Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет10/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Үшінші үлкен топ 
әлеуметтік педагогты кәсіби дайындау проб-
лемасымен байланысты. Оған мамандар дайындаудың концепция-
сын жасау, әлеуметтік педагогты кәсіби дайындаудың стандартын


32
айқындау, әлеуметтік-педагогикалық технология, әлеуметтік педа-
гогика, әлеуметтік педагогиканың тарихы бойынша оқу құралдарын 
дайындау, лекция, семинар, лабораториялық сабақтардың мазмұнын, 
өту формасы мен әдіс-тәсілдерін дайындау, жоғары оқу орындағы 
бітіруші мамандарды аттестациялау және т.б. жатады.
Әлеуметтік педагогиканың ғылыми зерттеу жұмысының тиім-
ділігі оның өз әрекетінде қандай дерек көздерді пайдаланғанына да 
байланысты болады. Мысалы, В. И. Загвязинский бес дерек көздерін 
ұсынады:
1) Қоғамның әлеуметтік тапсырысынан көрінетін жалпы аза-
маттық гумандық идеалдарды пайдалану;
2) Психология, педагогика, валеология, философия, әлеуметтану, 
әлеуметтік жұмыс сияқты адам туралы ғылымдардың жетістіктерін 
кешенді түрде пайдалану;
3) Отандық және шетелдік тәжірибелердегі теориялық тұжы-
рымдамаларды, концепцияларды пайдалану;
4) Баланы қоршаған ортаның педагогикалық потенциалын пай-
далану;
5) Әлеуметтік сферадағы жұмысшылардың шығармашылық 
потенциалын пайдалану (әлеуметтік педагог, әлеуметтік психолог 
және т.б.)
Ғылыми зерттеу жұмысы үшін зерттеудің мақсатын анықтап алу 
өте маңызды. Жоспар – аз күш жұмсап, көп (максималды) нәтиже 
алудың қарапайым құралы. Кез келген зерттеу жұмысы тиянақты 
дайындықты керек етедi. Ол үшiн, ең алдымен, зерттеу проблемасының 
тақырыбын таңдау, оның мақсаты мен міндеттерiн анықтау қажет. 
Зерттеу жұмысын жүргiзудiң бiрiншi кезеңінде негiзiнен зерттеу 
объектiсi бойынша мәлiметтер жинақталады. Жиналған мәлiметтер 
(экономикалық, демографиялық, педагогикалық және психологиялық 
және т.б.) алдын ала айқындалған өлшемдер бойынша жүйеленуi 
және өңделуi тиiс.
Енді әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-
жеке тоқталып өтелік:
Бақылау әдісі
педагогикалық құбылыстарды тікелей қабылдау 
негізінде танып білу тәсілі. Бақылау әдісінің негізгі функциясы
бақылау объектісі мен әлеуметтік педагог арасындағы тікелей және 
қайтымды байланыстар жағдайындағы зерттеліп отырған процес ту-
ралы мәліметтерді іріктеп, таңдап алудан тұрады. 
Зерттеу нысанасын бақылау іс-әрекет нақтылы жоспармен, 


33
уақыты, бақылау ұзақтығы, мақсаты мен міндеттері айқындалған, 
күтілетін нәтижесі шамамен болжамдалған болғанда ғана тиімді 
болмақ. Бақылаудың нәтижесі әлеуметтік педагогқа тәрбиелік 
ықпал жасауды коррекциялауға негіз болады және педагогикалық 
құбылысқа дұрыс талдау жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ зерт-
теу нысанын нақтылы мақсатта ары қарай зерттеуді жоспарлауға 
мүмкіндік туғызады. 
Зерттеушілік бақылау жүргізудің әртүрлі типтері бар. Олар 
төмендегідей:
Тікелей бақылау,
бұл тип объект пен әлеуметтік педагог (зерт-
теуші немесе бақылаушы) арасында тікелей байланыс болған 
жағдайда орын алады. Яғни, ешқандай делдалдық қарым-қаты-
нассыз байланыс болғанда бақылау анағұрлым оңай іске асыры-
лады. Мұндай жағдайда зерттеуші тарапынан үш түрлі позиция 
айқын байқалады: зерттеуші-куәгер (бейтарап тұлға); зерттеуші-пе-
дагогикалық процесті басқарушы; зерттеуші-педагогикалық процес-
ке қатысушы. Әлеуметтік педагогтың орындайтын рөліне байла-
нысты нақтылы бақылау жоспары жасалып, фактілерді жинау мен 
тіркеудің техникасы және әдістемесі таңдап алынады. 
Жанама бақылау,
бұл зерттеудің алдына қойған міндеттері мен 
арнайы жасалған бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізетін, зерттеу 
нысанымен байланыс орнатуға құқылы тұлға арқылы іске асырыла-
ды. Жанамалап бақылау жүргізудің тиімділігі зерттеуге қатысушыға 
нақтылы және мазмұнды нұсқау беру мен дайындаудың сапасына 
байланысты болады. Тіпті кейде бақылаушы тарапынан тікелей ашық 
сұрақ қою қауіпті болуы мүмкін жағдайда, бірнеше сұрақтарды қою
арқылы мүдделі болып отырған мәселені анықтауға қол жеткіземіз. 
Әрине, ол үшін бақылаушының кәсіби шеберлігі мен қиялының 
ұшқырлығы маңызды рөл ойнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет