Алғашқы топырақ туралы білімнің жүйеге келтіріліп сипатталуы біздің дәуірге дейінгі VIII ғасырымен біздің дәуірдің III ғасыры аралығында Грек-Рим цивилизациясы кезінде басталды



Дата31.01.2022
өлшемі17,27 Kb.
#116634
Байланысты:
Топырақ туралы алғашқы білім
3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!

Топырақ туралы алғашқы білімнің дами бастауы өте ерте заманнан, жер бетінде адамдардың егіншілікпен шұғылдана бастаған уақытымен сәйкес басталып, одан кейін егіншілік туралы білімнің әрі қарай дами түсуімен байланысты болып отырды. Бірақ ертеде көптеген уақыт бойы адамдар топырақ туралы тек қана жекелеген мағлұматтар жинап, оның қасиеттеріне бақылау ғана жүргізіп отырды.

Алғашқы топырақ туралы білімнің жүйеге келтіріліп сипатталуы біздің дәуірге дейінгі VIII ғасырымен біздің дәуірдің III ғасыры аралығында Грек–Рим цивилизациясы кезінде басталды. Осы кезеңде топырақ туралы көптеген мағлұматтар жиналып гректің, Римнің ғұлама, ойшыл философтарының трактаттарында баяндалды. Әр жер ауданында дамыған топырақтардың ерекшеліктері туралы, оларды түрлі егіншілік жүйесінде пайдалану жөнінде ой толғап, топырақты топтарға жіктеудің алғашқы талпынысы жасалды. Әсірісе Рим ойшылдары Катонның, Варронның, Вергилийдің және Колумелланың еңбектері – (трактаттары) кең қауымға белгілі болды. Солардың ішінде Колумелланың жазған дүние жүзіндегі бірінші ауыл шаруашылық энциклопедиясы – «Ауыл шаруашылығы туралы трактат» атты еңбегінде ол топырақтың құнарлылығы жөнінде, оны топтарға жіктеу, топырақты өңдеп-баптау, тыңайту мәселелері хақында мол мағлұмат берді.

Жаңа дәуірдің XVI-XVII ғасырлары аралығында феодалдық заманның салық жинау жүйесін үйлестіру үшін топыраққа баға беру жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілді. Топырақтың қасиеттерін зерттеу мәселелері осы кезеңде жақсы қолға алынбады, бірақ, әр аймақтың топырақтарын сипаттап оларға баға беру қарқынды жүргізілді. Жер кадастры көптеген елдерде жасалынып қолданылды. Осы кезеңнің аяғына таман топырақ туралы жаңа түсініктер қалыптаса бастады. Өсімдіктердің сумен қоректенуі (Френсис Бекон), топырақтан өсімдіктердің тұздарды сіңіруі (Бернар Палисси), табиғаттағы заттар айналымы (Леонардо да Винчи) туралы тұжырымдар айтылды.

Топырақтанудың XVIII ғасырда дамуына неміс ғалымы Н.А.Кюльбельдің «Топырақтың құнарлылығы туралы кітабы» (1740ж.), француз оқымыстысы А.Тюргоның топырақтың құнарлығының кемуі туралы ілімі (1766ж.), швед ғалымы Н.Валериустың топырақтың қарашіріндісін зерттеп, өсімдіктердің қарашіріндімен қоректену ілімін (1761ж.) жазуы және Германияда Ф.Ахардттың шымтезектен сілтілермен шайуы арқылы қарашірінді ерітіндісін алып, оны күкірт қышқылымен тұндырып алуы (1786ж.) еңбектері үлкен үлес қосты.

Осы кезеңде топырақ туралы жазылған жаңа оң пікірлер орыс ғалымдары М.В.Ломоносовтың, П.С.Палластың, И.А.Гюльденштедттің еңбектерінде жарық көрді.

Еуропа егіншілігінде XIX ғасырда капиталистік өндірістік қатынастардың дамуы кезінде топырақтанудың агрогеологиялық және агромәдени-химиялық бағыттары қалыптасып дамыған кезеңі болды.

Агрогеологиялық топырақтану бағытының дамуына неміс ғалымдары Ф.А.Фаллу, К.Шпренгельдің еңбектері үлкен үлес қосты. К.Шпренгельдің 1837 жылы шыққан «Топырақтану немесе топырақ туралы кітап» атты еңбегінде бірінші рет «топырақтану» атауы қолданылды. Бұл кезеңде үлкен жер аймақтарының топырақ карталары жасалынды. Ресейде бірінші рет 1851жылы К.С.Веселовскийдің, екінші рет 1879 жылы В.И.Чаславскийдің басшылығымен топырақ карталары жасалынды.

Топырақтанудың осы дамуы кезеңінде ғалымдар әлі де ескі көзқараста болып, топырақты өлі табиғи геологиялық дене ретінде қарады. Бірақта, осы кезең топырақтанудың ғылыми негізінің қалануына үлкен әсер етті.

Қазіргі топырақтанудың ғылыми генетикалық негізі XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында ұлы табиғат зерттеушісі, орыс ғалымы Василий Васильевич Докучаевтың және оның ізбасарларының қажырлы еңбектерінің арқасында қаланды.

Петербург университетінде 1883 жылы 10 желтоқсан күні В.В.Докучаев ғылым докторы дәрежесін алу үшін жасаған «Орыстың қара топырағы» атты баяндамасын жемісті қорғап шықты. Осы күн қазіргі топырақтану ғылымының дүниеге келген күні болып саналады.

В.В.Докучаевтың ашқан ғылыми жаңалығының басты өзегі -топырақтың жеке ерекше табиғи, тарихи дене екенін көрсетіп дәлелдеуі. Уақыт ағымының қатысуымен тау жыныстарынан ылғалдықтың, ауаның, ағзалардың өзара қарым-қатынасы әсерінен топырақтың пайда болатынын көрсетіп, оның басқа да табиғи денелер сияқты құрылысы, ерекше қасиеттері, жасы, жер бетінде таралу заңдылықтары, топырақтың өз «тіршілігі» бар дене екенін айқындап беруі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет