтік желі

қарым-қатынас жасау, танысу, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды құру үшін қолданылатын онлайн-платформа

Әлеуметтік жоба

білім алушылар қоғам мен оның қызметіне баса назар аударады. Әлеуметтік жобаның арқасында оқушылар әртүрлі қауымдастықтардағы қажеттіліктер туралы біледі. Олар өздерін дамытады және осы қажеттіліктерді қызметтік оқыту арқылы
шешуге мүмкіндік алады. Жоба жеке немесе ең көп дегенде үш




оқушыдан тұратын топтарда жасалуы мүмкін.

Жоспарсыз сатып алу

сатып алудан бұрын тауарларды немесе қызметтерді сатып алу туралы жоспарланбаған шешім

Табиғи апат

төтенше сипатқа ие және халықтың қалыпты қызметінің бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық
құндылықтардың жойылуына әкелетін табиғи құбылыс

Стресске төзімділік

Ағзада стресстік жағдайда болатын эмоциялық әрекеттерді тыныштандыруға мүмкіндік беретін қасиеттер жиынтығы

Тайм-менеджмент

уақытты басқару техникасы мен әдістері

Шығармашылық жоба

шығармашылық жобаны жүзеге асыру және нәтижелерді ұсыну үшін еркін және дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану

Қаржы пирамидасы

тиімді инвестицияларды имитациялайтын алаяқтық жоба

Қаржылық қауіпсіздік жастығы

бір адамның немесе табыстан тұрақты аударымдардың арқасында қалыптасатын отбасының қаржылық резерві

Қаржылық тәуекелдер

ақша қаражатын жоғалту ықтималдығына байланысты тәуекелдер

Форс-мажор

күтпеген оқиға немесе жағдай

Мақсатты аудитория

ұсынысқа қызығушылық танытатын және белгілі бір өнімге немесе қызметке тапсырыс беретін адамдар тобы

Әлеуметтік желілердегі цензура

интернет желісінде ақпаратты жариялау немесе қол жеткізуді бақылау және жолын кесу

Төтенше жағдай (ТЖ)

адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға залал келтіруге, елеулі материалдық шығындарға және адамдардың тіршілік әрекеті жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан апаттың, қауіпті табиғи құбылыстың, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурудың таралуының, дүлей немесе өзге де зілзаланың нәтижесінде
қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.

Экологиялық мәдениет

жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, әлеуметтік қатынастар жүйесі, қоғамдық және жеке моральдық-этикалық нормалар, пікірлер, көзқарастар мен адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа қатысты құндылықтар;
адамзат қоғамы мен қоршаған табиғи ортаның үйлесімді өмір сүруі;
адам қоғамының қоршаған ортаға және тұтастай алғанда экологиялық проблемаларға қатынасы арқылы жүзеге
асырылатын адам мен табиғаттың тұтас бейімделу механизмі

Этика

мінез-құлық нормалары, мораль, қоғам мүшелері, кейбір әлеуметтік топтар, кәсіптер арасындағы моральдық ережелер
жиынтығы

Этикет

әр түрлі жағдайларда адамның мінез-құлқына белгілі бір мәдениетте белгіленген талаптар жүйесі.

Бөлім

белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін зерттеу және зерттеу мәселелеріне бағытталған бірқатар сабақтар.

189

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет