Алғашқы әскери даярлық пәнінен 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы



бет1/2
Дата17.04.2017
өлшемі174.43 Kb.
түріСабақ
  1   2



Алғашқы әскери даярлық пәнінен

10 сыныпқа арналған

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Магнитті азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұстары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.

АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: А.Молдабеков

2015-2016 оқу жылы
«Бекітемін» Мектеп-гимназиясы директоры

__________Ө.Р.Табынчаев

«_____»____________2015жыл

Алғашқы әскери дайындық пәні

САБАҚ ЖОСПАРЫ №23

.




Сабақтың тақырыбы: Магнитті азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұстары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азимут бойынша қозғалыс жасауды

үйрету. Оқушыларды бағыт бағдар алуға үйрету.



Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД кабнеті

Өтілетін күні: 0 «А» сыныбы ______________ 2015жыл

Көрнекілік құралдар: Құлабыз, АӘД оқулығы.
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Әскери топография нені зерделейді?

  • Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?

  • Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?

  • Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?

  • Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Азимут бойынша қозғалыс.



Азимут бойынша қозғалыс.

Азимут туралы түсінік.

Азимут дегеніміз – берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут (М) болып табылады. Магниттік меридианды жергілікті жерде бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерін солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен көрсетіледі.
А=М+(+ - б).Магниттік азимутты анықтау үшін бетпен затқа қарсы тұрып, меңзерді тежеуіштен босатып, құлабызды бағыттау керек (құлабызды бұрып, меңзердің солтүстік ұшын лимб нөлдің бөлік белгісіне сыйыстыру). Құлабызды бағытталған қалпында ұстап, қақпақты бұрап, ойықты-қарауылды берілген бағытта нысана бойынша кезейді (құлабыздың нысана бойын затқа сыйыстыру көзқарасты көп қайтара нысана бойын затқа кейін ауыстырумен қол жеткізіледі) осылай түзу азимут анықталады, яғни жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен, қандай болмасын, басқа нүктеге азимуттың бағытталуы.
Кері азимут – ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180град айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180градустан кіші болса алынады.

Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы – ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады.

Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.
Азимут бойынша жылжу.

Азимут бойынша жылжудың мәні – құлабыз көмегімен жергілікті жерде берілген азимут бойынша керекті бағыт таба білуден, жылжуда осы бағытты ұстап белгіленген пунктке шығудан тұрады.



Каталог: uploads -> doc -> 08fb
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08fb -> Сабақ жоспары Матаева Айнагуль Сергазиновна
08fb -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан парламенті. Қазақстан Республикасының Президенті. Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар, топпен жұмыс
08fb -> Сабақ тақырыбы: Күкірт қышқылы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет