Алаш зиялылары


МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУІ



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#88527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
alash-ziyalylary
alash-ziyalylary
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУІ
“Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас»,-деген салыстырма жасайды
Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, каламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады.
Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлармен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл - ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты.
Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе,М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш зиялыларының идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет