Қаланың түйінді мәселелері — депутаттар назарында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі4,58 Mb.
#34452
1   2   3   4   5
Мәслихатта жеті тұрақты комиссия жұмыс істейді, олар өздерінің қызметтерін бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізеді, комиссияларды тәжірибелі депутаттар мен басшылар басқарады.

Мәслихат жұмысының тәжірибесіне тұрақты комиссиялардың бірлескен және кеңейтілген мәжілістерін өткізу кеңінен енді. Нысандардың басында болып, тұрақты комиссияның көшпелі мәжілісін ұйымдастыру, көпшілік тыңдауын өткізу жүзеге асырылуда.

Көпшілік тыңдауларында депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың, жолаушыларды тасымалдаудың, қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы мен құрылымдалуының нормаларын анықтау, атаусыз көшелерге ат беру, әлеуметтік көмектер көрсету, азаматтардың көмек қажет ететін категорияларының тізімін белгілеу мәселелерін талқылады.

Өткен жылы тұрақты комиссиялардың 30 кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, оларда қырықтан астам мәселелер қаралды, олар негізінен тұрғындарды әлеуметтік қорғау, бюджеттік заңдылықтар, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жер заңдылығы, қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жайларын қамтиды, олардың әрқайсысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрақты комиссиялардың төрағалары жыл сайын міндетті түрде мәслихаттың сессияларында есеп береді.

Аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның мәжілісінде қаланы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету проблемалары мейлінше белсенді түрде талқыланады. Бұл мәселені қарау барысында депутаттар нысандарды аралап, мәселе түйінін шешуге тырысты.

Ақтөбе қаласы аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты шараларды орындау депутаттық корпустың ұдайы назарында тұрады.

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласына 7568,0 млн. теңге бөлінді, оның 2500,0 млн. теңгесі коммуналдық тұрғын үй қоры тұрғын үй құрылысын қамтиды, 3588,7 млн. теңге жылу-сумен жабдықтау және су бөлінісі жүйелері құрылысына және оларды жаңғыртуға жұмсалмақшы, сондай-ақ 1150,0 млн. теңге білім беру нысандары құрылысы мен жаңғыртуға, 329,3 млн. теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға және жетілдіруге, 214,8 млн. теңге білім бөліміне мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыруға бөлінді.

Бүгінгі күні Ұлттық қордан бөлінген жоспарланған қаржыны игеру 93 пайыздан астам мөлшерді құрап отыр.

«Нұр Отан» фракциясының мүшелері депутаттар басты мақсаты жұмыссыздар, өз беттерімен жұмыс істеушілер, сондай-ақ мақсатты топтардан азаматтарды жұмысқа тартуға мүмкіндік беретін қалалық бос орындар жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысады.



Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздігі күніне арналып өткен қалалық жәрмеңкеде «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясы аясында қала ұйымдарының және жеке кадрлық агенттіктердің қатысуымен тұрақты жұмысқа 131, әлеуметтік жұмыс орындарына 12, қайта даярлау курстарына 2 жолдама берілді.
Депутаттар депутаттық сұрау салу құқығын кеңінен пайдаланады. Атқарушы билік органдарына 200-ден астам депутаттық сұраулар жолданды, олардың көпшілігі коммуналдық қызмет көрсету сапасын жақсарту мен аумақтарды көркейтуге қатысты.

Біздің қызметіміздің ажырамас бір бөлігі жеке қабылдауда жұмыс істеу болып табылады. Депутаттар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жыл ішінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарға қабылдау жүргізеді. Бұл туралы жұртшылыққа алдын ала хабардар етіледі.

Талдау көрсеткеніндей, азаматтардың депутаттарға хабарласуы арқылы проблемалардың қаншалықты маңыздылығын түсінуге болады. Әдетте көпшілікті жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, жол жөндеу, жол белгілерін қондыру, жаңа құрылыстарды электрлендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту аясында тұрғын үйлерді жөндеу, басқа да осындай мәселелер көбірек толғандырады.

Есепті кезең ішінде Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаттары жеке мәселелер бойынша сайлаушылармен 378 қабылдау жүргізді. Тұрғындардың көптеген мәселелері азаматтарды қабылдау барысында жедел түрде шешімін табады. Мәселен, 208 шағым бойынша оң шешім қабылданды, 170 өтініш бойынша қолданыстағы заңға сәйкес түсіндірме жасалды.



Шақырылым басталғаннан бері 2012 жылы сайлауалды шараларын жүргізу кезеңінде айтылған сайлаушылардың ұсыныстарынан біз проблемалық мәселелерді белгіледік, олардың барлығы да шешілуі жағынан қалалық биліктің, оның ішінде мәслихаттың да иығындағы жүк деп білеміз. Депутаттық қызметтің бес жылында аманаттардың жартысынан астамы орындалды. Осындай жұмыстар нәтижесінде біздің қаламызда 11 мектеп жаңадан салынып, қатарға қосылды.

Бүгінгі күні қалада сәнді неке қию сарайы болмай отырғандығы мазасыздандырады, жастардың болашаққа жарқын жолы әсем ғимаратта басталуы керек емес пе? Осы мәселені қала тұрғындары жиі көтереді және жергілікті мәслихатқа да, депутаттарға ұдайы хабарласып тұрады.

Мен депутат ретінде Ақтөбе қаласы үшін Оқушылар сарайы құрылысы мәселесі бойынша бірнеше рет депутаттық сұрау салдым. Қазіргі жұмыс істеп тұрған сарай 1973 жылы салынып, 800 балаға ғана есептелген. Алайда бүгінгі күні мұнда 3220 бала келеді. Көптеген ата-аналар балаларын осында әкелуге құштар, алайда олардың тілегін толық қанағаттандыра алмай келеміз.

Ақтөбе қаласына қарасты селолық елді мекендерде мәдениет ошақтарын жөнге келтіру күн тәртібінде тұр. Бұл мәселені, біздіңше мемлекеттік-жеке әріптестік арқылы шешкен тиімді болмақшы.

Мәслихат үшін кезекті маңызды қадамдардың бірі — Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту. Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2013 жылдан бастап селолық округтердің әкімдерінің сайлануын мәслихатта баламалы негізде, жасырын дауыс берумен жүзеге асыруды енгізу туралы заңды шешім қабылданды.

Депутаттар қоғамдық шараларға, қайырымдылық акциялары мен спорттық шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Ақтөбе қаласы үшін әртүрлі қайырымдылық акцияларын өткізу дәстүрге айналды. Депутаттар осы ретте аз қамтылған отбасыларына материалдық қолдау жасап, балалар үйлеріне, балабақшалар мен мектептерге түрлі қажетті заттар алып береді.

Өткен жылы сондай-ақ спорттық-көпшілік шараларға қатысушыларға қолдау жасалып, аз қамтылған отбасылар балаларына азық-түлік өнімдерін алуға материалдық жәрдем жасалды.

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акция аясында елуден астам бала мектеп формасымен және қағаз-қалам жиынтығымен қамтамасыз етілді.

2015 жылы депутаттар тарапынан көрсетілген көмек мөлшері 50 миллион теңгеден астам құрады.

Депутаттар К.Швец, А.Бекенова, Т.Хамитов, А.Қабиев, А.Тасымов, С.Әліпов, А.Айтжанов және басқалары көп жылдардан бері қайырымдылық акциясына белсене қатысып келеді. Халық қалаулылары сондай-ақ «Трансэнерго», «Ақбұлақ» АҚ секілді кәсіпорындардың шекті тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларын талқылау бойынша қоғамдық тыңдауларға да қатысып, өз ұстанымдарын білдіреді.

Қала мәслихатының қызметі туралы барлық ақпараттар мерзімді баспасөзде, телевидениеде және радиода жарық көріп тұрады. 2015 жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында сессиялардың есебін, тұрақты комиссиялардың мәжілістері жұмысын, басқа да шараларды қамтыған отыздан астам материал жұртшылыққа ұсынылды.

Депутаттар «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасындағы «Біз айтпасақ, кім айтады…» атты телехабарға белсене қатысады, онда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларының, жұртшылықтың қатысуымен қала тіршілігіне қатысты әр түрлі мәселелер жан-жақты талқыланады.

Мәселен, депутаттар К.Швец пен С.Құрманбаева биылғы қазан айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, пәтер иелері кооперативтері мен кондоминиумдар проблемаларын талқылауға қатысты.

Мәслихат сайлау процесіне де белсене қатысады. Саяси партиялардың ұсыныстары негізінде мәслихат сессиясында округтік және сайлау комиссиялары сайланады, олардың құрамына өзгерістер енгізіледі. Сайлау комиссияларындағы көптеген партиялардың өкілдігі, олардың мәслихаттардың сессияларында құрылымдалуы сайлаудың әділеттілігін қамтамасыз етеді.


Қала тұрғындарының тіршілігін жақсарту, қаладағы тіршілік қызметінің барлық салаларының қалыпты жұмысы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сөз жоқ, жергілікті атқарушы билік тарапынан атқарылып келеді, сонымен қатар бұл игілікті істе депутаттық корпуспен биліктің тиімді өзара әрекеті маңызды роль атқарып келе жатқаны да ақиқат. Әрине, біздің депутаттар корпусының қызметі туралы нақты бағаны қала тұрғындары берері анық.

Біздің көптеген оң жетістіктерімізбен қатар, олқылықтарымыз болуы да заңдылық. Біз оларды жоюмен жұмыс істеп келеміз және жұмысты жақсарту мен одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдаймыз. Сессиялар мен мәжілістерді әзірлеу барысындағы тұрақты комиссияларды төрағалары мен мүшелерінің жұмыстарын жандандыра түсу қажет деп ойлаймыз. Әрбір депутаттың белсенділігін арттыра түсу де маңызды деп білеміз – деп баяндамасын аяқтады.



Мәслихат жұмысы туралы есепті талқылау барысында депутаттар А.Айтжанов, А.Самойленко, С.Әліпов шығып сөйледі.

Қалалық өкілетті органның жұмысы туралы Е.Есенбаев, Ө.Әкімов, М.Тәжібаева, М.Камалов, А.Садықов, А.Тайжанов, М.Рудаков, И.Көбенов және басқалары өз пікірлері мен тілектерін айтты.
Каталог: wp-content -> 2015
wp-content -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
wp-content -> Астрономия Мазмұны
wp-content -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
wp-content -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
wp-content -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
wp-content -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
wp-content -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
wp-content -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
wp-content -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Сында Ақтөбе қаласының көшесіне атау беру бойынша тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет