Алғашқы құрлық жәндіктері өрмекшітәріздестердің морфологиясы



бет2/4
Дата11.11.2023
өлшемі3,04 Mb.
#190972
1   2   3   4
Байланысты:
зоо
ИКТ тесты 150 50 1 семестр 2020 2021 жауабы мен 2

Бас көкіректе алты жұп аяқ-қолдар болады. Аяқ қолдар өспеген бос жері бас көкіректің бетіндегі екі қалқанша болып саналады үлкен аралық қалқанша бас-көкіректі жоғары жағынан, ілгері жағынан бүйірлерінен және аздап артқы жағынан жауып тұрады. Арқалық қалқаншаның алқалық беті мен ілгері жақтағы бетінің шекараларында да көлденең қатар болып сегіз жай көздер жатады. Арқалық қалқанша сегменттелмеген. Бас көкіректің астыңғы жағынан сопақ қалқанша төстабан жауып тұрады. Төстабаны да сегменттелген. Бас – көкіректің алты сегментінің бірігіп тұтасып кеткендігін, тек бірінен соң бірі жатқан аяқтардың алты жұбынан ғана байқауға болады.

Ас қорыту органдары

Кресті өрмекшінің ішектерінен үш бөлімді ажыратуға болады: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек бөлімі. Алдыңғы ішектері қысқалау, ал ортаңғы ішек - өте күшті дамыған және өзінің түрлі тармақтарымен іштің көп жерін алып жатады. Алдыңғы ішекті екі бөлімшесі де кутикуламен астарланған және олардың ішкі қуысын керетін радиациальды бұлшық еті бар. Жұтқыншақ орталық нерв жүйесін тесіп өтеді. Сол бағытында артқа кетіп, сорғыш қарынға барып құяды. Сорғыш қарыннан кейін сәл кеңірек ортаңғы ішек басталады – яғни бұның бас көкірекпен қарынға өзінен шығарып тұйық тармақтар жіберетін жері жатады. Бұл тармақтар бас-көкіректің ішімен аяқтарға барып, олардан кейін қарай бұрылып, төс табандағы орталық нерв жүйесінің астыңғы жағынан келіп тұйықталып аяқталады. Сабақша арқылы ортаңғы ішек құрсақ ішіне өтеді. Бұл тармақтар, өздерінің секрет шығару әрекетімен қатар, сору ролін де атқарады, ортаңғы ішектің негізгі каналы тәрізді қызмет атқарады. Құрсақтың артқы бөлімінде өрмек сүйелдерінің үстіңгі жағынан ортаңғы ішек қапшық сияқты кең жерге келіп құйылады – бұл жерді ректальдық қуық деп атайды. Бұған өрмекшінің нәжістері жиналады және мальпигий түтіктері арқылы мүшелерде ыдыраған өнімдер келіп түседі. Ректальдық қуықтан кейін тік ішек келеді, бұл – аналь сүйелінің төменгі жағынан келіп аналь тесігі болып сыртқа ашылады.

Қан айналу жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет