Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


ІІ тарау.ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет11/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
ІІ тарау.ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТТЕР
§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің манындағы дуниенің сырын танып білу-мен
бірге, өз .денесінің, ішкі дүниесінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесін құпия сырларын ашып білуге
ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен
өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған,
Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік
мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзкарасы қальштасты. Мұндай
көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың
туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда
 
адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.
Адам тіршілігінін негізі — қан айналысына ерекше пән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы сұйықтық
және ондағы құрам деген түсінік калыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з, д. XIII ғасырда де-нені басқарушы
жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде теп бөлек заттармен
қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық кызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік
адамның сөйлеу қабілетін оятьш, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның
сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалык әрекетінің негізгі органы — жүрек, оның аткаратын кызмет
біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінін қалануы, әрбір адам өзінің
даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді
тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дэрігерлері темперамент үш бөлшектеп тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес
нәрселерден өттен және кан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар
бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген: 1) адамның бойында
өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те
17


шапшаң 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, козғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер
жасайды; 3) шырыннын ба-сьшдылығы — кішыл-козғалыстың баяулығын, сабыр-лылықты білдіреді дсп санайды.
Адам организмі жайындаш мұндай пайьшдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылымн түсініктер-ге жол
ашканымен, екінші жағынан, әр түрлі діни на-ным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзкарас-тар^а душар
бол,ц,ы. Дегенмен, психологиялык, және фи-зиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзкарас-тар өзіне
жол тауып, одан әрі дами берді.
Б. з. д. VI ғасырда Ундістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен
буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы
түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп,
жан дүние сырын адамның даралык ерекшелік-теріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар
шындықты таньш білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп
уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларыньщ пікірінше, адамның, өз ішкі дүниееінің сырын меңгеріп, оның даралық
ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан іздестірш білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінек таралған философиялық — діни ойпікір әйгілі ғұлама Ковфуцийдің (б. з, д.
551-—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің
пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары — туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болып
туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын — сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сыртган әсер еткен
зиянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дұниесіне терең бойлап, ақыл-ойының кемелдене түсуіне бой ұрғаны
жөн деп үйретеді.
Крнфуцийдің бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып, ел арасына кецінен жайды.
Адамның тәні мен психикалык тіршілігінде қан айналу процесінін. айрықша манызды қызмет атқаратындығы
туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде
жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасынын дамуы туралы жалпы
заңдылықтардың, бір арнаға келіп құятынын көрсстеді Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты
мәселенін, өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дүниетанымы мен білімінін. философиялық жүйесін, табиғат
жайындағы орынды марғлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі
болғандығын көрсетеді. Міне, осы орай- да, пснхология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәнің практикалық маңызы мен
ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарының түйіскен торабынан
өрбіл шыққандығымен түсіндіреді. Бұл — объективтік шындық және ғылыми тұжырым
18




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет