Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет11/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Ашық бақылау 
жүргізу әлеуметтік педагогтың бөтен бақы-
лаушылардың қатысуымен алынған фактілерді саналы түрде 
қолдану жағдайында жүргізіледі. Бөтен адамдар қатысуымен болған 
педагогикалық жағдаят біршама өзгеше жүргізіледі. Ол үшін үйрену 
кезеңін ұйымдастыру қажет. Себебі, өзге адамдар алдында балалар 
әрқашанда өздерін еркін ұстай бермейді. Әйтсе де, зерттеу нысаны 
бойынша ашық бақылау кезінде алынған мәліметтер жеткіліксіз бо-
лып табылады. 
Жасырын бақылау
бақылаушылықтың болып жатқандығын 
мойындамайтындар үшін процестің реалды-объективті көрінісін


34
айқындап береді. Бұл кезде бақылау жүргізу жасырын, елеусіз іске 
асырылады.
Үздіксіз бақылау
педагогикалық процестің басынан аяқталуына 
дейін зерттеу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Әйтсе де, үздіксіз 
бақылау кезінде үзілісті жағдайлардың болуы оның тиімділігін 
төмендетеді. Ол жасырын жүргізілгенде ғана тиімді болады. Өйткені 
педагогикалық процесс барысында орын алған кейбір құбылыстарды 
салыстырмалы түрде талдау әрбір жағдаятты кезеңді түсінуге 
мүмкіндік береді.
Тар ауқымдағы бақылау
ғылыми іздену мақсатында айқындал-
ған педагогикалық процестің тұтас нысанының ішінде нақтылы бір 
бөлігін ғана бөліп алып бақылауға алу арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау зерттеу әдісі ретінде әлеуметтік педагогикада салыс-
тырмалы түрде ауқымды қолданылуымен ерекшеленеді. Сонда да 
оның белгілі бір шектеулі қолдану аумағының болатындығын да 
естен шығармауымыз керек. Себебі оған процестің сыртқы көріну 
сипаты ғана тән. Біздің сезім органдарымыз қабылдай алатын
құбылыстарды ғана бақылауға болады, сондықтан, бақылау шектеулі
мәліметтерді ғана береді және оның тиімділігі зерттеушінің бұл 
әдісте алған мәліметтерін басқа да әдістермен қалай сабақтастырып 
қолдана алуымен тікелей байланысты болады.
Педагогикалық экспенимент
зерттеу басында қойылған ғылыми 
болжамның негізділігі мен дұрыстығын айқындауда дәлелді тексеру 
мен ғылыми-объективтілікті қамтамасыз ететін зерттеудің кешенді 
әдістерінің бірі. Ол басқа зерттеу әдістеріне қарағанда әлеуметтік 
педагогика саласында енгізілген жаңалықтың тиімділігін терең тек-
серуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, педагогикалық процестің 
құрылымындағы әртүрлі факторлардың маңыздылығын салысты-
рып, болып жатқан құбылыстарға сәйкес келетінін таңдап, нақтылы 
педагогикалық міндеттерді шешудің шарттарын айқындауға 
мүмкіндік береді.
Экспериментті тиімді жүргізудің анағұрлым маңызды шарттары-
на мыналар жатады:
– құбылысқа мұқият тарихи және теориялық тұрғыдан алдын 
ала талдау жасау, эксперимент алаңы мен оның міндеттерін макси-
малды талдау үшін қалыптасқан тәжірибені зерделеу;
– ғылыми болжамды нақтылау, ондағы ғылыми жаңалықты 
айқындап алу, ерекшелікті көрсету, эксперименталды түрде дәлел- 


35
деуді қажет ететін бүгінгі күнгі көзқарастардағы қарама-
қайшылықтарды анықтау; 
– экспенименттің міндеттерін нақтылы, тиянақты түрде ай-
қындау, бағалау критериі мен зерттелетін құбылыстың негізгі 
белгілерін айқындау;
– минималды қажетті эксперименталды нысандардың санын 
анықтау.
Эксперимент жұмысын жүргізудің тиімділігі оны жүргізуге кет-
кен уақыттың ұзақтығына да байланысты болады. Ал оны анықтау 
жүзеге асырылатын зерттеу тәжірибесінің жағдайын талдау жасау 
арқылы айқындалады.
Педагогика ғылымында экспериментті жүргізу 
табиғи
және 
лабораториялық 
жолмен іске асырылады. Бірінші жағдайда экс-
перимент қалыпты, табиғи жағдайда жүргізіледі. Эксперимент 
жүргізуші құбылыстың бастапқы қалпын бақылайды және ғылыми-
зерттеудің мазмұнынан туындайтын адамдардың мінез-құлқының 
сипаты мен басқа да жағдайларды есепке алады. Кейіннен зерттеуші 
әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мазмұнына, әдістеріне, 
ұйымдастыру формасына өзгерістер енгізеді. Содан кейін тағы 
да балалардың тәрбиелік және даму ерекшеліктерінің деңгейлері 
анықталып, табиғи жағдайда қолданылайын деп отырған шаралар 
жүйесінің қаншалықты тиімді болатындығына талдау жасалады.
Лабораториялық экспериментке адамдар тобы қатыстырылады. 
Зерттеуші олармен ерекше мазмұнда сұхбат жүргізеді, жеке дара 
және топтық формада оқыту жұмысын ұйымдастырады және оның 
тиімділігін бақылауға алады.
Педагогикалық-психологиялық 
зерттеулерде 
эксперимент 
констатациялық және қалыптастырушылық болып бөлінеді. Бірінші 
жағдайда, әлеуметтік педагог-зерттеуші эксперименттік жолмен
зерттелініп отырған педагогикалық жүйенің тек жағдайын ғана 
анықтайды, құбылыстар арасындағы байланыстар мен тәуелділіктер 
фактілерін констатациялайды. Әлеуметтік педагог-зерттеуші
тұлғаның белсенді әрекетін ұйымдастыру арқылы нақтылы бір адами 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған арнайы шаралар жүйесін 
қолданғанда қалыптастыру эксперименті туралы айтуға болады. 
Әлеуметтік педагогикадағы зерттеу әдістері жүйесінде сұрау 
әдістерінің орны ерекше. Оларға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет