«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Кіріспе Бітіру жұмысының өзектілігі



бет3/10
Дата08.02.2022
өлшемі215,5 Kb.
#120093
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы
Тест сұрақтары, 9 сынып қмж, 1003 — физ-мат
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі:

1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетіскеннен кейін төл тарихымыздың қасақана бұрмаланып, мән-мағынасы шындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып, жұртшылыққа жеткізу мүмкіндігі туды.


ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.


Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Тақырыбымызға байланысты зерттеулердің ішінде ХХ ғасырдың бас кезінде жақық көрген еңбектердің ерекшелігі, ол мәселенің негізгі мән-мағынасын ашып көрсетуде жан-жақтылық пен деректілік сипат танытуында деп білеміз. Алашқа қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың атақты «Революция және қазақтар» деген мақаласында айтылды. Бұдан кейін С.Сейфуллин «Қазақ интеллегенциясы» деген мақаласында Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын жандандыруға ізденістерін де жоққа шығармаған. Сәкеннің алаш жәнеАлашорда қозғалысы туралы көзқарасы 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып шыққан «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталатын тарихи еңбегінде нағыз большевиктік рухта сипат алғаны мәлім. Осы көзқарасты солк езеңдегі басылымда Ә.Әйтиев те қолдаған. Сонымен қатар, атаниязов деген есімді де кездестіруге болады. Ал Кенжин А. болса Алашорда қозғалысын сол кездегі қазақ қоғамында туындалған қоғамдық-саяси жағдайлардан өрбіген, қозғалыс ретінде, оның қызметін нақты тарихи жағдайлармен байланыстыра қарауды ұсынды.


Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздікке ие болуы, егемен ел тарихына деген қызығушылықты арттыра түскені сөзсіз. Академик М. Қозыбаев алаштану салаларын зерттеуді Алаш ұғымының тарихи негіздерін бастауды көрсетті. Ал ғалым Т. Омарбеков алашшыл зиялылардың кеңестік кезеңдегі атқарған қоғамдық-саяси қызметіне және тағдырына байланысты құнды зерттеулер легін бастады.


Мақсаты мен міндеті:

Алаш қайраткерлерінің нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу, төңкеріс пен азамат соғысы жылдарындағы саяси күштердің тоғысуы және аймақтың ерекшеліктері негізінде талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.


Алаштың қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани саласындағы іс-әрекет аясын кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:

  • Алаштың құрылу тарихы, оның ықпалын анықтау;

  • Жетекші саясаткерлердің тікелей қызметтеріне талдау жасау;

  • Алаштың кеңес үкіметі мен арақатынасы және нәтижесін көрсету;

  • Алаштың мемлекеттік құрылымы, оның ішінде әскери, шаруашылық және мәдени салалардағы қызметтеріне талдау жасау;

  • Алаш қызметкерлерінің өмірі мен қызметтерінен жан-жақты толық мағлұмат беру.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Қазақстан Республикасында бүгінде қалыптасу процесін өткеріп отырған демократиялық жаңғырулар барысында ел тарихының «ақтаңдақтарына» айналып келген көптеген күрделі де тартысты тарихи мәселелерге жаңа сындарлы зерттеулер жүргізу, оны ұлттық мақсат пен мүддені және жалпы адамзаттық идеясына үйлестіре отырып іске асыру аталған тақырыпты зерттеудің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңлығына тың архивтік деректердің ғылыми айналымға енгізілуін жатқызамыз.




Зерттеудің объектісі:

Алаштың әлеуметтік, саяси және экономикалық бастау көздері, оның ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі алатын орны мен атқарған рөлі; 1917 жылғы екі революция аралығындағы Алаштың басқа партиялармен өзара қатынасы мен байланысы; Алаш пен Алашорда және кеңес үкіметі; Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары және оның көріністері; Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің көзқарас эволюциясы;




Зерттеудің құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет