Билік қоғамдық құбылыс ретінде



Дата16.10.2023
өлшемі16,45 Mb.
#185664
Байланысты:
Саясаттану презентация

Билік қоғамдық құбылыс ретінде.

Қазақстан Республикасы саяси билік институттары


Жоспар•
  • Пайда болуы
  • Анықтамасы
  • Құрылымы

Биліктің түрлері:

  • Саяси’
  • Мемлекеттік’
  • Биліктің заңдылығы
  • БАҚ -“төртінші билік”
  • Ұсынылуы
  • Бөлінуі

Билікті жүргізудің түрлері мен әдістері

Биліктің пайда болуы

Билік адамзат баласының тіршілігімен қоса пайда болып, ғасырлар бойы қоғам дамуының ағымына сай өзгеріп, жан-жақты жетілдіріліп отырылған құбылыс. Бүгінде билік ұғымы адамзат өмірінде көптеген мағыналарда айтылып, әр түрлі әдістер арқылы күнделікті тіршілікте қолданылып, іске асырылып жатады. Билік – ерікті немесе мәжбүрлі бағындыру, бой ұсыну деген сөз. Басқару және бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Бұлар ірі саяси құрылым формасында да көрінеді. Олар мемлекет пен қоғам үкімет пен бұқара жұртшылық арасында болады.

Билік дегеніміз не?

  • Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.

Биліктің құрылымдары:

  • 1. БИЛІКТІҢ СУБЪЕКТІСІ
  • 2. БИЛІКТІҢ ОБЪЕКТІСІ
  • 3. БИЛІКТІҢ БАСТАУЛАРЫ
  • 4. БИЛІКТІҢ НЕГІЗІ
  • 5. БИЛІКТІҢ ҚОРЛАРЫ

Саяси билік

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

Саяси билікті жүргізудің түрлері мен әдістері

САЯСИ БИЛІК БАР ЖЕРДЕ ТЕҢСІЗДІК БАР САЯСИ БИЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ оның өктемдік сипатыоның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы

Мемлекеттік билік

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.

Биліктің легитимділігі (заңдылығы)


Легитимділік (лат. заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Демократия жағдайында мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет:

1. билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;

2. мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

БАҚ-“төртінші билік”


Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы (легитимділігі).

Қорытынды

Билік - коп кырлы угым. Ол когам мушелерінін арасынданы алеуметтік-табиги айырмашлыктарга, субьективті-обьективті карым-катынастарга байланысты калыптасады. Онын максаты - когамда турактылыкты камтамасы ету, ал ішкі мэн-мазмуны - устемдік пен багынытылыкты орныктыру. Экономикалык, саяси, кукыктык, эскери, рухани жоне отбасылык билік турлерінін арасында когамдык дамудын уйыткысы эрі саяси курестін негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктін манызы ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет