Көркем шығарма – көп қабаттан құралатын күрделі құбылыс. Автордың
дүниетанымы, ой-қиялы, өмірлік тәжірибесі, тілдік қабілеті арқылы жүзеге
асқан идеясының арқасында көркем шығарма оқырман жүрегіне жетеді.
Лексикалық ая – адамның тіл арқылы жанама қызметіне қатыспайтын
сөз мазмұнының құрамдас бөліктері.
Лингвокогнитивтік деңгей – тұлғаның интеллектуалдық аясын қамтып
зерттеушіге тіл арқылы, сөйлеу және түсінілім процестері арқылы адамның
біліміне, санасына, таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді.
Мәтін – автордың ойын объективтеу, оның шығармашылық түпниетін
жарыққа шығару, Адам мен оның әлемі жөніндегі білімдерін жеткізу үшін,
аталмыш ұғым-түсініктерін автор санасынан сыртқа шығарып, өзге адамдардың
да игілігіне айналдыру мақсатымен жасалады.
Метафора мен метонимия – семантикалық деривацияның арнайы
тәсілдері; поэтикалық мәтіннің лингвосемиотикалық қырын танытатын
лингвокогнитивтік құралдар.
Нарратор – көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны баяндау
қызметтері бөлінген тұлға.
Оқырман – әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы
тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын
алатыны оқырманға байланысты.
Парадигма – англ.
paradigm , фр.
paradigme , нем.
Paradigma, йог.
paradigma. 1. Белгілі бір сөз табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын
флективтік өзгерістер жиынтығы. 2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді
түрлендіру формаларының жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз
формаларының жиынтығы.
Парадигматика – таңбаны басқа таңбалардың көптігіне жатқызуға негіз
болатын байланыстар, кейін таңба сөзжұмсамда қолданылу үшін осы көптіктен
шығарылып, іріктеліп алынады;