Аквариум-тірі табиғаттың бір бөлігі Орындаған: Жубаниязова. С


Жем Және жем беру тәсілдері



бет2/3
Дата11.05.2023
өлшемі1,74 Mb.
#176444
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Аквариум-тірі табиғаттың бір бөлігі
Әділ

Жем Және жем беру тәсілдері

  • Балықты өсіріп,күтуде оған берілетін жемнің маңызы өте күшті.Оның тіршілік етуі жемнің сапасы мен мөлшеріне байланысты.
  • Балықтың ең жақсы көретін қорегі-тірі жем.Уылдырықты жаңа ғана жарып шыққан шабақтарға тіріжем ретінде 15-20 күнге дейін инфузория береді.

АКвариумда мекендейтін жәндіктер

  • Өзендердің құмды қайраңдарында денесі қос жақтаулы қабыршақ қаптаған жәндік-перловица көп кездеседі.
  • Перловицалар суды үздіксіз сүзіп отырады.Ересек перловица сыйымдылығы 200 литрлік аквариумның суын 2-3 күннің ішінде толық сүзіп шыққаннан кейін су тазартады.
  • Ұлулардың кейбір түрі аквариумды сәндендіріп тұруға қажет.Оны шамадан көп ұстап көбейтіп жіберсе,аквариумда жем жетіспейді де,жас өсімдіктердің жапырағымен қоректене бастайды.Сондықтан ұлуларды аквариумда шамадан тыс көп ұсталмауы керек.

Гидра

  • Кейде гидра аквариумда бір орыннан екінші орынға әңгірленген сияқты қозғалып та жүреді.Гидра майда жәндіктердің бәрін бірдей жемейді,көбін өлтіріп тастайды.Сондықтан өлген майда жәндіктер шіріп,суда оттегі азайып балықтарға қолайсыз жағдай туғызады.Ол өзінің жемін қармалауыштарымен ұстап жейді.
  • Гидраның аузы өте созылмалы,өзінен үлкен келетін балықтың кішкене шабақтарын жа жұта алады.Ірі балықтарға да зиянды .Ол тез көбейеді.Егер де жемі жеткілікті болса аквариумда толып кетеді.
  • Аквариумдағы гидраны жоюдың бірнеше жолы бар.Оны сірке суымен немесе суға ас тұзын салып жоюға болады.
  • Аквариумда гидра пайда болмас үшін шаян тәрізділерді мұқият қарау керек.Көрініп қалса ұстап алып құрту керек.

Планарии

  • Бұл жалпақ құртта,ұзындығы 1см,өсімдік немесе ірі жем арқылы аквариумға оның жұмыртқасы не өзі түсуі мүмкін.Бұл өте жыртқыш құрт.Көбінесе уылдырықтар мен шабақтарға зиянын тигізеді.

Балық аурулары

  • Балықтардың аурулары бактериялардан,қарапайым паразиттерден,құрттардан,жұқпалы аурулардан тарайды.Судың температурасы жиі-жиі өзгеріске ұшырауы да балықтарды ауруға шалдықтырады.Жаңадан әкелген балықтарды бөлек ыдысқа басқа балықтардан оқшау 3-4 жұма карантинде ұстайды.Осы уақыттың ішінде аурудың ешқандай белгісі білінбесе,сау балықтарға қосып жіберуге болады.
  • Сау балықтардың ішіне ауру балық түсіп кетпес үшін әкелінген балықтардың сыртқы түріне,олардың құрсағы мен бүйіріне,құйрығының түсіне және қоректенуіне назар аудару керек.Балықтардың мінез-құлқына тағы басқа күйіне қарап,қандай аурумен ауырғанын білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет