Алдиярова Алтынгүл, Қасен Айсана



бет4/5
Дата13.05.2022
өлшемі78,5 Kb.
#142990
1   2   3   4   5
Байланысты:
миф макала
5 сынып 3 токсан, Оқушының динамикалық даму күнделігі Перевод РУС, Мифопоэтика 26-27 билет, VI , 30 сабақ
Абсолюттік мифология бар да, салыстырмалы мифология бар. Лосев бұл туралы «Миф диалектикасында» айтады. Ол бойынша абсолюттік мифология дегеніміз өзінен өзі шығып, дамып отыратын мифология. Демек, еш нәрсеге тәуелді емес. Лосев бойынша абсолюттік мифологияға идея мен материяның, сенім мен білімнің жоғары синтезді тепе-теңдігі тән. Абсолюттік мифология субъект пен объектіні, мәңгілікті, шексіздікті, хабардарлықты, абсолюттікті жинақтайтын жаңа категорияның қажеттігін танытады. Басқаша айтқанда, Лосев диалектикалық тәсілді қолдану арқылы тұлғалық Құдай туралы, өзінің абсолюттік тіршілігінде толыққанды көрсетілген магиялық атау туралы ілім, яғни персонализм мифологиясын жасап шықты. Бұл тектес абсолюттік мифология өзінің бір ғана принципін пайдаланатын салыстырмалы мифологиялар үшін норма, үлгі, шек пен мақсат болып табылады.
Миф – ақиқаттың бастау алар нүктесі және ақиқатты тануға деген адамзат санасының алғашқы талпынысы. Миф туралы зерттеп, зерделеген ғалымдардың тұжырымдарында бұл пікір айқын көрініс табады. Біз мифке таңылатын құрғақ қиял, қарабайырлық, қисынсыздық деген пікірлерді ысыра тұрып, ең әуелі мифтің руханият дүниесіндегі маңызды орнын танытуға қол жеткізуіміз қажет.
Адамзат өркениетінде ерекше орын алатын, бағзы дәуірдің даңқты қаласы, мифтік баяндарда Троя сұрапылынан жебеушілерінің көмегімен аман шыққан Энейдің пешенесіне жазылған – жаңа қаланың іргетасын көтеру болса, оның ұрпақтары Ромул мен Рем бір-бірімен қырқыса жүріп, нәтижесінде Ромулдың қажырлылығы мен ерекше жатратылысының арқасында асқақтай бой көтерген Рим қаласы туралы миф өз алдын бір төбе, сол қала туралы айтылатын «Барлық жол Римге апарады» деген қанатты қағиданың да орны бөлек. Мифтің өзі туындатқан бұл сөзді әлемдік руханиятқа, күллі өнер туындыларына көз сала отырып «Барлығы мифтен бастау алады» деп ауыстыра пайдаланса да болады. Румындық мифолог Мирча Элиаде айтқандай, «мифтің кейіпкерлері ғажайып, тылсым болмысты, олар әпсаналық дәуірде «барлық бастаудың бастауы ретінде» әрекет ететіні белгілі. Миф өз қаһармандарының жасампаздық бастауын паш етеді және әрекет-қызметтерінің сакральдылығын танытады» [1, б. 19].
Миф – тарихи сананың бір формасы, ежелгі дүниетаным. Оның әмбебап анықтамасы бұл екеуімен де шектелмейді. Өз бойына киелілікті, тылсым сипаттарды, тұспал мен ишараны жинақтаған мифтік баяндардың ерінбей біртіндеп «аршып алатын» қаншама қабаттары бар. Сол қабаттардың барлығы «аршылғанда» оның астарына жасырылған ақиқат айқара ашылмақ.
Итальян философы Джамбаттиста Виконың көзқарасы бойынша миф – біздің арғы бабаларымыз бастан кешкен, шынайы оқиғаларды ерекше пішінде сақтап қалған тарихи жәдігер. Онда халықтың мінезі, болмысы, дүниені тануы және сезінуі бейнеленген. Осыдан келіп тарихты танып-білуді кез келген мәдениеттің қайнар көзі болып табылатын мифтен бастаудың қажеттілігі туындайды. Виконың атақты еңбегі – «Ұлттың жалпы табиғаты туралы жаңа ғылым негіздері» (основание новой науки об общей природе наций, 1725) еңбегі. Бұл еңбектені миф туралы ой-тұжырымдар мәдениеттанушы ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды. Вико мифті мәдениет феномені ретінде түсіндіре отырып, миф «кез келген шынайы мәдениеттің негізі» деп танып [2, б. 56], оны «ежелгі адамның еріктен тыс образды ойлауының өнімі» [2, б. 51] түрінде қарастырады. Мәдени-тарихи үдерісті үш кезеңге жіктеген Вико (Құдайлар дәуірі, Батырлар дәуірі, Адамдар дәуірі) адамзат тарихының алғашқы сатысындағы Құдайлар дәуірінің көрінісі ретінде мифті алғашқы болып ғылыми талдау нысанына алған зерттеуші. Виконың пайымында ежелгі адамның образды түрде берілетін дүниетанымы ретіндегі миф барлық мәдениеттің бастауы, сондай-ақ тілдің пайда болуының негізі.
Мифті зерттеген ғалымдардың көзқарастарын жүйелей келгенде екі бағыт айқындалады. Олар: мифтің лингвистикалық құрылымына негізделген этимологиялық және мазмұны ұқсас мифтерді салыстыруды нысан еткен аналогиялық бағыт. Этимологиялық бағыттың өзегіндегі лингвистикалық теорияның негізгі ұстанымдарын М.Мюллердің мифті тілдің «жанды нүктесі» деп түйген және салыстырмалы талдау принциптерін негіздеген пікір-тұжырымдарынан көруге болады. Мюллер мифтің қайнар көзін тіл тарихынан іздейді. Сөйтіп тілге тарихи дамушы жүйе ретінде қарау керектігін ұсынады. «Адамның сөйлеу тілінде, ежелгі діндер сөздігі тек метафоралардан тұратынын назарға алсақ, абстрактылы ұғымдарды метафора мен гиперболаның көмегінсіз жеткізу мүмкін емес еді. Ал, жаңа әлемде бұл метафоралар ұмыт болды», – деп жазады Мюллер [8, б. 29]. Мұндай жағдайда мифологиялық «құдайлар» – ойлап тапқан жандардың өздеріне де тосын бейнелі-поэтикалық нысандардың кейіптелуінің нәтижесі болмақ. Миф, бұл жерде архаикалық сананың барынша қызу эмоцияға толы айрықша қалпының емес, керісінше, эмоционалды-аффективті «қысымның» барынша «төмендеуінің» көрінісі.
М.Мюллер, сондай-ақ, миф поэтикалық метафора ретінде ежелгі тіл лексикасының кедейлігінен туындайды дегенді де айтады. Өйткені ежелгі адам жеткілікті сөз қоры болмағандықтан түрлі заттар мен әсерлерді жеткізу үшін бір теминді, бір сөзді пайдалауға мәжбүр болады.
Сонымен, байырғы мифология тілдің тарихи дамуының заңдылығы деп пайымдаған лингвистикалық теория ұстанымы бойынша, дерексіз абстрактылы түсініктердің нақты белгілер арқылы көрінуін метафоралар негізінде түсіндіруге болады. Яғни ежелгі адам метафоралы, басқаша айтқанда, поэтикалық тұрғыда ойлаған. Бұл кезеңде мифология әлі бола қойған жоқ. Бірақ, ары қарай, метафораның алғашқы мағынасы жоғалған кезде оны түсіндіру үшін білім керек болды. Сөйтіп, алғашқы дәуірдегі метафоралық-бейнелі ойлау кейіннен мифологиялық ойлауға айналды. Адамзат санасына тән метафоралық, поэтикалық сипат қалай болғанда да мифологияның алдына шығады. Мифтің лингвистикалық теориясының бірқатары оны (мифті) дамудың, прогресстің негіздемесі емес, керісінше, «ежелгі дүниенің зәһары», «тілдің, сонымен бірге ойдың дерті» ретінде адамзат рухының, санасының «тоқырауы» деп бағамдайды. Бұл жерде біз мифке деген көзқарас пен қатынастың басқа тәсілдеріне де назар аударуымыз керек сияқты. Мюллер негіздеген линвистикалық теория ұстанымдарын толығымен терістей алмаймыз, алайда, миф – мәдениет атаулының қайнар көзі ретінде өнер туындыларының құрылымында маңызды орынға ие екендігін, жаңа шығармаларға «материал» бола алатынын естен шығармауымыз керек. Мифтік мотивтер түрлі дәрежеде көркемдік-эстетикалық міндетті арқалаған маңызды компонент ретінде әдеби аспектідегі зерттеулердің нысанына айналды. Фольклорлық туындылардың тілінде, стилінде және кейіпкерлер болмысында «өмір сүруін» жалғастырған миф, Е.М.Мелетинскийдің сөзімен айтсақ, «терең өмірлік дүниетанымның поэзиясы» [9, б. 32] болғандықтан түрлі пішінде мәдениетте және өнерде өз «ғұмырын» жалғастырып келеді. Бұл жерде А.Потебняның мифті «әуелгі ауызша шығармалшылық» деп танып, «мифологиялық ойлау кезеңіндегі екі пайымдау (бейне мен мағына) поэтикалық кезеңге қарағанда бір-біріне барынша ұқсас. Олардың өзара ажырауы мифтен поэзияған, поэзиядан проза мен ғылымға әкеледі» деген тұжырымын келтірген орынды [7, б. 259]. Потебняның филологиялық зерттеулерінің өзегі – тіл мен ойлаудың байланысы болса, бұлардың арасындағы байланысты қарастырудаға ұстанымы неміс филологы, әлемдік ғылымдағы ірі лингвистик-теоретик В.Гумбольдтің лингвистикалық теориясының ұстанымымен сәйкес болды. Миф метафораны жалғастырушы емес, керісінше, метафора мифті жалғастырушы деген Потебня мифо-шығармашылықты талдауға пішіндік-құрылымдық тұрғыдан келеді. Ол тұрақты үндес байланысқа негізделген «мифтік формула» ұғымын енгізді. Мысалы: махаббат – от, жан – бу, жел – ысқыру, жанып тұрған шырақ – өмір, т.б. Мұндай мифтік формулалар, Потебняның айтуынша, бинарлық оппозицияға барынша жақын және үш элементтен – екі бейнеден (құбылыстан) және олардың өзара байланысынан тұрады. Сондай-ақ ол мифке де, метафораға да қатысты болуы мүмкін. Бейнелер немесе құбылыстар арасындағы байланыс аңғарылмай, олар жай ғана ұқсас болса, онда біз мифке қараймыз. Ал, олардың арасындағы байланыс аңғарылса, онда троп түрлерімен (метафорамен) түсіндіреміз. Бірақ, мифтік формулаларды тілдік айтылымда ешқашан сенімді түрде мифті троптан айыруға болмайды. Бұл жерде мифтің символикалық теориясы еске түседі.
Миф санадан алшақтап, өткен шақта қалып қойған жоқ, ол белгілі дәрежеде тарихта жаңғырып отырады. «Мифтік шығармашылық бүгінгі күнімізде тоқтап қалған жоқ. Жаңа мифтің туындауы сөзің бұрынғы мән-мағынасын ұмытпай жаңа туындауымен байланысты» деген Потебняның тұжырымы мифтің адамзат санасының архаикалық формасы болумен бірге, өзін тұрақты құбылыс, ойлаудың маңызды құрылымы ретіндегі қызметін айқындай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет