Алғашқы қала мемлекеттердің пайда болу себебі: Халықтардың көбеюі Әлеуметтік қатынастардың күрделенуі



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#97362
1   2   3   4   5
Байланысты:
қала мемлекеттердің пайда болуы
қала мемлекеттердің пайда болуы
Шумер қала мемлекеті
Месопотамия ойпатының оңтүстігінде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген. Аккадтар шамамен — біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Ерте әулеттік үлгідегі соңғы билеуші Лагашпен көршілес Умманың, кейіннен Уруктың билеушісі болған Лугальзагисси еді. Аккад патшасы Ежелгі Саргонға Умма, Урук пен Лагашты және Шумердің басқа да тәуелсіз мемлекеттерін бағындырудың сәті түсті. Ол Месопотамияда “дүниенің 4 мемлекеті патшалығын” (Аккад әулеті, б.з.б. 24 – 22 ғ.) құрды. Бұл мемлекет таулық кутий тайпаларының соққысынан құлады. біздің заманымыздан бұрын 22 ғ-дың соңында кутийлерді Урук патшасы Утухенгалем талқандады. Ол қайтыс болғаннан кейін билік Урдың ІІІ әулеті және “Шумер мен Аккад патшалығының” негізін салушы Ур-Наммға көшті. Бұл мемлекет аса көп шенеуніктер мен бақылаушылар аппаратымен басқаратын алып патшалық иеліктерге негізделді. Ондағы қызметшілер іс жүзінде құлдық жағдайға жеткізілді. Соның салдарынан қауымдардың шаруашылық, саяси және мәдени өмірі құлдырап кетті. Урдың ІІІ әулеті кезінде құдайлардың храмдары бір үлгіге келтірілді, патшалар көздерінің тірісінде құдайлармен теңестіріле бастады. біздің заманымыздан бұрын 2000 жылдар шамасында Урдың ІІІ әулеті батыс семит тайпалары – амориттер мен таулықтар – эламиттердің соққысынан құлады. Шумердің бұдан кейінгі тарихы Вавилон тарихымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет