«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


І.І. «Алаш» партиясының құрылуы



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі215,5 Kb.
#120093
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы
Тест сұрақтары, 9 сынып қмж, 1003 — физ-мат
І.І. «Алаш» партиясының құрылуы

«Алаш» туының астында


куә болсын арымыз!
Көркейтуге «Алашты»
Құрбандық біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын!

С.Торайғыров.


1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. өзінің мәні жөнінен импералистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқ асты етті.


Басқа сөзбен айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық-демократиялықтан ұлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын көрсетті.

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстарының өкілдері қатынасты. Съездге қатысушылар саны аса көп болмағанына қарамастан, оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды он төрт мәселе енгізілді:



  1. Мемлекет билеу түрі

  2. Қазақ облыстарында автономия

  3. Жер мәселесі

  4. Халық милициясы

  5. Земство

  6. Оқу мәселесі

  7. Сот мәселесі

  8. Дін мәселесі

  9. Әйел мәселесі

  10. Депутат дайындау

  11. Мұсылмандар кеңесі

  12. Қазақ саяси партиясы

  13. Жетісу облысының оқиғасы

  14. Съездге қазақтан өкіл жіберу.

Халел Досмұхабетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың және т.б. хатшылығымен өткен бірінші жалпы қазақтық съезд делегаттары осы он төрт мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съездіне дайындық және қазақтың


саяси партиясын құру проблемаларына аударды.
Съезд қарсаңында «Қазақ» газетінде болашақ автономия туралы әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылған мақалалар тізбегі жарияланды.
Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды. Ал Ә.Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.
Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқыланды.
Бірінші жалпы қазақтық съезд құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядағы қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев және т.б ерекше атау керек.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша съезд қабылдаған шешімдерде де қазақ зиялыларының ықпалы сезіліп тұр. Бұл әсіресе дін, оқу-ағарту және әйел мәселері жөнінде қабылданған съезд қараларынан айқын көрінеді.
Бірінші жалпы қазақтық съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелрдің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған құрылтай жиналысына айналды.Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көрді».
Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллегенциясының көсемдері басқарған алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялылырының белгілі өкілдері Ә. Ермеков, Ғ.Қарашев, М.Жұмабаев т.б. кірді.
Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социолистік идеологияны таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ. Өйткені Алаш партиясы қайраткрлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да олар өз күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделеген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранның астында топтастыруға бағытталды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы-бірінші жалпы қазақтық съезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
Съездің күн тәртібіндегі он төрт мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы «Қазақ» газетнде жариланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
Капитализм орнап нығая бастаған жағдайда қоғамдық таптап мен әлеуметтік топтар өкімет үшін күресті өздерінің саяси партиялары арқылы жүргізді.
Қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалы таптық, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Осы шиеленістен туындайтын Қазақстанда орын алған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдық пен феодалдық езгіге бағытталды.
ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат міндеттерді: ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамсыз етуді қойды. Бұл істің басы-
қасында ат төбеліндей азғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың ықпалымен таптық және оған байланысты идеялық саяси жіктеліс тұтастай алғанда қоғамда ғана емес, саяси қозғалыстар мен партиялардың өз ішінде жүрді. Қазақ интеллегенциясының арасындағы осындай жіктелісті тездеткен факторлардың бірі тылдың қара жұмысына «бұратана» халықтың жастарын шақыруға байланысты патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарас мәселесі болса, екіншісі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының жеңісі нәтижесінде бүкіл елде орын алған жаңа саяси хал-ахуалы еді.
1917 жылы шілденің 21-26 сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-жылға дейін Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды.
Сөз жоқ, Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. 1917 жылғы шілде айынан бастап, Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда, Алаш қоғамдық саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келген Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды.
Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселеге байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе екіншісі либералдық байшылдық деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді. Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпы ұлттық идеядан туындады. Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатынастарға ыңғайлауға тырысқан негізінен ұлттық интеллегенция өкілдерінен тұратын идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым деп анықтауға болады.
Демек Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу кезеңін бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден соң жылдың соңына қарай қарқынды жүргізілді. Совет үкіметінің орнауына байланысты 1918 жылдың көктемінің соңы-жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет